Kalifarniya Қазақстан бойынша алғашқы турын бастады

Kalifarniya Қазақстан бойынша алғашқы турын бастады

14 маусымда Алматы қарсы алатын Kalifarniya концертінің арнайы жұлдыз қонағы – Қайрат Нұртас

«Puerto-Rico», «Qar», «Roza» әндерімен танымал болған Kalifarniya Қазақстанның 15 қаласында жанкүйерлеріне арнайы музыкалық іс-шара дайындауда. Әнші соңғы хабарландыруында бар тыңдарманға толқу мен эмоция сыйлайтын «KALI[ZONE]» атты жаңа турының басталғанын жариялады. 

Бастауын АҚШ-тан алып, Монғолияда жалғасқан «KALI[ZONE]» туры биыл Қазақстанның 21 қаласын қамту жоспарлаған еді. Алайда, Батыс және Қостанай өңірлеріндегі су апатына байланысты әртіс 15 қаламен шектелуге мәжбүр болды. Фархат тыңдармандарына турдың бірінші бөліміне енбей қалған қалалардың есесін толтыруға сөз берді.

8 мамыр 16 маусым аралығында, Талдықорған қаласынан Астана қаласына дейін  жалғасатын  KALI[ZONE] турының тағы бір ерекшелігі «Харекет» қорымен бірлесіп жүзеге асырылатын қайырылымдылық іс-шара. Фархат әр қалада бір мұқтаж отбасына пәтер сыйға тартпақшы. «Харекет» қорының директоры Айдана Қалдыбекқызының айтуынша Сакен Майғазиев, Төреғали Төреәлі, Мақпал Жүнісова, Қайрат Нұртас және тағы да басқа әртістер бірлесіп баспана табыстауға үлес қосқан.

Баспана иелері қордың өзіндік талаптарына сәйкес құжаттар тексеруінен өтіп, алқа мүшелерімен таңдалады. Сонымен қатар, пәтер кілтін қор өкілдері сахна үстінде, концерттің құрметті қонағы ретінде шақырылған сый иегеріне табыстайтын болады.

KALI[ZONE] турының билеттері kino.kz, ticketon.kz және sxodim.com ресми желілерінде қазір сатылымда. Осы таңғажайып музыкалық саяхаттың бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Бастапқы бөлігінің тоғыз қаласында тур сәтті өтті. Тіпті, екі қалада Kalifarniya алғашқы фан-кездесуін де өткізіп үлгерді. Маусым айында соңғы алты қала жоспарланған. Аталған айыдың екінші жұлдызында қайта бастау алатын тур 14 маусымда Алматыда өтіп, 16 маусымда Астанада аяқталады. Шілде айынан бастап Kalifarniya Қазақстаның батыс қалаларын аралауды ойластыруда.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Oлимпийский гид: главные герои и самыe громкие интриги Пaрижа-2024
Культура
Oлимпийский гид: главные герои и самыe громкие интриги Пaрижа-2024
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Культура
#музыка
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
Город
#события
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
Культура
#кино
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
Культура
#кино
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории