«№37». Көрермен санасын сілкіген фильм

Şam тәуелсіз қазақ театрының «№37» қойылымы фильм болып прокатқа шықты. Пьесаның өзі театр сахнасында енді қойылмайды. Кейінгі үш жыл Қазақстанның 16 қаласында қойылған спектакльді жүз мыңнан астам көрермен тамашалаған. Фильмге актер Жандос Айбасов режиссерлік етті. Бұл — оның алғашқы фильмі. Осыған дейін «Жаным, ты не поверишь!», «Умри или вспомни» фильмдерінде продюсер болған. ʼ98mag журналының авторы Ақдидар Әбдімәулен «№37» фильміне барып, көрерменмен бірге көп сұрақ арқалап қайтты. 

Мақалада спойлер бар екенін ескертеміз.

Şam тәуелсіз қазақ театрының «№37» пьесасын экранизациялағаны — коммерциялық тұрғыдан да, шығармашыл қырынан да өте батыл қадам. Қазақ кинонарығында ең көп касса жинаған алғашқы он фильмге қарасаңыз, неге бұлай дегенімді түсінесіз. Режиссерлік мансабын психологиялық драмадан бастаған Жандос Айбасовтың батылдығы да мақтауға тұрарлық. «№37» фильміне мені кәсіби әрі тәжірибелі актерлер құрамы мен жаңашылдыққа құмар шығармашылық топқа деген сенім алып келді.

Фильм не туралы?

«№37» — әзербайжан драматургы Исмаил Иманның «Астара бақтары» атты пьесасы желісіне негізделген. Фархад Молдағали режиссер болған қойылым кемінде 248 адам қаза тапқан қанды Қаңтар оқиғасындағы кадрлардан басталса, фильмге түпнұсқадағы оқиғаны алған.

Фильмдегі оқиғалардың мекені мен мезгілі беймәлім. Расул (Еркебұлан Дайыров) метродағы жарылыстан «қаза табады». Марқұмның сүйегі табылмай, туыстары Расулды зиратқа 37 деген нөмірмен жерлейді. Қара жамылған отбасының қоңыр тіршілігі арада 15 жыл өтіп, тосыннан Расул үйіне «тіріліп келгенде», астаң-кестеңі шығады. 

«№37» фильмін түсіру алаңынан. Фотоны sham_films ұсынды.

Қайтып келген Расулды үй іші әртүрлі қабылдайды. Бәрінің көкейінде «сонша уақыт қайда жүрдің?» деген сұрақ пен күдік тұр. Бірі абдырап жүр, бірі кешіре алмайды. Фильм бір үйде тұрып жатса да, бірін-бірі көрмейтіндей, естімейтіндей және естігісі келмейтіндей күн кешіп жатқан отбасындағы қиындықтарды көрсетеді. Әрқайсы өз қайғысын, өз уайымын арқалап жүр.

Әуелі техникалық жағын айтайық

Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Сағызбай Қарабалин, Тынышкүл Сұлтанбердиева, Лиза Серікованың театрдағы ойын шеберлігі фильмде де сақталған. Театрда үйдің кенжесін продюсер Алмат Құрақ ойнаған болса, фильмде бұл рөлді жас актер Алмаз Ақылбай сомдайды. 

Қойылымды көрген адамға фильмнің сценарийі таңсық емес. Кейбір жаңа (әрі шешуші) эпизодтарды ескермегенде, көп нәрсе өзгермеген. Шығарма біреу болғандықтан, негізгі ойдан жаңылмайық дегені шығар деп ұқтым. Бірақ спектакль диалогтерін киноға бейімдесе дұрыс болар еді. Әйтпесе сахнада бұл қойылымды жүз рет ойнаған актерлердің сөзін тыңдағанда, пьеса көріп отырғандай болдым. 

«№37» фильмін түсіру алаңынан. Фотоны sham_films ұсынды.

Түсірілім тобы пьеса экранизациясына барын салғаны көрініп тұр. Кейіпкерлер эмоциясын жеткізетін ірі кадрлар, көрерменді еріксіз оқиға ортасындағы бейтарап бақылаушыға айналдырып жіберетін баяу да тұрақты түсірілім, адамдардың сұрқай тұрмысын әшкерелейтін қараңғы тартқан бояу — сөзсіз фильм атмосферасын жеткізеді. 

Көп бөлмелі, ауласы ағашқа толы үй алғашында жайлы атмосфера береді, алайда Расул келген соң экран солғын тартып болып, салқындық сезіледі. Көбіне тосыннан тіріліп келген кейіпкер тура алдынан түсірілген: үй іші ғана емес, көрермен де Расулды тергеп тұрғандай көрінеді. 

Сахналардың көбінде графика немесе VFX (визуал эффект) қолданылмаған дейді. Арнайы декорация жасалып, экшн-сахналарда халықаралық Nomad Stunts каскадерлері қатысқан. Жарылыс кезі мен дүрбелеңнен тұла бойым түршігіп кетті. Фильм авторларының айтуынша, метродағы жарылыс сахнасында 150 кәсіби актер ойнаған.  

«№37» фильмін түсіру алаңынан. Фотоны sham_films ұсынды.

