Неміс экспрессионизмі бүгінгі киноға қалай әсер етеді?

«trcman» зерттеу тобы мен QYZQARAS бірлестігі, әлемдік кино классикасына қазақша субтитр дайындау бойынша ортақ жұмысын бастамақ.

Жергілікті кино мамандарымен біріге ХХ ғасырдың ең таңдаулы фильмдер тізімін жасауды ұйғардық. Біз үшін еуропа және америка режиссерлерінің туындыларымен шектеліп қалмай, тізімге басқа да аймақтардың фильмдерін енгізу маңызды; сонымен қатар, ерлер ғана емес, әйелдердің де шығармашылығын көрсету қажетті. Келесі жылдан бастап 1920-1960 жж. аралығындағы фильмдердің субтитрімен жұмыс істейтін боламыз. Ай сайын 98mag-тa кино тарихы жайлы материал шығады. Іріктеуден алынған фильмдерді субтитр файлымен жарияламақпыз. Жобамыз неміс экспрессионизмі мен «Доктор Калинари кабинеті» фильмінен бастау алады. Көрсетілім жақсы өтуіне тілектеспіз!

Неміс экспрессионизмі – кино тарихындағы алғашқы ірі көркем қозғалыстардың бірі. Сол кездегі фильмдер әлемге танылып синефилдер арасында мәдени іргесі биік фильмдердің атағын алды. Дегенмен, бұл қозғалыстың әсері ондаған ұлы картинаның тізімінен әлдеқайда кең. Осылайша неміс экспрессионизмі кинодағы бірнеше жанрдың бастауында тұрды. Ал 1920 жылдары Германияда пайда болған визуал әдістерді ұлы режиссерлер әлі күнге дейін қолдануда.

Кинода неміс экспрессионизмі соншалықты маңызды қозғалысқа айналуына не себеп болған? Киносыншы, Ораз Керейбаев, қозғалыстың осы және басқа да маңызды тұстары туралы баяндайды.

Тарихи контекст

Неміс экспрессионизмін талқыламас бұрын, әуелі қозғалыстың шығу тарихы контекстін айтып кету керек.

Академиктер неміс экспрессионизмінің бастауын 1920 жылы Decla-Bioscop AG шағын студиясының «Доктор Калигари кабинетін» жарыққа шығаруынан есептейді. Елде кайзер заманындағы монархия орнын тұңғыш рет Веймар республикасы түрінде басқан парламенттік басқару формасы пайда болды. Бұл  Германияның соғыстан кейінгі алғашқы жылдары еді. Алайда, жаңа режим Германия үшін экономика тұсынан қысылтаяң кезеңге түсті. Сондықтан 1919-1923 жылдар арасында үкімет гиперинфляция, радикализм күшеюі және үкіметті құлату әрекеттерімен күресті.

Германия І Дүниежүзілік соғыста жеңілген мемлекет. Ол зардап шеккен тараптарға репарация төлеуге, сондай-ақ ішкі мәселелерін шешуге мәжбүр болды. Неміс халқының көбі үшін бұл қалып мораль рухын бұзды. ІІ Дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелген себептердің бірі ретінде саясаттанушылар І Дүниежүзілік соғысындағы жеңіліс пен нәтижесінде шыққан экономикалық дағдарысты жиі атайды.

Веймар республикасының киносы туралы айтатын болсақ, ол І Дүниежүзілік соғыстың сұмдығын пайымдап, жеңілістің салдарына деген наразылықты бойлай алды. Осының бәрі, әдейі күңгірт реңктері мен реалистік емес сет-дизайны бар, әрі билік пен құбыжықтар тақырыбын зерттейтін неміс экспрессионизмінің шығуына әкелді.

Экспрессионизм дегеніміз не?

«Экспрессионизм» термині кинодан бөлек әлдеқайда бұрын қолданымға енген түсінік. Экспрессионизм – ХХ ғасырдың басында танымалдылық шыңына жеткен өнердегі модернистік еуропалық қозғалыс. Жалпы, оны І Дүниежүзілік соғыс сұмдығына реакция ретінде түсіндіреді.

Экспрессионизм идеясы – шындықты автордың субъектив  қабылдауында көрсету. Яғни, экспрессионизм еңбектері объектив шынайылықты емес, кейіпкердің бұл шынайылықты қалай елестестейтінін көрсетеді. Тіпті латын тілінен «экспресс» сөзінің  «бастыру» деген аудармасын «экс» – сыртқа және «пресс» деп бөлуге келеді. Нәтижесінде, экспрессионизм қоршаған ортаны өзгерту үшін көңіл-күйді сыртқа бастыру деп түсіндірілген. 

Жиі экспрессионизм элементіне шынайы емес сызықтар, түстер, контрасттар мен түрлі пішіндерді жатқызады. Мұның бәрі кейіпкердің эмоционал күйін жеткізу мақсатында қолданылады. Айрықша көрінісі, мысалы, Эдвард Мунктің «Айқай» шығармасында – айқайлаған кейіпкердің бүкіл ортасы, пішіні оның жағдайына бейімделеді.

Кинода экспрессионизм қалай көрінеді

Нақты үлгілер арқылы неміс экспрессионизмі туралы айту қисынды болар. «Доктор Калигари кабинетін» қарастырсақ, назар бірден фильмнің сет-дизайнына ауады. Картина толығымен дерлік павильондарда, бұрмаланған жолдар, көшелер мен үйлері шынайы емес декорация фонында түсірілген. Көрермен барлық жерде пропорционал емес көзге тигіш геометриялық пішіндерді байқай алады. Тіпті жерге шамнан түскен жарық суретке салынған. 

