QARAKESEK — сіз білмейтін феномен

QARAKESEK — сіз білмейтін феномен

Соңғы екі жыл ішінде QARAKESEK есімі медиа алаңдар мен үлкен фестивальдерде аса үлкен назарға ілікпесе де, музыкант миллиондаған жаннан тұратын үлкен өзіндік аудиториясын жинады. 

Қазіргі күннің өзінде YouTube желісінде көптеген әндері 10 миллион тыңдалымнан көп жинаса, музыкант мансабындағы басты локомотиві – «Қураған гүл» трегі 26 миллион тыңдалымнан асып түсті.

Бүгін біз сіз бәлкім біле бермейтін QARAKESEK феномені туралы сөз қозғаймыз.

Сіз кімсіз, Қ мырза?

Оралдық 28 жасар Омар Амантаев музыкадағы жолын 15 жасында 2011 жылы бастаған. Мансабын West EAGLES Prod. шығармашылық тобымен бірге бастап, алғашқы тректерін және олардың орындауын веб-камераға түсіріп, вконтакте желісіне салған. Қазіргі таңда желіде Омардың 240-тан астам тректері бар.

Алғашқы туындылары қатал, күрделі көше рэпі пен лирикаға толы баяу әндерінен тұрды. Егер де Қаракесектің мансабының басындағы әндер мен қазіргі әндерін салыстырсақ, үлкен айырмашылық көрмейміз.

Рэп-баттлдар

2010 жылдардың басы қазақ тілді рэп-баттлдардың дүркіреп шарықтаған шағы. Ninety One тобының мүшесі ZAQ-тың естеліктері бойынша, Ash QaZaQ Pro-ның онлайн баттлдары, атап өткенде сегізінші баттл екі мыңнан астам қазақтілді рэперлердің басын қосқан.

QARAKESEK 12 рэп-баттлға қатысып, көбіне жеңіліске ұшырап та, жарқын жеңістерге де жетіп отырған. Дәл солай 12 баттлдың ішінде тек бір рет жартылай финал кезеңіне жеткен. Жоғарыда атап айтылған сегізінші баттлда үшінші орын иемденген рэпер Noni-мен кездесіп, жеңіліс табады.

Халықтық танымалдық

Соңғы екі жыл ішінде Қаракесек әлеуметтік желілердегі кішігірім ортаға белгілі рэперден миллиондаған тыңдалымдар жинайтын рэперге айналды. Оған себеп «Ауылдың қызы», «Әппағым», «У шу» және «Қураған гүл» сынды тректері әлеуметтік желілерде қатты танымалдыққа ие бола бастағанында.

2016 жылғы KZ Sound жергілікті рэперлерді таратумен айналысатын вконтактедегі топқа берген сұхбатында теледидарға шығуға мүмкіндік күтпейтінін айтса, алты жылдан кейін жылдың басты премиясы Қызық премияда «Жыл жаңалығы» атанып, қала күндері мен шетелдік турлар сияқты ауқымды іс-шараларға шығып, мыңдаған халық оның әндерін бірге шырқайтын деңгейге жетті.

Осы бір сәтте, сөзсіз, орынды неге және қалай деген сұрақ ойға келеді. Оған бірнеше себеп бар.

Басты себептердің бірі он жылдан аса еңбек пен бастапқы орындау стилі мен тақырыптарын сатпай, оларға берік болу арқылы өз жолын салғанында. Қаракесектің кейсінде бір нүктені үздіксіз ұру шығармашылық таусылу, жалықтыру мен дамымау емес, керісінше, стилін нығайтуға алып келді.

Екінші себеп қазақтілді жас тыңдармандар мен шетелдік MiyaGi, Эндшпиль сынды лайлы рэптің фанаттары үшін лирикалық, мұңды жаңа дәуірдің әнші кейіпкерінің болмауы.

Омар өзінің шынайылығы мен лирикаға толы мұңды әндерімен және тыңдармандар жүрегіне жақын пышақтай өткір тақырыптарымен, махаббат пен өмірдегі қиындықтарды бастан кешіп жатқан жастардың жан айқайының музыкалық келбетіне айналды десек болады.

QARAKESEK-тің музыкасы сазды лай сияқты тыңдармандар құлағынан түспей, өзінің терең, қараңғы әлеміне алып кете отыра, өзінің адами тұйық, жабық бейнесімен, лирикалық музыканың жаңа есігін ашқан қазақ поп мәдениетінің жарқын өкіліне айналды.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Oлимпийский гид: главные герои и самыe громкие интриги Пaрижа-2024
Культура
Oлимпийский гид: главные герои и самыe громкие интриги Пaрижа-2024
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Культура
#музыка
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
Город
#события
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
Культура
#кино
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
Культура
#кино
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории