Аутсайдер Charli XCX-тің батыл альбомы

Гиперпоп жанры туралы бұған дейінгі мақаламызда Charli XCX-тің шығармашылығын қысқаша шолып өттік. Ол Vroom Vroom EP жарық көрген соң осы жанрдың биігіне шықты.

Поп жұлдызы – Чарли 

Чарли – мол табысқа кенелетін трек шығарудың шебері. 2014 жылы «Fancy» мен «Boom Clap» хиттерін шығарды. Ал тоғыз жылдан кейін «Барби» фильмінің саундтрегі болған, көпке белгілі «Speed ​​Drive» әнін жазды. Оның әндері басқа жұлдыздарға да мол табысқа кенелтті. Селена Гоместің «Same Old Love» әннің жазылуына қатысты. Камила Кабелло мен Шон Мендестің «Senorita» әнінің артында да осы – Чарли тұр. 

Өнерпаз трек қана емес, оның бейнеклибі де вайрал болуы үшін не керегін дәл табады. 2017 жылғы «Boys» клибінде біраз келбетті актер, модель мен музыканттың басын қосқан. Оның қатарында Жо Жонас, Виз Халифа мен Will.i.am сияқты танымал өнерпаздар бар. Бұл Charli XCX-тің индустриядағы көп әртіспен тығыз байланыста екенін айғақтап еді. 

Таяуда Чарли «Boys» клибінің баламасы – «360» трегіне бейнебаян шығарды. Бұл жолы сымбатты жігіттерді емес, нағыз it girls шақырылған. Клипке түскендер қатарында танымал актрисалар – Жулия Фокс, Хлои Севиньи мен Рэйчел Сеннотт, модельдер – Алекс Консани мен Габриетт, блогер Эмма Чемберлен мен тағы бірнеше it-girls бар.  

«360» – Чарлидің «BRAT» альбомының синглы. Бұл ән коммерциялық тұрғыдан да сәтті шықты. Әуен жалықтырмайды, қайырмасы тартымды.

 

Шетте тұрған Чарли

«Жаратын» поп-ән шығаруға қабілеті жетіп тұрса да, Чарлидің көздегені атақ қана емес еді. Әйтпесе Dua Lipa, Ариана Грандемен бірдей танымал боламын десе, оған оп-оңай қол жеткізер еді. Бірақ Чарли туындылары шығармашылық тұрғыдан өзіне де қызық болғанын қалайды. Осы көзқарасының әсерінен ол ерікті түрде аутсайдерге айналды. Мұнысын «Famous but not quite» деп өзі де «I might say something stupid» атты әнінде мойындайды. 

«Fancy» қатты танылып, осы тректің арқасында танымалдыққа қол жеткізу мүмкіндігі пайда болғанда Чарли шығармашылығы үшін тағдыршешті таңдау жасады. Ол әйгілі ән әкелген атақты пайдаланып қалатын әдеттегі әртістің жолын таңдаған жоқ. Гиперпоп жанрының көшін бастап, өз креативінен ләззат алатын ұзақ жолға түсті.

Атақты, бірақ аты беймәлім жұлдыз образы 2010 жылдардың аяғында таңсық көрінсе, заманауи интернет мәдениетінде бұл – қалыпты құбылыс. Spotify-да Чарлиді ай сайын тыңдайтындар саны 15,4 миллионнан асады. Көптің ығына жығылмайтын әртіс үшін аз аудитория емес. Әрине, көп күш жұмсап, көш басындағы әртістермен жарысуына болар еді, бірақ Чарлидің ұстанымы басқа екенін жоғарыда жаздық.

Жүректен шыққан сөз

Бірақ Чарли cool girl имижінен бас тартты. Мүлтіксіз музыка жазғанына қарамастан, «BRAT» альбомына дейін Чарли ішкі сезімдері мен ой-толғамдарын әніне қоспайтын. Әндерінен оны той-думанды жақсы көретін бойжеткен деп қана білетінбіз. Бірақ биік өкшелі туфлиден түскен, опа-далапсыз Чарлидің шынайы бейнесі жұмбақ қалатын еді. 

Осы тұста жаңа альбомындағы «Sympathy is a knife» трегі Чарлиді адам ретінде тани түсуімізге әсер етті. Чарли бұл әнде бойында сенімсіздік пен басқаларға қызғанышпен қарайтын қасиет бар екенін, бір кездері өзіне қол салғысы келгенін айтады. «Apple» трегі көңілді ырғағына қарамастан, терең мәселеге емеурін жасағандай. Чарли онда «Алма өзегіне дейін шіріп кеткен» дейді. Бірақ ата-анасымен арасында әлі де шиеленіс барын айтты ма, не басқа нәрсені меңзеді ме – беймәлім. Әйтеуір ағаш пен алма – сәтті метафора. Себебі мәселені шешу үшін әуелі оны мойындау керек. 

«So I» – еріксіз жылататын ән. Бұл трек – марқұм Sophie-ді аза тұту. Ән жоғары тонды синтезбен жазылған. Чарли тректе өзінің ән жазуына Софи әлі күнге дейін қалай әсер етіп отырғанын айтады. Расымен, Софи гиперпоп қозғалысы мен Чарлидің өнеріне қатты әсер етті. Кейбір тыңдарман Чарлидің жанында продюссері Софи болмаса, өзі дені дұрыс ән жаза алмайды деп сынаған еді. Бос сөз, әрине. 

«I think about it all the time» – тосынсый трек. Жүктілік туралы ән айтатын әртіс аз. Отбасы құру туралы трек Чарлиді әйел ретінде қазір қандай кезеңді бастан өткеріп жатқанын көрсетеді. Тақырыбы салмақты болғанымен, әуен жеңіл. Маңызды мәселені еріксіз билетіп жіберетін әнмен талқылау – Чарли шығармашылығының бір ерекшелігі. 