Фильмдегі кейіпкерлердің бірі Чезаре де анормаль формасында, қоршаған декорацияға жиі үндескен қара киімімен есте қалады. Осылай қоршаған орта – кейіпкерлер денесінің жалғасы сияқты. Бұл фильм плакаттарының бірінде өте анық көрінген, онда Жейн денесі жерде жатыр, ал оның аяғы жолмен бірлескен.


Әрине, әрбір неміс экспрессионизм картинасы тек шынайы емес геометриялық пішіндермен жұмыс істемейді. Кейбірі, мәселен, «Носферату. Қорқыныш симфониясы» (1922) костюм дизайнына, макияжға, кейіпкер мимикасына, жарық контрастына назар аударған.

Неміс экспрессионизмінің режиссерлері жиі қолданатын әдістерінің бірі – «Голланд бұрышы». Ол Deutsch пен Dutch сөзінің дыбыс ұқсастығынан кино терминологиясына қате атауда енген.

Негізгі тақырыптар

Тақырыптар бойынша сол кезеңнің фильмдері ықпалды, күшті адамды әлсіз топқа жиі қарсы қойып, билік табиғатын талдауға тырысты. ІІ Дүниежүзілік соғыс арасында Германия кинематографиясын сипаттаған Зигфрид Кракауэрдің пікірінше неміс экспрессионизмі елдің ұжымдық қорқынышының бейсаналы бейнесіне айналды. Сөйтіп, «Доктор Калигари кабинетін» жасаушылары билік ақылсыздығы мен билеуші ​​адамдардың бұқара санасын манипуляциялау қабілеті туралы айтты. Калигари іспеттес сомнамбула Чезарені өз қылмыстары үшін пайдаланған. Осыған ұқсас идеяларды сол кездегі басқа да шығармаларда, мәселен, «Голем» (1920), «Носферату» және «Соңғы адамнан» (1924) табуға болады.

Неміс экспрессионизмі І Дүниежүзілік соғыстың қирандыларынан шығып, әлем кинематографиясына бірнеше ұлы туынды берген. Бірақ бағыт өте тез жоғалып, кәдімгі неміс фильмдеріне жол берді. Нәтижесінде, Адольф Гитлердің билікке келуіненен сол шақтағы танымал режиссерлер елден кетуге мәжбүр болған. Ал неміс киносы пропаганда машинасына айналды.

Дегенмен, неміс экспрессионизмі бірнеше шулы картинаны шығарудан да әлдеқайда көп нәрсе жасады. Осы бағытқа сүйене, келешекте, құбыжыққа ұқсаған кейіпкерлері де, ерекше эстетиканы да ұстанған Америкада нуар мен хоррор жанры дамыды. Мұнда «Дракула» (1931) және «Франкенштейн» (1931) Universal құбыжықтарын, сондай-ақ «Үшінші адам» (1949) және «Зұлым тиюін» (1958) еске түсіре аламыз.

Осыған қоса, ағайынды Коэн, Тим Бёртон, Гильермо дель Торо және Терри Гиллиам сияқты ондаған режиссер неміс экспрессионизм картиналарынан шабыт алды. Ақыры, экспрессионизм әдістерін жұмыстарына аударған ең көрнекті кино қоюшыларының бірі, 2019 жылы «Шамшырақты» түсірген Роберт Эггерс. Осы қыстың өзінде, 1922 жылғы неміс фильмінің ремейкі, жаңа «Носферату» картинасын әлемге көрсете отырып, Эггерс осы бағытқа деген сүйіспеншілігін толық көрсетеді. Қысқасы, бұл әйгілі фильмнің алғашқы ремейкі емес, оны 1979 жылы Вернор Херцог қайта түсірген. Сондықтан, қысқа өміріне қарамастан, неміс экспрессионизмі бүгінге дейін авторларға әсерін тигізді, ал осыдан жүз жыл бұрын экранда көрсетілген оқиғалар бүгінгі кинода жаңа дем табады. 

Friedrich-Wilhelm-Murnau-Stiftung фильмнің қалпына келтірілген 4K нұсқасын жүзеге асырған. Ол үшін бұл субтитрлер даярланды. Субтитрлері дайындалған, қалпына келтірілген нұсқаның ұзақтығы – 1 сағат 17 минут. Субтитр файлын коммерциялық емес мақсаттарда пайдалана аласыз.

ДОКТОР КАЛИГАРИ КАБИНЕТІ Download

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Almaty Pop Up Store: 11 лет любимой ярмарке алматинцев
Город
#события
Almaty Pop Up Store: 11 лет любимой ярмарке алматинцев
Moldanazar выпустил трек, записанный на легендарной студии AIR Studios
Культура
#музыка
Moldanazar выпустил трек, записанный на легендарной студии AIR Studios
Казахстанское агентство GForce Grey выиграло престижную премию Epica
Бизнес
Казахстанское агентство GForce Grey выиграло престижную премию Epica
Как прошёл фестиваль Tabiğat Labs в Алматы
Город
#события
Как прошёл фестиваль Tabiğat Labs в Алматы
О женщинах. Ноябрьские выставки в Доме на Барибаева
Город
#события
О женщинах. Ноябрьские выставки в Доме на Барибаева