«Can This Love Be Translated?» мақтауға лайық па?

Netflix-те жарық көрген «Can This Love Be Translated?» («Мына махаббатты тәржімалауға бола ма?») дорамасы көрерменді екіге жарды. Бірі оны көркем романтикалық хикая деп қабылдаса, енді бірі психологиялық тұрғыдан ауыр, жанрлық тұрғыдан шиеленіскен туынды дейді. Бір қарағанда, бұл бірнеше тіл білетін аудармашы мен танымал актрисаның сезімі туралы кезекті махаббат оқиғасы сияқты. Бірақ картина адамдарға бір-бірін ұғу үшін ең керегі ортақ тіл емесін көрсетті. ’98mag журналының авторы Ақдидар Әбдімәулен дораманы талдап шықты.

Қысқаша айтқанда

Желідегі жаппай шуға қарап, дорамадан көп күтіп қойдым ба, әлде талғамым басқаша ма — білмеймін. Бірақ мына туынды көңілімнен шыққан жоқ.

Ортасына келгенде сценарийі бойынша сұрақ үстіне сұрақ туып, уақыт өтпей қойды. Сөйтсем кейіпкерлердің бір-бірін түсіне алмай, сезімдерін созып кететіні мен сияқты біраз адамды шаршатып жіберген екен. Шыдамай, ортасынан тастап кеткендер барын кейін көрдім. Сценарийі шикі болса да, оқиғаның қалай аяқталатынын көру үшін (әрі мақала жазуым керек болған соң) соңына дейін шыдап бақтым. 

Қысқаша айтқанда — осы. Нақты не ұнамағанын жазғанда аздаған спойлер жасауға мәжбүр болғанымды ескертіп қояйын. Дораманы көремін деп жүрсеңіз, артынша маған ренжіп жүрмеңіз.

Сюжет

Джу Хо Джин (Ким Сон Хо) — бірнеше тілді жетік меңгерген кәсіби деңгейдегі аудармашы. Жапонияға сапары кезінде қалың көпшілікке таныла қоймаған актриса Ча Му Химен (Го Юн Джон) кездейсоқ жолығады. Бұл таныстық ұзаққа созылмай, әркім өз жолымен кетеді. Бірақ махаббат хикаясы осы сәттен басталады.

Араға уақыт салып, Му Хидің бағы жанып, танымал жұлдызға айналады. Атағы дүркіреп тұрған шақта оған «Романтикалық саяхат» атты реалити-шоуға қатысуға ұсыныс түседі. Онда жапон актері Хиро Куросавамен (Сота Фукуси) бірге әлемнің көрікті жерлерін аралауы керек. Дәл осы жобаға Хо Джин аудармашы ретінде қатысады. Оқиға өрбіген сайын екеуінің қарым-қатынасы күрделене түседі.

Бұл дорама бәріне бірдей ұнай бермеуі мүмкін, себебі жеңіл романтикалық комедия емес, психологиялық мәселелер көтерілген.

До Ра Мидің жұмбағы

До Ра Ми — Ча Му Хидің «Тыныш әйел» фильмінде сомдаған рөлі. Осы туындының соңғы сахнасын түсіріп жатқанда Му Хи биіктен құлап, комаға түседі. Актриса жарты жыл ес-түссіз жатқанда фильм прокатқа шығып, оның зомби кейіпкері бүкіл әлемге танымал болады.

Му Хи есін жиып, бәрі реттеле түскенде психикасы сыр беріп, оған До Ра Ми елестей бастайды. Актрисаның галлюцинациясы туралы білген Хо Джин оған көмектесуге тырысады. Му Хи бәрі жақсы деп кейіп танытып, өзін алдағысы келген сайын, До Ра Ми пайда болып, мәселе шиеленісе түседі. 

Уақыт өте Му Хидің бойындағы «екінші тұлға» сыртқа шыға бастайды. Түнде оның денесін До Ра Ми билеп алып, Му Хидің батылы бармайтын істерді істейді. Екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Альтер-эгосы ойындағысын жасырмайды, бәрін бетке айтады, ережеге бағынбайды.

До Ра Мидің жай елес емесі кейіннен белгілі болады. Бұл — дораманың ең ауыр әрі маңызды сәті. Кішкентай қыз туған күнінде анасының қорқынышты әрекетіне куә болады. Му Хи бұл шындықты ішіне бүгіп, өзін де, өзгені де алдап өмір сүреді. Осы оқиғаның салдарынан бойжеткен өзін махаббатқа лайықсыз адам көреді. Бұл мәселе оның Хо Джинмен қарым-қатынасына тікелей әсер етеді. Аудармашыға өткенін ұмытып, сезімін білдіруге біраз уақыт кетті. 

Себебі Хо Джин бірнеше тілді білсе де, оған Му Хидің тілін, яғни жанын түсіну қиын болды. Қыздың қорқынышын ұққанда ғана жағдай өзгерді. 

Сценарийдегі мәселелер мен әдемі кадрлар

Сценарий авторлары — апалы-сіңлілі Хон Чон Ын мен Хон Ми Ран. Екеуі бұрын «Жандар алхимиясы», «Дель Луна қонақ үйі», «Күн әміршісі» сияқты фэнтези жанрындағы танымал дорамаларды жазған. Олардың өзіндік стилі бар, кейіпкерлері мен сюжеттері ерекше.

