Жаңа «Заманback», ескі сценарий

Жаңа «Заманback», ескі сценарий

Қазақстан прокатында 2024 жылғы атышулы «Заманback» комедиясының жалғасы көрсетіліп жатыр. Бірінші фильм көпшіліктің көңілінен шығып, прокатта 1,5 миллиард теңгеге жуық табыс тапқан еді. Екінші фильмнің де табысы жаман емес: алғашқы төрт күнде «Заманback 2» 435 млн теңге жинап, рейтингіде топ жарды. Сиквел бірінші картинаның жетістігін қайталай алар ма екен, осы жолы авторлар сюжетке қандай жаңалық қосты деген сұрақтарға жауап іздеп, фильмді киносыншы Ернар Бекенов тамашалап қайтты.

«Заманback 2» сюжет құрылымы жағынан алдыңғы фильм қалап кеткен сенімді сүрлеумен жүреді. Жаңа үйленген Азат (Рамазан Амантай) әйелімен ұрысып қалады, оның үстіне әкесінің жан досы Беканың (Әсет Иманғалиев) да көңіліне қатты тиеді. Бірнеше адаммен ренжіскеннен кейін ол тағы да жол апатына түсіп, 1992 жылға тап болады. 

Бірінші фильмде Азат әкесі неліктен ішкілікке салынып, отбасын асырай алмайтын енжар еркектің күйіне түскенін зерттеп, әкесінің өткен шағы арқылы оны қабылдауға тырысса, осы жолы әкесінің досы Бека неліктен әлі күнге дейін жар таппай, жалғыз бас жүргенін анықтауға тырысады. Осы ғана айырмашылықты айтпағанда, жалпы алып қарағанда, екінші картина сюжет құрылымы жағынан бірінші фильмнен алыстай қоймаған.

Түсіру тобы да өзгеріссіз қалғанын байқаймыз, бәлкім осының да әсері бар шығар? Бірінші фильм режиссері Дархан Саркенов, авторлар Шадияр Есенәлі, Ділдәбек Бегайдаров, Мұрат Амантай — екінші бөлімді де түсіріп шықты. Әнші Серік Ибрагимов екі картинаға да бас продюсер болып отыр.

Бірінші фильмде бас кейіпкер 1994 жылға түсіп, әкесі мен анасының үйленгеніне куә болса, сиквелде одан сәл ертерек уақытқа тап болып, әкесі мен оның досы тоқсандарда бандиттік жолға түскенін көреді. Тоқсаныншы жылдар десе — көз алдымызға тәуелсіздіктің алғашқы жылдары пайда бола бастаған өзгерістер, көше мен коммерцияны бақылауына алған бандиттер, пафосқа толы диалогтар мен атыс-шабыс келеді. 

«Заманback 2» фильмінің тығырыққа тірелетін тұсы да осы сияқты. Ол біріншіден өзгеше ештеңе ұсынбайды, фильмге жаңа бағыт-бағдар бермейді. Дәл сол кейіпкерлер, өте ұқсас оқиғалар. Рамазан Амантайдың кейіпкері тоқсаныншы жылдарға қайта-қайта баруына аға буынды түсініп-қабылдағысы келгені емес, сол заманға аңсары ауғаны себеп болғандай әсер қалдырады.

Негізі бұл жерде авторлар ұсынған идея жаңа болмаса да қызық еді. Олар көтерген тақырып — екі ұрпақ арасында жиі ұшырасатын түсінбеушілікті зерттеу. Кейіпкердің саяхаты арқылы белгілі бір түйінге келу және шешім шығару. Бірінші фильм біраз кемшілігіне қарамастан бұл міндетті атқарғандай болды, алайда екіншісі бұл идеяны өрбітпейді және көрерменге жаңа ештеңе ұсынбайды. 

Оның үстіне тоқсаныншы жылдардағы қилы кезеңді кинода романтизациялайтын дәуірді артта қалдыратын кез келген сияқты. Рэкет пен бандитизм туралы қаншама сериал, қаншама көркем фильм түсірілді. Осы тақырыпқа біздің кинематографшылардың қайта айналып келудегі табандылығы таңғалдырмай қоймайды. Бір тақырыпты қаузай берсе — оның «дәмі» кете бастайды екен. «Заманback 2» кейіпкерлері де тоқсандардың шынайы көрінісін беретін фигуралар дегеннен гөрі, анекдот образдарды көбірек еске түсіреді. 

