«Зулейха» алғаш рет қазақ сахнасында қойылды

«Зулейха» алғаш рет қазақ сахнасында қойылды

Ресейлік жазушы Гузель Яхинаның әлемнің бірнеше тіліне аударылып, халықаралық жүлделер алған «Зулейха открывает глаза» романы алғаш рет Қазақстан сахнасында қойылды.

«Зулейха» спектаклі — театр мен кино актрисасы, әнші Салтанат Бақаеваның продюсер ретіндегі алғашқы жобасы. Бұл оның өнер жолындағы жаңа кезеңі, шығармашылық қабілетін өзге қырынан танытуға жасаған батыл қадамы.

«Зулейха» — тозақтың ішінен бастау алған махаббат жайлы хикая. Бұл — бақыт түгілі, тірі қалудың өзі мұңға айналған өмір жолының баяны. Қойылым Зулейханың қорқыныш пен үрейге толы әлемде күйеуінен, үйінен, өткенінен айырылған сәтінен басталады. Өмір оған түрмеге айналады. Алайда дәл сол үмітсіздік пен аштық, қорлық пен қатыгездік арасында Зулейха алғаш рет еркіндік пен нәзік те алапат махаббаттың дәмін татады.

Зулейха көзін ашады… Ал сіз ше?

Автор: Гузель Яхина

Режиссер: Әлібек Өмірбекұлы

Киім суретшісі: Арман Теміртас

Продюсер: Салтанат Бақаева

Актерлік құрам:

Зулейха — Салтанат Бақаева
Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты

Упыриха / Игнатов — Азамат Сатыбалды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Муртаза — Бекжан Тұрыс
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Юсуф — Рауан Ахмедов

 

Сахна төрінде көптен бері көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бекжан Тұрыс пен Азамат Сатыбалды өнер көрсетеді. Екі түрлі мінезге ие кейіпкерлерді қатар сомдаған Азамат Сатыбалдының шеберлігі — оның шығармашылық тереңдігі мен кәсібилігінің жарқын көрінісі. Ал жас актер Рауан Ахмедов осы қойылым арқылы театр сахнасына алғаш рет қадам басып отыр. Бас рөлдегі Салтанат Бақаеваға бұл жоба — оның актерлік және продюсерлік шеберлігін қатар ұштастырған табанды ізденісі мен батылдығының жемісі.

Жанр: драма

Ұзақтығы: 2 сағат

Спектакль қазақ тілінде жүреді

Алдағы уақытта болатын көрсетілімі Алматы қаласында 11 шілде 20:00 Almaty Theatre сахнасында.

Билеттер сілтемеде.

Фото: Мария Гордеева

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
«Подростковый секс и смерть в лагере „Миазма“» — первый хит Каннского кинофестиваля ’26
Культура
#кино
«Подростковый секс и смерть в лагере „Миазма“» — первый хит Каннского кинофестиваля ’26
Как «О моём перерождении в слизь» стало главным comfort-аниме Японии
Культура
#кино
Как «О моём перерождении в слизь» стало главным comfort-аниме Японии
«140 баллов»: Freedom Media представили сериал о ЕНТ
Культура
#кино
«140 баллов»: Freedom Media представили сериал о ЕНТ
Мадонна, Шакира и BTS выступят на шоу финала ЧМ-2026
Культура
#музыка
Мадонна, Шакира и BTS выступят на шоу финала ЧМ-2026
Актан Арым Кубат вошёл в состав жюри Шанхайского кинофестиваля
Культура
#кино
Актан Арым Кубат вошёл в состав жюри Шанхайского кинофестиваля