 

Charli, so confusing! 

Альбомдағы «Girl, so confusing» трегі – түсініксіз әрі жұмбақ ән. Чарли өзінің mean girl образын әдейі қалыптастырды демес едім. Бірақ өзін it girl ретінде көрсеткісі келетіні рас. «360» – соның дәлелі. Сәнді де қысқа Diesel юбка киіп, басқалардың ойы еш маңызды емесі жайлы ән шырқау – Charli XCX-тің әдеті. 

«Girl, so confusing!» – Чарли мен тағы бір әншінің арасындағы шиеленістен туындаған ән. Оның өнердегі басқа қыздармен жанжалдасқан сәттері жетерлік. Бірде туиттерде альбомының мұқабасын «плагиат» деп айыптаған Marina-мен көптің көзінше керісіп қалған. Сол даудан қалған «this froot looks familiar» сөзі – әлі күнге дейін мем. Әнші досы Rina Sawayama-мен кикілжіңіне де жұрт куә. Чарлидің Камила Кабелломен де арасы суып кеткен деген әңгіме бар.

«Girl, so confusing!» трегі Чарлиді жасырын түрде көре алмайтын қызға арналған. Әнде музыка индустриясындағы басқа әйелдермен достық қарым-қатынаста болу туралы, girl`s girl болуды міндеттейтін тенденция Чарлиге қалай әсер етіп жатқаны жайлы айтылады.

Тректі «Speed ​​Drive» әнінінің «зұлым нұсқасы» деуге болады. Чарлидің бұл ән кім туралы екенін нақты айтпай, фанаттардың негізсіз болжамына жол беріп қойғаны өзіме ұнаған жоқ. Дыбыс пен тақырыбы альбомға сай болғанымен, бұл трек мазмұнды талқы емес, өсек пен дау-жанжал ғана қана тудыратыны сөзсіз. Бәрін ашық айтса не астарын жанама білдірсе, әнді плейлисіме қосар едім. Бірақ қазіргі күйінде тректі альбомға промоушн жасаудың амалы деп қана түсініп отырмын.

Қорытынды 

Бұл альбомның ерекшелігі – алуан түрлі сезім тудыратын әуен мен астарлы ой. 2008 жылдан кейінгі клуб әндері ырғағының элементтері бар, заманауи туынды. Альбом Чарлидің болмысын аша түскен шынайы еңбек болғанымен, «360», «mean girls» және «von dutch» сияқты тректерден «ескі Чарли» қылаң береді. Әнші клуб классика атануға әбден лайық әндер жазумен қатар, өзін культ классикасы деп те санайды. Чарли осы концепцияның бәрін аша алмаса, әр тақырыптың басын бір шалған альбом шығар еді. Бірақ өзіне ғана тән үйлесімді дыбыс арқылы өнерпаз бүкіл тректің басын шебер қосып отыр.

Бұл туынды біз өмір сүріп жатқан кезеңге әбден лайық. Әлеуметтік желідегі әр контент сайын эмоционал сілкініс өткереміз. Краудфандиңке сілтемесі бар қайғылы оқиға, күлкілі мем мен ашуыңды келтіретін жанжал бірінен соң бірі алдымыздан шығып, есті шығарады. Күрделі, агрессив дыбысы бар, интим тақырыптар көтерілетін «BRAT» альбомын тыңдағанда да тап осындай күй кешесіз. 

Charli XCX біраз уақыт бойы шетте жүретін әнші көрінді. 2024 жылғы жаңа туындысы оны өзекті әртістің біріне айналдырды. Сыншылардың ең міншілі Pitchfork те альбомды керемет деп бағалап, 10-нан 8.6 балл қойды. Бұл – Бейонсенің жаңа альбомынан кейін биыл берілген ең жоғары баға. Желіде альбомдағы әр трек хитке айналып келеді. Релиз жаздың басында жасалғаны да сәтті болды. Демек стрим аз болмайды. «BRAT»Charli XCX-тің бұрынғы жұмыстарындағы кемшіліктерді ескерген, оны әртіс ретінде де, адам ретінде де батыл етіп көрсеткен әрі коммерция тұрғысынан да табысты шығарма.

 

Post Scriptum. Brat and it’s the same but there’s three more songs so it’s not

Альбом айналысындағы талқы басылды-ау деп едім. Бірақ Чарли бикеш альбомды үш трекпен толықтырып, тыңдарманды тағы бір шулатып алды. Промо кезінде айтылған, бірақ альбомға қосылмаған әндер стримиң платформаларға альбом тректері ретінде жарияланды. Онысы дұрыс болған сияқты. Наурызда өткен Boiler Room кешіндегі әндер альбомға енбей қалғанда біраз жанкүйер өкініп еді.

Әлдеқашан шығып қойған альбомды жаңарта салғанның сөкеттігі жоқ. Өзім оны тіпті дұрыс әрі батыл әрекет деп санаймын. Желіде ескі оймен бүгінгі талқыға үн қосу қалыпты нәрсеге айналды. Көп әлеуметтік желі жазбалар мен мәтіндерді өшіріп тастауға, өңдеуге, өзгертуге мүмкіндік береді. Ал альбомды өңдегеннің несі айып? Әндер альбом концептіне әдемі үйлесіп кетті. Чарлидің альбомын қосып қойып, үш әнге ұзағырақ билейтін болдық.  

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Oлимпийский гид: главные герои и самыe громкие интриги Пaрижа-2024
Культура
Oлимпийский гид: главные герои и самыe громкие интриги Пaрижа-2024
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Культура
#музыка
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
Город
#события
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
Культура
#кино
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
Культура
#кино
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории