Moonlight сахнаны төңкеруге дайын

Moonlight тобы бес жыл үзілістен соң сахнаға қайта оралды. Аз уақытта жаңа әндер шығарып, шағын концерт беріп үлгерді. Жанкүйерлері бұл сәтті сарыла күтті. Себебі олар топ ұзақ демалыстан соң тарап кете ме, шығармашылығын ары қарай жалғастырмай ма деп алаңдаған. ’98mag журналының авторы Ақдидар Әбдімәулен Moonlight жігіттерінен сахнаға қайта оралуға не түрткі болғанын сұрап білді.

2017 жылы Gakku арнасынан күнде тыңдаған «Qasymda bol», «Tokyo», «Kiss» әндері есіңізде ме? Арада қанша жыл өтсе де ескірмеген, плейлистен өшпеген осы әндерді шырқаған Moonlight тобы сахнаға қайта оралды. Қазақ индустриясында ерекше стилімен есте қалған топтың шығармашылығы шекара асып, шетел тыңдарманына да жеткен.

Кезінде

Бірі білсе, бірі білмес, Moonlight тобындағы Еркехан Абдолдаев, Ерік Төленов, Аңсат Ділдабай бұрын Juniors деген топта болған. 2013 жылы белгілі музыкалық продюсер Алуа Қонарова құрған бойз-бенд көптің көңілінен шыққан еді. Жұрт олардың стилін One Direction, Big Time Rush топтарына ұқсататын. Бірнеше жылдан соң топ жұмысы тоқтады.

Кейін Juniors-тың экс-солистеріне Руфат Үсенов пен Азамат Қабылов қосылып, 2016 жылы Асанәлі Естиярдың GM Entertainment орталығынан Moonlight тобы сахнаға шықты. Q-pop дәуірінің алтын кезеңінде тыңдарман бұл бойз-бендтің болашағын жарқын деп бағалаған. Дегенмен 2018 жылы топ продюсермен жұмысын тоқтатты, кейін Ерік Төленов топтан шығып, жеке шығармашылығына бет бұрды. Жігіттер жаңа солист іздемей, төрт адам болып жұмысын жалғастырды. Жаңа әндер шыққанымен, олар бұрынғыдай хит бола қоймады.

2020 жылдың аяғына қарай Moonlight-тан жаңа туындылар шықпай, топ ұзақ уақыт көзден таса болды. Үзіліс кезінде Аңсат жеке шығармашылығымен айналысты, фильмдерде рөл сомдап, медиа жобаларда көрінді. Еркехан студия ашып, музыкаға ерекше көңіл бөлді. Көптеген әншімен жұмыс істеп, дамуды жөн көрген. Азамат пен Руфат музыкадан уақытша үзіліс алып, басқа іспен айналысқан.

Топтан шығып кеткен Ерік Төленов кейін Moonlight қатарына қайта қосылған. Жеке шығармашылық мансабында Kyle Ruh деген сахналық есіммен әндер шығарды. Qazaqstan дауысына қатысты, «МАСКА» шоуында жеңімпаз атанып, көпшілікке танылып, өнерімен халықты таңғалдырды.

Қазір

Moonlight продюсерсіз жұмыс істеп жатыр. Топтың бағытына үлкен өзгеріс енгізу жоспары жоқ. 

«Moonlight тобының музыкадағы толық потенциалы бір бағытта шектелмеген. Түрлі жанрдағы музыканы ұнатамыз. Жұрт музыканы тыңдап қана қоймай, бэк-вокалдарға және орындау шеберлігінен ләззат алса дейміз» дейді топ мүшелері. 

Жігіттер үзіліске дейін «шығармашылығымызды толық көрсете алмадық» деп санайды, айтуларынша, қазақ музыкасына берер дүниесі мол.

Moonlight екі апта ішінде екі жаңа ән жариялады. Біріншісі — «Rock & Roll», поп-рок жанрындағы ән топтың сахнаға қайта оралғанына байланысты. Екіншісі — лирикалық «Emdeshi» әні. «Бес жылда көп дүние өзгерді. Біз де өзгердік, ескі сәттерден қалған жараларды емдейік деген оймен осы әнді шығардық» дейді Moonlight. 

«Үзіліс туралы шешім қабылдар алдын өте көп ойланып, демалыс керек деп ұйғардық. Қаржы мәселесі де әсер етті. Бірақ біз музыканы жақсы көреміз, сол арқылы ғана қабілетімізді толық аша аламыз. Бәрімізге «топқа тағы не бере аламын?» деген сұрақтың жауабы керек болды. Жүріп өткен жолымызды еске түсіріп, оның бәрі бекер емес екенін түсіндік» дейді жігіттер. 

Бұған дейін тыңдарман Moonlight әндері әрдайым сапалы шығады деп, олардың вокалын, мелизмін және импровизациясын жоғары бағалайтын. Жаңа тректерге қуанып жатқандар көп, тыңдарман «ең керемет шақтарға қайта оралғандай болдым», «Moonlight — comeback-ін жылдап күтуге тұрарлық топ» деп жазып жатыр.

28 қыркүйекте топ Алматыда «Moonlight Oralu» концертін өткізіп, жанкүйерлері — «айкезбелермен» қауышты. Айтуларынша, концертке үш мыңға жуық адам жиналған.

«Ұзақ жыл үзілістен соң бізді сағынған тыңдарманға сыйлық болсын деп концертті тегін істеуді жөн көрдік. Тамаша әсер алдық, қуандық. Көп адам жиналып, басынан аяғына дейін қолдау білдірді, әндерімізді бірге орындап шықтық. Ерекше сезім, оны сөзбен айтып жеткізе алмаймыз» дейді Moonlight.

«Тыңдарманның әрбір қолдауы өте маңызды. Сапалы дүние істеуге барымызды саламыз. Сахнаны төңкеруге әрдайым қуана дайынбыз» дейді әртістер.

Оқи отырыңыз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Куда сходить на Хэллоуин в Алматы
Город
#события
Куда сходить на Хэллоуин в Алматы
Sonic Arts в Центральной Азии: о лаборатории Korkut, CTM и Гёте-Института
Культура
Sonic Arts в Центральной Азии: о лаборатории Korkut, CTM и Гёте-Института
Мне 25, и я работаю в телекоме: благодаря кому мы листаем TikTok и смотрим YouTube
Бизнес
#люди
Мне 25, и я работаю в телекоме: благодаря кому мы листаем TikTok и смотрим YouTube
Спектакль «Рок-н-ролл на закате» отправляется в первый тур по Казахстану
Город
#события
Спектакль «Рок-н-ролл на закате» отправляется в первый тур по Казахстану
«Магическая битва: Казнь» выйдет в кинотеатрах Казахстана 4 декабря
Культура
#кино
«Магическая битва: Казнь» выйдет в кинотеатрах Казахстана 4 декабря