Doechii-дің жаңа микстейпін неге тыңдауымыз керек?

Таяуда рэпер Doechii жаңа мисктейпін шығарды. Өзін «Батпақ ханшайымы» деп атайтын флоридалық өнерпаздың тректері несімен ерекше? ‘98mag авторы Әлима Әміралина Doechii-дің шығармашылығына үңіліп көрді.

Мақаланың мұқаба фотосы: John Jay

Жейлаға жеті өнер де аз

Doechii — америкалық әнші, рэпер. Шын аты — Жейла Хикмон. Мектепте черлидер, биші, театр актрисасы әрі хор мүшесі болған. Тұнып тұрған талант дерсіз! Поэзия мен рэпке де қызыққан. Бірақ шығармашылық жолын университетте бір апта да оқымай, шығып кеткен соң бастады.

Doechii — selfmade әртіс. Бір сұхбатында «Көп кітап сатып алып, музыка жазуды солардан үйрендім. YouTube-тан қалай ән жазу керегін көріп, тәжірибе жасап, өзімді іздеумен болдым» дейді.

Оның 2019 жылы жарық көрген «Coven Music Session, Vol. 1» атты алғашқы микстейпі альбомнан гөрі қысқа тректер жүктелген жинаққа ұқсап қалды. Бірақ Doechii-дің ерекше рэп орындау шеберлігін осы жұмыстан-ақ байқалды.

TikTok хиті

TikTok талантты әртіс пен тың музыканы танытудың таптырмас орнына айналды. Бұл желінің пайдасын Doechii де көрді.

2020 жылы Жейла «Oh The Places You’ll Go» атты екінші микстейпін жарыққа шығарды. Оның ішіндегі «Yucky Blucky Fruitcake» әні вирус дыбысқа айналды. TikTok қолданушылары бұл тректі мектеп кезіндегі суреті мен қазіргі келбетін салыстыратын трендке қолданып, ән желіні жарды.

Мұдан соң Doechii-ға лейблдардан серіктес болу туралы ұсыныс қарша борады. Жейла SZA мен Кендрик Ламарды танытқан Top Dawg Entertainment-ті таңдады.

Чартқа алғаш шығуы

Артынша Doechii әнші SZA-мен бірге ремикс нұсқасы бар «Persuasive» және «Crazy» сияқты синглдарды бірінен соң бірін шығарды. Шыққан әннің бәрі ырғақты клуб музыкасы болғанымен, ешбірі топ чарттан көрінбеді. Чартқа шығу әртістің танымалдығы мен талантының көрінісі іспеттес еді.

2023 жылы Doechii «What It Is» R&B әнін шығарды. Бұл сингл Doechii-ді алғаш рет чартқа кіргізіп қана қоймай, платинаға жазылған әнге айналды. Сол жылы Жейла Billboard Women in Music журналының «Жаңа туған жұлдыз» номинациясын иеленіп, MTV Video Music Awards, BET Award, Soul Train Music Awards жүлделеріне ұсынылды.

Бұл әннен Doechii қажет болса, бәріне сөзсіз ұнайтын поп ән де жаза алатынын көрдік. «Persuasive» болрум стиліндегі хайп әні болды. «What It Is» классик R&B әндерімен үндес шықты. Ал «Alter Ego» треп, хаус мен карнавал музыкасының коктейлі дерсіз. «Pacer» Doechii-дің ең агрессив болмысын танытты.

Осылайша Жейла қысқа формадағы музыканың шеберіне айналды. Ал ұзақ форма ше?

Альбомға талдау

Doechii-дің дебют альбомы туралы әңгіме бір жыл бұрын шыға бастады. Треклист фотосы да интернетте жүрген. Бірақ бір жыл ішінде жоба өзгеріп кеткен сияқты.

Біріншіден, дебют альбом микстейпке айналып кетіпті. Әртүрлі дереккөздерде бұл жұмыс дебют альбом деп аталса да, әртістің өз сайтында микстейп ретінде көрсетіледі.

Қалай аталса да, бұл — Doechii-дің ұзақ формада алғаш шығарған жұмысы. Оған дейінгі жинақтарда көп дегенде 5-6 трек болатын.

