Жұртты dualap жатқан duisenbi

Жұртты dualap жатқан duisenbi

Қазақ поп сахнасында жаңа да жарқын есім, қабыл алыңыздар — duisenbi. Дуэттің таяуда шыққан duala әні TikTok-та кеңінен танылып жатыр. Бұл топ қайдан шықты? Оларды неге тыңдауымыз керек? ’98mag журналының авторы Ақдидар Әбдімәулен түсіндіреді.  

Қысқаша тарихы

duisenbi 2023 жылы қыркүйекте құрылып, содан бері 12 ән шығарған. Құрамында екі жігіт бар — Daus (Самғат) пен Saqi (Сағындық). 

Екеуі бірін-бірі мектеп кезінен таниды. Тек университетке түскен соң музыка жаза бастаған. Бірақ музыкалық білімдері жоқ. Мамандығы бойынша Daus — журналист, Saqi — логист. Ән жазуды өздері үйренген. 

Көп адам маңызды істі бастарда дүйсенбіні күтеді. Жігіттер дуэтке ат қоярда осыны арқау еткен. Олар «дүйсенбіні күтпей-ақ, біздің әнді қос та, ойыңдағы істі кез келген күні баста!» дейді.

Бір қарағанда, duisenbi-нің стилі Q-pop жанрына келеді. Бірақ олар өзін бұл субмәдениетке жатқызбайды.

duisenbi тобы 15 маусымда 250 адамға алғашқы жеке концертін өткізіп, тыңдарманға жаңа әнін таныстырды. Олар өзін қазақ поп-музыкасындағы жаңа тарихтың бастауымыз дейді. 

Кей тыңдарман duisenbi-ні Қазақстанда лайық бағасын алмай жүрген әртістер тізіміне қосады. Расымен, аудиториясы үлкен емес. duisenbi мүшелері топты продюсерсіз, өз күшімен дамытып отыр. 

Тректерін тыңдайык

Махаббаттың мың бір күйі бар десек, duisenbi соның әрқайсын ән арқылы жеткізгісі келеді. Туындыларында махаббат та, қоштасу да, өкініш те, сағыныш та бар. Жанр жағынан duisenbi ешбірін ренжітпеген: Afro, Indie rock, Indie pop, Hip-Hop сияқты түрлі жанрда музыка жазған. 

«suiem» — дуэттің дебют синглі. Жігіттер осы әнмен жарып шығамыз деп ойлағанымен, үміті ақталмаған. Қазірге дейін бейнебаян 20 мың рет қаралған. Әнді тыңдап отырып, дуэт бұл трекке неге көп үміт артқанын түсіндім. Әуені де, клибі де ерекше. «Айқын сезімдер дербес, леп соғатын өтіп кетпесін желдей» деген жолдар еріксіз билетіп, осы тіркесті күні бойы әндетіп жүресіз!

«bot» — электрондық музыка стиліндегі трек. Синтезатор үні мен жеңіл ритмдер басым. Сленгтерден хабардар болмасаңыз, мәтінін түсіну аздап қиын болады. Бірақ мәтіні сондай ұқыпты әрі әуезді шыққан! «Махаббат ойын болса, мен noob bot, соңғы boss сен болсаң, керек cheat code. Қасыңа жету маған қиын болды, Жаныңда жандар шетінен g.o.a.t.» 

«esińe al» — нәзік битке толы трек. Бірақ мағынасы әннің өзі сияқты жеңіл емес. Жігіттер баянсыз махаббат пен өкініш жайлы шырқайды. «Жаңбыр жауып мазаңды алғанда, терезеңе қыраулар қатқанда, жүрегіңе бүршіктер жарғанда, мені есіңе ал» дейді. Тұнып тұрған лирика.  

«mama» — топтың өткен күнге сағыныш есетін тағы бір әні. Әуені баяу. Күш-қуаты тасыған көңілді жігіттердің адами бейнесін ашқан ән. Аздап созыңқы демесеңіз, жырақтағы жақының мен келмес күндерді сағынғанда көңіл-күйіңізді жақсы сүйемелдейді екен.

«duala» — латынша попқа ұқсайды. Ырғағы ұнады! Мәтіні де жап-жақсы. TikTok-та да көптің көңілінен шыққан трек — осы. Бұған дейін оларға «жазған мәтіндерің қабылдауға, түсінуге қиын» деген сын айтылған. Дуэт тыңдарман пікірімен санасамыз деп отыр. 

Ендігі жоспар

duisenbi тыңдарманының басым бөлігін 13-22 жастағылар деп біледі. Дегенмен дуэт аудиториясын кеңейткісі келеді.

Бұған дейін әртүрлі фест пен кеште ән шырқап жүрген duisenbi таяуда Алматыда жеке концертін беріп, дебюттен бергі ең әсерлі сәтін бастан кешті. Жанкүйерлері де кеш өткізуді сұрап, асыға күтіп жүрген. 

Концертке Қазақстанның басқа қалалары (Қонаев, Қызылорда, Астана, Тараз) мен шетелден (Қытай, АҚШ) тыңдарман келген. duisenbi-нің продюсері жанкүйерлері десем, қате емес. Олар дуэтті көпке танытуға барын салып жүр.

Көп әртіс әлеуметтік желідегі парақшасын өзін жарнамалауға қолданады: жаңа әні не бейнебаянының үзіндісін, концерт афишасын, кәсіби фотосын ғана жариялайды. Ал duisenbi TikTok-тағы парақшасы мен Telegram-арнасын белсенді жүргізеді, күнделікті тіршілігінен қызық сәттерін бөліседі. Олар үшін бұл — жаңа аудиторияға шығып, қолдаушыларына жақын әрі шынайы болудың бір жолы.

Дебюттен кейін duisenbi мүшелері басқа салада қосымша жұмыс істеп, табысын дуэтті дамытуға жұмсаған. Енді шығармашылыққа толық көңіл бөліп, тек музыкадан табыс тапқысы келеді. 

Әзірге олардың YouTube пен музыкалық платформалардағы көрсеткіштері айтарлықтай жоғары емес. duisenbi бәрі өз уақытымен келе жатыр деп есептейді. Қазіргі жетістікке Daus-тың да, Saqi-дың да көңілі толады. 

Алғашқы концертінен кейін олар көп ұзамай жертөледегі шағын студиясына қайта жиналып, жаңа мақсатпен жұмысқа кірісіп кеткен. Көп ізденістен соң олар R&B жанрында жаңа әндер жазбақ. Нәтижесі қандай боларын көреміз.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
В Алматы открылась выставка «Жад жолы»
Город
#события
В Алматы открылась выставка «Жад жолы»
Wizz Air перестанет совершать полёты в Казахстан
Бизнес
Wizz Air перестанет совершать полёты в Казахстан
Известны номинанты на премию «Эмми-2025»
Культура
#кино
Известны номинанты на премию «Эмми-2025»
У сериала The Girlfriend с Оливией Кук и Робин Райт вышел трейлер
Культура
#кино
У сериала The Girlfriend с Оливией Кук и Робин Райт вышел трейлер
В Астане в третий раз пройдёт Qazaqstan Coffee Festival
Город
#события
В Астане в третий раз пройдёт Qazaqstan Coffee Festival