Aroojeanne: нәзік, шынайы, батыл альбом

Әнші Aroojeanne алғашқы альбомын жарыққа шығарды. Жинақтағы жеті әннің сөзі мен әуенін өзі жазған. Бұл — оны блогер ретінде емес, әнші ретінде жаңа қырынан көрсететін салмақты жұмыс. Альбомдағы тректер Aroojeanne-нің өмірінде болған белгілі бір оқиғалардан сыр шертеді. Батыл үнімен нәзік тақырыптар туралы шынайы айтады. Бұл жинақты Aroojeanne-нің музыкалық терапиясы деуге болады. ’98mag журналының авторы Ақдидар Әбдімәулен альбомның жабық тұсаукесеріне барып, жаңа әндерді тыңдап қайтты.

Aroojeanne-нің өнердегі жолы

Aroojeanne есімімен танымал Аружан Алақаева кезінде «Q-POP IDOLS» реалити-шоуы арқылы құрылған JUZIM тобында Erika деген лақап атпен өнер көрсеткен. 2018 жылы продюсер Асыл Айдардың DEM Entertainment-інен дебют жасаған топтағы алты қыздың бірі еді. Герлзбендтің «Tańdaý», «SIQYRĞA TOLY», «Baǵynbaimyn», «Ózim bilem» деген әндері тыңдарманның, әсіресе Demim фандомының есінде мәңгі сақталғаны анық. 

@juzim.resmi

Әттең, топтың ғұмыры қысқа болды. Бір жылға жетер-жетпес уақытта продюсермен арадағы мәселеге байланысты қыздардың кейбірі, соның ішінде Erika да топтан шықты. Тыңдарман мұндай болар деп күткен жоқ. Кейін ұжымға жаңа қыздар қосылғанымен, көп ұзамай топ тарап кетті. JUZIM — Q-pop тарихындағы лайық бағасын алмай кеткен топтардың бірі. Өзім де қыздарды қолдаған, тыңдаған, топтан үлкен үміт күткендердің бірі едім.

JUZIM-нен кеткеннен кейін қыздар шығармашылығын әртүрлі жалғастырды. 2020 жылы Aroojeanne «Súi-em» атты алғашқы соло әніне бейнебаян шығарып, кейін Kyle Ruh-пен бірге «Eki júrek» трегін ұсынды. Араға уақыт салып, 2023 жылғы желтоқсанда JUZIM-нің экс-мүшелері (Жұлдыз, Томирис, Жаншырай, Раушан мен Аружан) Bikesh деген жаңа топ құрып көргенімен, бұл жоба да ұзаққа бармады. Бір ән шығарып, қайта тарап кетті. 

@bikesh.official

Aroojeanne кейінгі жылдары әлеуметтік желіде блогер ретінде танылғанымен, өнерден қатты алыстаған жоқ, қайтадан жаңа әндер шығарып жүрді. JUZIM-дегі қыздардың бағы жанбай, таланттары толық ашылмай қалғаны өкінішті. 

Сондықтан Aroojeanne сингл емес, тұтас бір альбом шығарады дегенді естігенде, қатты қуандым.

Альбомға шолу

Альбом әртіспен аттас — «AROOJEANNE». Әнші тректерінде шынайы болмысын көрсеткендіктен, жинаққа сахнадағы есімін берген. Мұнда ол бұрын айтуға батылы бармаған сырларын, басынан кешкен сәттерін баяндайды. Жеті әннің әрқайсысы, өзі айтпақшы, оның мінезін жаңа бір қырынан аша түседі. 

Aroojeanne-ге альбом жазуға танымал америкалық әнші Бейонсенің деректі фильмінен үзінді түрткі болған. Әлемдік жұлдыздың «қазір әртістер альбом жазуды қойып, трендтің артында жүр» деген сөзі әртіске ой салған. «Мен осы бағытты дамытқым келеді. Маған әндердің желіде тез таралғаны емес, шынайылық маңызды болды» дейді әртіс. Оның айтуынша, бұл жинақ — қыздардың батыл үні іспетті.

Осы идея альбомдағы ең бірінші «ARU» трегінен анық көрінеді. Мұнда әнші жұрттың қыз баласының түр-келбетіне баға беріп, ақылын аса елемейтінін сөз еткен. Aroojeanne бұл тректе шекарасын ешкімге аттатпайтын, еркін, батыл, тентек әрі «суық қарудай» ару болғым келеді дейді. Трек ұзақ емес, альбомның интросы ма деп ойладым. Соған қарамастан, негізгі ойды сыйдыра алған. 

Фото авторы: Ахат Сабидулла / @sullakh

«PA» — Aroojeanne-нің осыдан он жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнаған туындысы. «Қоғамда мұндай ауыр тақырыптар туралы айту «табу» саналғанымен, мен бұл туралы жазғым келді» дейді. Әкеге деген сағынышы әсерлі шыққан.