Себебі уақыт алға жылжыған сайын тоқсаныншы жылдардың шынайы бейнесі де ұмытылып, алыстай түсетіні анық. Қазір кинода ойнап жүрген жастардың дені тоқсаныншы жылдарды көрген жоқ, оны осындай романтизацияланған поп-мәдениеттен ғана біледі. Сол себепті олар құрған образдар — диалогы, қимыл-әрекеті шынайылықтан тым алшақ жатыр.

Фильм комедия деп аталғанымен, таза осы жанрдың киносы деп айта алмаймыз. Бірінші жартысын әзілі, күлкілі оқиғасы көп жеңіл комедия деуге болады, ал екінші жартысын трагедия, қанға толы қатыгез сахналар алып тұр. Жанрлар қойыртпағы — сюжеттің құрылымын сынға алуға себеп болғанымен, көрерменді кинозалға көптеп тартатын тәсіл екенін мойындау керек. «Заманback 2» (бірінші бөлімі де) — жанрлар коктейлін қолданған отандық картиналардың алғашқысы да, соңғысы да емес. Әдетте мұндай тәсіл касса табысына пайдасын береді.

Көрерменге ностальгия сыйлайтын сәттерді — фильмнің тағы бір ұтымды тұсы деуге болады. Бірінші фильмде халықтың сүйікті әншісі болған Мәдина Ералиева трибуты болды, бір сәтке саяси қайраткер болған Заманбек Нұрқаділов образы көрініс тапты. Екінші бөлімде де авторлар тарихи тұлғаларға құрмет белгісін көрсетеді. Шәмші Қалдаяқов бір эпизодта пайда болып, халық сүйіп тыңдаған әндерінің үзіндісі ойналады. Мұндай сәттердің сюжетке әсері болмаса да, өткен шаққа саяхат туралы киноға сенуге сәл де болса үлес қосады әрі көрерменге жылы, сағыныш сезімін береді.

«Заманback» авторлары Роберт Земекистің «Болашаққа қайту» («Back to the Future») фантастикалық комедиясынан шабыт алғаны байқалады. Біріншіден, бұл атауының өзінен көрінеді (back сөзін қолдану, қаріп түсінің ұқсастығы), екіншіден ата-анасының өткеніне барып, жіберілген қателіктерді түзетуге талпыныстан ұқсастық бар. Земекистің киносында әр бөлім шыққан сайын сюжеттің өрбігенін көрдік. Жаңа бөлімде бұрынғыға ұқсамайтын мүлдем жаңа хикая айтылатын, фильмдер сериясы сонысымен қызық еді.

«Заманback 2» ең болмағанда осындай артықшылықтарды пайдалануға тырыспағаны өкінішті. Тек финалында ғана үшінші бөлімге бастау бола алатын эпизод бар демесеңіз, екінші бөлім түптеп келгенде жаңа ештеңе ұсына алмайды. 

Дегенмен фильм өз көрерменін тауып, көзделген қаржылық табысқа жетеді деген сенім бар. Авторлар көрерменін күлдіруді де, жылатуды да біледі. Бірінші картина сыйлаған эмоциялар екіншісінен де табылады. Артық бетбұрысты қаламайтын, ауыр да астарлы ойға батырмайтын сюжет іздеп келген көрермен іздегеніне қарық болып, алдыңғы фильмнен ұнатқан кейіпкерлерімен қайта қауыша алады.

Оқи отырыңыз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Как образ вип-казашки стал манифестом женской уверенности
Стиль
#мода
Как образ вип-казашки стал манифестом женской уверенности
Швеция ограничила доступ к ChatGPT и Claude на рабочих компьютерах
Бизнес
#технологии
Швеция ограничила доступ к ChatGPT и Claude на рабочих компьютерах
Киану Ривз сыграет в новом боевике Netflix
Культура
#кино
Киану Ривз сыграет в новом боевике Netflix
Астана впервые за семь лет принимает чемпионат мира по борьбе
Город
#события
Астана впервые за семь лет принимает чемпионат мира по борьбе
В клипе A$AP Rocky обнаружили сходство с другой видеоработой
Культура
#музыка
В клипе A$AP Rocky обнаружили сходство с другой видеоработой