Фильмдегі музыка кейіпкерлердің сөзімен үйлесіп, әсерін күшейтеді. ARShAT-тың «Ekeumiz zhaily» атты саундтрегі сәтті шыққанын айта кету керек. 2019 жылы жазылған бұл ән осы фильммен жаңаша ашылғандай көрінді. Картинаның соңында оның «Emde» деген жаңа трегі ойнайды. ARShAT-тың ауылды сағынып жазған әні фильмдегі Расулдың үйін іздеп келгеніне мәтін жағынан да, атмосфера жағынан да дөп түскен.

Әркімнің өзі финалы бар

Актерлік құрамның театр мен фильмдегі ойыны бірдей — әсерлі шыққан. Жесір қалып, әмеңгерлікпен қайын ағасына еріксіз қосылған Зейнептің рөлін сомдаған Зарина Кармен фильмде де өзіне сендіре алды. Күйеуінің қайғысы жүрегіне шаншудай қадалған әйелдің қиын тағдырын шынайы жеткізді. 

Бірақ бұл фильмде бас кейіпкер жоқ. Дәлірек айтсам, үй ішінің әрбірі өз алдына — бас кейіпкер. Бұл — фильмнің кемшілігі емес, ерекшелігі және режиссер оны жеткізе алған. 

«№37» — жақын адамдар арасындағы көрінбейтін қашықтықты, сыртқы және ішкі күйдің қайшылығын әшкерелейтін психологиялық драма. Бір шаңырақтағы адамдар сөйлескенімен, шын мәнінде бірін-бірі естімейді; олардың сөзі де, сезімі де өтірік, бетперде киіп, бақытты адам кейпінде өмір сүреді. Әке-шешесінің де, ағасы мен бұрынғы әйелінің де іші алай-дүлей. Әрбірінің өзіне, өміріне, жақын да алыс адамдарына сан-мың сауалы мен өкпе-реніші бар. Адамдардың аласапыран күйі ұстамды актерлер мен тыныш та баяу кадрлар арасында анық сезіліп тұрады. Әлдекімнің тұншыққан айқайын естігендей күй кешесің. Сөз бар, мағына жоғалған; адамдар бірге тұрады, бірақ бір-біріне жатқа айналған. 

Мұның бәрі Расул «тіріліп келгенде» әшкере болады. Расул — триггер ғана. 

Режиссер Жандос Айбасов пен актер Асан Мәжит. Фотоны sham_films ұсынды.

Режиссер Айбасов спектакльде жоқ тың идея алып келген. Қойылымда Расул кім, неге келді, неге кетті деген сұрақтар ашық күйінде қалатын. Ал режиссер мұны өзгертіп, фильм финалында Расулдың демі үзілген сәтін көрсеткен. 

Осы бір кадр шығарма туралы көрермен пікірін түбегейлі өзгерткендей. Сонда Расул расымен тірі болып шығып, үйіне оралғаны ма, әлде ол Зейнептің өзі құрап алған елесі ғана ма? Бәлкім жақындары Расулмен емес, жай таппаған Расулдың аруағы туыстарымен қоштасуға келген шығар? Үй іші он бес жыл бойы арқалаған мұңы мен шерінен арылып, Расул туралы естелікті осылай «жерлегені» ме?  Шаңырақтың берекесін алған қасіретке себеп болған жайтпен (Расулмен) саналы түрде қоштасқан үй іші енді бақытты бола ала ма? Олардың бақытты болуға шамасы жете ме? Сан түрлі сұрақ туды. Жауапты әркім өзі табады.

«№37» фильмін түсіру алаңынан. Фотоны sham_films ұсынды.

Фильмнің соңғы кадры спектакль кезінде көрінбеген жаңа талқы тудырып, «№37» шығармасын тереңдете түсті. Экрандағы сол бір сәт шығарманы отбасылық драманың шеңберінен шығарып тұр. Фильм пьесаның психологиялық астарын айқын ете түсіп, қойылымда тұспалдап қана берілген ойды дәл, анық әрі әсерлі жеткізген. Режиссер Айбасов бастапқы шығарма мен пьесаға құрмет таныта отырып, оны жаңа қырынан таныта алды. «№37» — қазақ киносындағы сирек түсірілетін жанрда сәтті шыққан тың әрі терең фильм.  

Оқи отырыңыз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Al Nasr & Rafa тизерят трек «AUYLDYÑ BALASY»
Культура
#музыка
Al Nasr & Rafa тизерят трек «AUYLDYÑ BALASY»
Как Кэнсукэ Усио стал главным аниме-композитором современности
Культура
#музыка
Как Кэнсукэ Усио стал главным аниме-композитором современности
Tyler, the Creator стал «Артистом года 2025» по версии Apple Music
Культура
#музыка
Tyler, the Creator стал «Артистом года 2025» по версии Apple Music
Дастан Акбаев — главный тренер в казахстанском киберспорте
Культура
#интернет
Дастан Акбаев — главный тренер в казахстанском киберспорте
В Казахстане могут запретить съёмку фото и видео без согласия граждан
Ликбез
#общество
В Казахстане могут запретить съёмку фото и видео без согласия граждан