Шыңжаңнан шыққан ұйғыр рэпері kkluv

Қытай хип-хопында көбіне Шанхай мен Пекин сынды ірі қалалардың өнерпаздары алға шығып жатады. kkluv — бұл үрдісті бұзған рэпер. Шыңжаңдық жігіт кейінгі бірер жылда қытай рэп сахнасының жарық жұлдызына айналып, жаңа үн алып келді. Оның шығармашылығы — ұлттық болмыс пен заманауи музыканың үйлесімі.

kkluv-тың шын есімі — Кайсибула Әбдіғұпыр Микаоғлы. Ол 2001 жылы Қытайдың Үрімші қаласында туып-өскен. Бұл қалада хань ұлтынан кейінгі ең ірі этникалық топ — ұйғырлар.

kkluv бастауыш мектепте оқып жүргенде тайваньдық әнші әрі композитор Жей Чжоудың (Jay Chou) шығармашылығына қызығып, музыкаға әуестене бастаған. Музыкалық аспап үйренгісі келгенімен, оған мүмкіндігі болмай, CD-дискілердің арқасында әртүрлі жанрдағы әндерді тыңдап, өзіне хип-хоп мәдениетін ашқан. Алғашқы рэпін 13 жасында жазған деседі. 2015–2016 жылдары жергілікті баттлдарда сахнаға шығып, дебютінде-ақ финалдан көрінген.

2018 жылы Кайсибула Шыңжаңдағы IRONMIC чемпионатында жеңіске жетіп, бүкіл ел бойынша үздіктер тізіміне енді. Бұл — Қытайдағы ең беделді фристайл сайыстардың бірі.

Осы байқауда Кайсибула өз мансабына зор ықпал еткен тұлға, Drill/хип-хоп жанрындағы танымал әртіс — Нарчи Вольфпен танысады. Аймақтық деңгейде әбден аты шыққан kkluv бұдан соң бүкіл Қытай аудиториясына танымал болу жолында жұмыс істей бастады.

Тректері

2020 жылы Нарчи Вольф Кайсибуланы Чэнду қаласына шақырып, кәсіби музыкалық мансабын бірге дамытуға ұсыныс жасады. kkluv бұл ұсынысқа келісіп, 21 миллионнан аса адам тұратын ірі мегаполиске көшіп кетті. Рэпер Нарчи Вольф құрған WOLFGANG музыкалық ұжымының мүшесі атанып, бірнеше сингл жазды. 

Олардың ішінде «FRIDAY9 II», «BAD BAD», «Sweet Circle» және «WHOOSISHYT» сияқты әндер қытай хип-хоп сахнасында шарықтап, kkluv-ты елдегі әйгілі рэпердің біріне айналдырды.

2022 жылы оның drill жанрындағы тректерін де тыңдарман жақсы қабылдады. Сол жылы Кайсибула «LuvMurder», «LUVMURDER II» атты EP альбомдарын және толыққанды «21KTIME» альбомын шығарды. 

2024 жылы kkluv Қытайдағы әйгілі «The Rap of China 2024» бағдарламасына қатысты. Кайсибула бірнеше бөлімде көрініп, ақтық кезеңдерге өте алмай қалғанымен, оның бірігей музыкасы ерекше есте қалды. 

Қазір kkluv ай сайын 125 мыңдай адам тыңдайтын әртіске айналған. Оның ең танымал трегінің бірі — «Brazil» әнінің сөзі үш тілде — қытайша, ұйғырша және ағылшынша жазылған. Оның әндері сенім мен арман туралы адамзатқа ортақ тақырыптарды қозғап қана қоймайды, Қытай мен әлемге Шыңжаң мәдениетін өзінше таныстырады.

Алты деген не?

Қытай музыкасының тарихын зерттеген, «The Evolution of Chinese Popular Music: Modernization and Globalization, 1927 to the Present» еңбегінің авторы Я-Хуэй Ченнің жазуынша, Қытайда хип-хоп Тайвань рэперлерінің арқасында пайда болған. Бұл жанр Қытайға тарала бастағанда алғашқы қытайлық рэперлер тайваньдық акцентке еліктеген деседі. 

Кейін шыңжаңдық дрилл (Xinjiang drill) стилі дамығанда Цзянсу, Чжэцзян және Шанхай сияқты оңтүстік өңірлерден шыққан рэперлер де өз музыкасына Шыңжаң музыкасының элементтерін қоса бастаған.

kkluv-тың әндерінде жиі кездесетін «Алпакино алты» мен «West side» деген тіркестер рэпердің туған жерінен хабар береді. 

Қазіргі Қытайдың батысындағы Оңтүстік Шыңжаң аймағында орналасқан, тарихи әрі мәдени тұрғыдан аса маңызды алты көне қала бар. Бұл қалалар — Қашғар, Жаркент (Йәкән), Хотан (Хотән), Ақсу, Түрфан және Қорла — ұйғыр халқының мәдениеті мен өркениетінің жүрегі саналады. 