Жұмыстың бірінші бөлігі — интроспектив. Doechii өзінің есірткіге тәуелдігі, сенімсіздігі мен алдап кеткен жігіті туралы айтады. Осыдан кейін шарықтау шегіне жетеді. «WAIT» деген трегі үлкен әпкенің ақылындай естілетін баяу ән болса, «PROFIT» — қоғамдағы көп нәрсеге наразы, мәселен, табысты болуың керек деген таптаурын ойдан шаршаған адамның әңгімесі.

«BOOM CLAP» трегін қоссаңыз, альбомның негізгі әні осы екенін бірден аңғарасыз. Бұл трек — Doechii рэп айта алмайды деген сынға өткір жауап. Жейла музыка индустриясының ешбір ережесіне бағынбайтынын, лейблға, тыңдарманына не сынайтындарға жалтақтамай, музыканы өзі қалағандай етіп жазатынын айтады.

Бұдан кейін «NISSAN ALTIMA» және «GTFO» сияқты бірнеше көңілді де ырғақты ән бар. Артынша баяу да секси R&B тректер естіледі. Альбом «ALLIGATOR BITES NEVER HEAL» деген әдемі меланхолик аутромен аяқталады.

«ALLIGATOR BITES NEVER HEAL» альбомның әлсіз тұстары да бар. Мәселен, «STANKA POOH» трегіндегі «Мен саған түскі асқа асыққан семіз баладай жүгіремін» деген тіркесі кәсіби әртістен гөрі жасөспірімнің рэпіне тән тіркес сияқты. Ал Фрэнк Оушенге сілтеме жасайтын «FIREFLIES» трегін кеңейтіп, толықтай жаңа әрі ұзақ R&B трекке айналдыруға болар еді.

Өнерге ынтық әртіс

Дегенмен Doechii-дің әр трегінен оның өнерге аш, ынтық адам екені көрінеді. Әрбірінде жаңа стиль, жаңа көзқарас, жаңа ырғақ, жаңа ағым, жаңа тақырып — Жейла тың нәрсемен таңқалдырудан танбай келеді. Дауысының бар мүмкіндігін қолданады. Төмен десең төмен айтады, жоғары дауыс сұрасаң да еш қиналмайды. Рэп айту ырғағы да бірде тез, бірде баяу — екеуі де өзіне жарасады.

Адам жетістікке жеткен сайын тәуекелден тартынып тұратын болады. Табысқа жетіп, тыңдарман мен сыншылардың қолдауына ие болған әртістің де өнерге ынтығы басылып, тоқмейілсіп кететіні бар. Өз деңгейінде альбом жазып, комфорт зонасында қалу мүмкіндігі болса да, амбициясы мен талабы зор өнерпаздың туындылары өзіме көбірек ұнайды.

Осы тұрғыдан Жейланың жинағы — үлкен еңбек. Doechii бұрынғы синглдарының басын қосып, бірнеше филлер әнмен толықтырып, «мінекей, микстейпім, тыңдаңдар» десе де болар еді. Тіпті ондай альбомына да құтты болсын айтар едік. Бірақ Жейла оңай жолмен жүретін әртіс емес.

Өнер жасаймын деп өнермен айналысу шығармашылықты өлтіреді. Ал Doechii-дің жаңа микстейпінен оның өнерге деген шынайы махаббаты мен қызығушылығы есіп тұр. Өзі бір әнінде айтпақшы, мақсаты — табысты болу. Бірақ Құдайы өнер екенін ұмытпайды.

Мақала ішінде фото: BET үшін Paras Griffin/Getty Images, John Jay, The Face үшін Chris Parsons.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Краткий гайд по казахстанской литературе: тренды, сообщества и интернет
Ликбез
#общество
Краткий гайд по казахстанской литературе: тренды, сообщества и интернет
Почему мюзиклы важны и как они помогают видеть романтику в рутине
Культура
#кино
Почему мюзиклы важны и как они помогают видеть романтику в рутине
Gorilla Style Wars возвращается с ярким финалом и звёздными гостями
Город
#события
Gorilla Style Wars возвращается с ярким финалом и звёздными гостями
«Қызды ұлдан кем көрмеңдер!» «Айқап» әйелдер туралы не жазды?
Ликбез
«Қызды ұлдан кем көрмеңдер!» «Айқап» әйелдер туралы не жазды?
В Алматы прошёл мастер-класс по национальной кухне
Ликбез
#общество
В Алматы прошёл мастер-класс по национальной кухне