«Мына махаббатты тәржімалауға бола ма?» дорамасы алғашқы серияларда қызық болғанымен, ортасына келгенде кейіпкерлердің күресі тым созылып, романтикадан гөрі, триллер элементтеріне көбірек ойысады. Авторлар туындыны нақты қай жанрға жатқызатынын шеше алмағандай әсер қалдырды.

Бұған қоса, Му Хидің жағдайында оған махаббат емес, бірінші кезекте психологтың кәсіби көмегі қажет екені анық көрінеді. Бірақ кейіпкердің денсаулығынан гөрі, қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлгені еріксіз сұрақ тудырады.

Ең қызығы, Хиро мен Му Хидің оңаша қалғанда аударма қосымшаларын мүлде қолданбағаны түсініксіз болды. Біраз уақыт бойы бір-бірін түсінбей жүргені олардың қарым-қатынасына да әсер етті.

Соңында Му Хи анасын іздеуге аттанады. Дәл сол уақытта ғашығы Хо Джинмен айырылысып, оралған соң қарым-қатынасты қайта бастаймын деп шешеді. Бірақ оның сапары қалай өткенін көрсетпейді. Кейбір сәттерде авторлар сюжетті тым күрделендіріп, көрерменді шатастырып жіберген. 

Дорамадағы әдемі диалогтар мен көркем кадрлар сценарийдегі шикіліктердің орнын толтыруға тырысқандай. Картина Оңтүстік Корея, Жапония, Канада мен Италияда түсірілген. Таңғажайып пейзаждар сюжетке эстетика береді. Содан болар, түсірілім ауқымын жоғары бағалағандар көп.

Го Юн Джонның бұл дорамадағы еңбегі мақтауға тұрарлық. Бір мезетте екі түрлі кейіпкерді сомдап, әрқайсысын аша білді. Ал Ким Сон Хо кәсіби аудармашының рөлін шынайы алып шығу үшін түсірілімнен алдын төрт ай нағыз мамандармен дайындалған. Ол аудармашы жұмысының техникалық тұстарына ерекше көңіл бөлген. Тек екеуінің арасындағы химия бұл дорамада сенімсіз шықты.

Махаббатты түсіну

Му Хи мен Хо Джин екеуінің қарым-қатынасын бақылаған жазушы Ким Ён Хванның кеңестері туындының мағынасын ашады. 

— Қалай ойлайсың, әлемде қанша тіл бар? 

— Меніңше, 7100-ден астам. 

— Жоқ, қателесесің. Әлемде қанша адам болса, сонша тіл бар. Өйткені әр адам өз тілінде сөйлейді. Олардың бірін-бірі түсінбейтіні, айтылған сөзді бұрмалап, өзгенің көңіліне қаяу түсіретіні де содан.

«Саған бұл жас аруды түсінген қиын ба? Тіл саған беймәлім болса, оны зерттеп, үйреніп ал. Оның лексикасы, синтаксисі, тіпті тыныс белгілеріне дейін сенікіне ұқсамайды. Мұқият бақылап, оны түсіну үшін барыңды сал» дейді тағы бір әңгімесінде Ким Ён Хван. 

Дораманың негізгі идеясы — осы. Адамдардың болмысы әртүрлі болады, бір-бірін сол қалпында қабылдап, ұғыну үшін күш салуы керек. 

«Романтикалық саяхат» атты реалити-шоуында Му Хиге ғашық болған жапон актері Хиро қыздың жүрегін жаулай алмаса да, корей тілін үйренеді. Бұл оның Му Хиді түсінуге тырысқанын көрсетеді. «Мен мына бір нәрсені ұқтым. Өзіңе шынымен маңызды нәрсе үшін күреспесең, өмір бойы өкініп өтесің. Сондықтан бұл жолы мен кері шегінбеймін» деді махаббат арқылы мінезін шыңдаған Хиро.

«Мына махаббатты тәржімалауға бола ма?» дорамасы визуал эстетикасы жағынан жылды бастап берген үздік туынды болса да, сценарий тұрғысынан шикілеу хикая болып шыққан. Туынды адамға маза бермейтін ауыр ойлардың бізді қалай қажытатынын көрсетеді. Картина бізге мына әлемде сені түсінуге тырысатын адам табылады деген үміт сыйлайды.

Фотолар X желісіндегі @netflixkr парақшасынан алынды.

Осындай-ақ оқыныз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Chicken & Egg Films при поддержке Netflix объявил грант для документалистов
Культура
#кино
Chicken & Egg Films при поддержке Netflix объявил грант для документалистов
Смотрим трейлер документального сериала о закулисье «Топ-модель по-американски»
Культура
#кино
Смотрим трейлер документального сериала о закулисье «Топ-модель по-американски»
Диджейка Наташа Abelle впервые выступит в Алматы
Город
#события
Диджейка Наташа Abelle впервые выступит в Алматы
Грязный воздух «обошёлся» алматинцам в 518 сигарет за 2025 год
Ликбез
#общество
Грязный воздух «обошёлся» алматинцам в 518 сигарет за 2025 год
Канье Уэст извинился за антисемитские высказывания
Культура
#интернет
Канье Уэст извинился за антисемитские высказывания