Кайсибуланың шумақтарында жиі айтылатын «Алты» деген сөз осы — Шыңжаңның алты қаласына жасалған емеурін. Ал «West side» сөзі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Қытайдың батысында орналасқанын білдіреді.

kkluv-тың музыкасының ерекшелігі сол — рэпер Шыңжаңның этникалық саздарын, ұлттық аптаптар әуенін рэппен және трэп биттермен шебер үйлестіреді.

Айтылған сын

«Rap of China 2024» байқауында kkluv Шыңжаңнан шыққан басқа рэперлермен бірге «Meshrep» трегін орындады. Мәшрәп — ұйғыр халқының дәстүрлі мерекелік басқосуы.

Бұл қойылым ұйғыр ұлттық әнімен басталып, тыңдарманды таңқалдырды. Осы бөлімді орындау үшін олар мұқам өнерінің шебері Мұрат Әбдубаянды Қашғардан арнайы шақырған.

«Менің атым сәйгүлік, мыңнан озар,

Оны мініп, мен алысқа шабам.

Менің атым сәйгүлік, мыңнан озар,

Оны мініп, мен алысқа шабам.

Әркімнің де сүйгені әр алуан.

Мен сүйгендей өмірде кім табылар?» деген өлең жолдары ұйғыр поэзиясынан алынған. 

Ал кейін рэп оқыған kkluv «Бро, сен бүгін нағыз құрт сияқтысың — кереметсің, сәндісің әрі мықтысың» дейді. «Құрт» сөзі ұйғыр тілінде екіұдай мағынада қолданылып, «күшті» дегенді де білдіреді. «Сенің ұлың — Қытайдағы Тони Монтана» деген жолда kkluv өзін фильм кейіпкері Тони Монтанаға теңейді. Бұл кейіпкерді Аль Пачино ойнаған. Сондықтан kkluv өзін танымал актердің атына ұқсатып «Alpakino» деп те атайды.

«Meshrep» рэбінен кейін жергілікті әртістер бұл топты тым коммерцияланған, шығармашылығы тек хань ұлтына бағытталған деп сынады. Оның ұйғыр мәдени мотивтері мен бірнеше тілдегі мәтіндерді қолданғанын жергілікті рэп қауымдастық «бұл — әнді мәдени түп-тамырынан алыстату» деп сөкті. 

Ұйғыр рэперлерінің жергілікті музыканттар сынына қалғаны алғаш емес.

Шығыс Түркістанда ұйғыр хип-хоп мәдениеті 2003 жылы OG (шын аты — Экрем) құрған Six City тобынан бастау алады. Сол жылдары Six City Шыңжаң теледидарының 2-арнасындағы (ұйғырша арна) NAWA бағдарламасында алғаш рет толығымен ұйғыр тілінде рэп орындаған. Бұл сәт ұйғыр рэп музыкасының алғаш рет мейнстрим ақпарат құралында жарыққа шыққан сәті ретінде тарихта қалған.

Сол кездері Six City ұйғыр рэп өнерінде жаңа дәуірге аяқ басты, енді келешекте талантты топтар мен жеке орындаушылар телеарналар арқылы танылады, сөйтіп Шыңжаңдағы хип-хоп сахнасының ықпалы арта береді деген үміт болған.

Алайда дәстүрлі ұйғыр музыкасының өкілдері бұл жаңалықты оңай қабылдай қойған жоқ. Олар хип-хоптың қара нәсілділер мәдениетінен шыққанын алға тартып, оны «төмен деңгейдегі өнер» және «нашар мәдениет» деп бағалап, «ұйғырдың түпкілікті дәстүрімен ешқандай байланысы жоқ» деген сын айтты. Соған қарамастан Six City Шыңжаңда кеңінен танымал болды.

kkluv феномені Шыңжаң хип-хобына қатысты ертеден белгілі ішкі қайшылықтарды ғана емес, Қытайдағы ұйғыр жас буынның өз орнын іздеп, өзіндік үні мен болмысын табуға деген ұмтылысы әлі жалғасып жатқанын көрсетті.

Автордың басқа материалдары:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
В другом ритме: OYU Fest в Астане глазами алматинки
Город
#события
В другом ритме: OYU Fest в Астане глазами алматинки
«Супермен» Джеймса Ганна — панк, остановивший военный конфликт
Культура
#кино
«Супермен» Джеймса Ганна — панк, остановивший военный конфликт
Самая первая Birkin была продана за рекордные €7 млн
Стиль
#мода
Самая первая Birkin была продана за рекордные €7 млн
Студия SATAIFILM анонсировала новые проекты
Культура
#кино
Студия SATAIFILM анонсировала новые проекты
Новое поколение Q-pop: кто сегодня в авангарде отечественного попа
Культура
#музыка
Новое поколение Q-pop: кто сегодня в авангарде отечественного попа