Он жыл өтті. 

Кейде мен саған көрсеткім келеді бәрін:

Қандай адам болғанымды, қанша жерден сынсам да,

Қалай қайта тұрғанымды.

Aroojeanne тұсаукесерде жүректі елжіретіп жіберетін оқиғасы туралы айтып берді: осы әнді жазып болған соң әкесі түсіне кіріп, «сенің папа туралы әнің жақсы» деп айтқан екен.

«BIZ» әнінде Aroojeanne JUZIM тобындағы кезеңіне нүкте қойып, енді әрі қарай өзі алға басатыны туралы айтқан. Топтағы кезінде қиын таңдау, өзін-өзі алдау сезімдері болғанын жасырмаған. «Алты қыз бір құнды төледі» деген жолдар арқылы әнші бір үлкен мақсатқа жету үшін қымбат дүниелерді құрбан етуге тура келгенін жеткізген. Сол кезде қыздардың кейбірі шығармашылықты бірінші орынға қойып, оқуын шегере тұрған еді. 

«Біз бағынбадық» деген жолдар тыңдарманға бірден JUZIM-нің танымал «Baǵynbaimyn» әнін еске түсіретін сияқты. Әннің мағынасы маған мұңды болып көрінді, әсіресе мына жолдар жүрекке қатты тиді:

Бірге біз

Арманға қол соза алмадық.

Бірге біз

Дауылға қарсы тұра алмадық.

Бір едік, жетпедік…

Электропоп жанрындағы «Qımyl» әні билетіп жібереді. Махаббат, жақындық, сырласу туралы өте ойнақы әрі жеңіл ырғақты ән. 

Фото авторы: Ахат Сабидулла / @sullakh

Альбомда жаңа әндерден бөлек, бұған дейін сингл ретінде шыққан екі трек бар. Соның бірі — инди-поп стиліндегі «JANYMA». Мәтіні де, әуені де баурап алады. Әншінің айтуынша, біреуді қатты сағынып, сол адамды қасыңда көргің келген кезде осы тректі тыңдау керек.

«BOLA ALMADYQ» — Aroojeanne-нің алғашқы авторлық әні, былтыр тамызда шыққан. Мұңға, сағынышқа толы ән. «Осы трек шыққан кезде Тейлор Суифт сияқты сезімдерім мен эмоцияларым туралы жаза алатынымды түсіндім. Бұған дейін жан жарамды музыка арқылы жеткізу маған жат болатын. Қазір бұл — менің терапиям» дейді Aroojeanne. 

Альбомдағы ең соңғы «Ómir» әні — нағыз self-talk туынды. Aroojeanne бұл тректе өмірге ғашық болуға үндейді. Әнші «өмір деген не өзі?» деген сұраққа «іздеу, табу, айырылу, кешіру, үйрену, өсу» деп жауап беріп, әрбір сәтті бағалау керегін еске салады. Одан бөлек, эмоцияларды жасырмау, қателесуден қорықпау туралы өте жақсы ой айтылған. Әнші өміріне алғыс айтып, өткенін де әдемі қорытындылап, альбомды түйіндеген.

Фото авторы: Ахат Сабидулла / @sullakh

Әртістің өзі туралы әндері тыңдарманның да ішкі сырларымен үндесіп кетердей. Ұйқас қумайды, сөздері қарапайым да шынайы, тармақтар арасынан өзің бастан кешкен күйді көресің.

Әнші альбомның тұсаукесерінде «Біздің музыка индустриясындағы қыздар алға жылжи берсе екен деймін. Музыкада қыздардың қатары көбейсе деп тілеймін. Бір адам болса да, әнімді тыңдап, «уау, мен де дәл осылай ән жазғым келеді!» деуі мүмкін. Себебі мен де біреудің шығармашылығынан шабыт алып, осы жолға келдім» деді. 

Бір кездері топ болып үлкен сахнаға қадам басқан, кейінгі жылдары синглдар шығарып жүрген Аружан тұтас альбом жариялап, мансабында жаңа бағытқа бұрылды. Бұл жол әртісті қайда апарар екен?..

Оқи отырыңыз:

 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Казахстанцам вернули доступ к трансляциям Гран-при по фигурному катанию
Ликбез
#истории
Казахстанцам вернули доступ к трансляциям Гран-при по фигурному катанию
После золота Шайдорова: за кем следить в серии Гран-при по фигурному катанию
Ликбез
После золота Шайдорова: за кем следить в серии Гран-при по фигурному катанию
Faker — киберспортивный айдол идёт за вечным рекордом
Ликбез
#истории
Faker — киберспортивный айдол идёт за вечным рекордом
В ChatGPT появились защищённые чаты
Бизнес
#технологии
В ChatGPT появились защищённые чаты
Charli XCX снимется в новом фильме Мартина Скорсезе
Культура
#кино
Charli XCX снимется в новом фильме Мартина Скорсезе