Mousetrap: болмыс туралы корей триллері

Mousetrap: болмыс туралы корей триллері

Бір күні оянғаныңызда телефоныңыз кенет сізді танымай қалды деп елестетіп көріңізші. Банк шотыңызға кіре алмайсыз, тұрып келген үйіңіз енді сіздікі емес, ал жақындарыңыз сізге бөтен адамдай қарайды. Netflix-тің жаңа корей триллері Mousetrap дәл осындай қорқынышты жайттан басталады. Корейтанушы Айғаным Төлеулиева ’98mag журналының өтінішімен сериал авторлары корейдің көне аңызы мен цифрлық дәуірдегі мәселелерді қалай ұштастырғанын талдап шықты.

Photo: Yoo Eun-mi / Netflix

Сериалдың жетістігі

Mousetrap биыл 28 тамызда жарық көріп, небәрі үш күн ішінде Оңтүстік Кореядағы Netflix рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Сондай-ақ Netflix-тің әлемдік Top 10 тізіміндегі ағылшын тілінен өзге сериалдар арасында бесінші орынға жайғасып, алғашқы үш күнде 2 миллион қаралым жинады. Сериал Сингапур, Индонезия, Малайзия, Нигерия мен Катарды қоса алғанда, 13 елдің Top 10 тізіміне енді.

Бұл психологиялық триллер көрерменді несімен баурады? Оның жауабын табу үшін Mousetrap әлеміне үңіліп көрейік. Мұнда адамның жеке басы мен кім екені оқиғаның өзегіне айналады.

Сериал 2017–2020 жылдары жарық көрген танымал корей вебтуны Field Mouse желісі бойынша түсірілген. Ол корей халқының «Тырнақ жеген егеуқұйрық» атты көне аңызын арқау еткен. Аңыз бойынша, егеуқұйрық адамның тастап кеткен тырнағын жеп, кейін сол адамның кейпіне енеді. Бұл — балаларды қорқытып қана қоймай, сақ жүруге үйрететін көне халық хикаяларының бірі. Ал Mousetrap осы аңызды қазіргі цифрлық дәуірге бейімдеп, біреудің кейпіне ену идеясын оның жеке деректері мен өмірін иемдену тақырыбымен ұштастырады.

«Егеуқұйрықтың» қылмысы

Оқиғаның бас кейіпкері — Мун Джэ. Оның есімі корей тіліндегі «мәселе» деген сөзбен үндеседі. Мун Джэ — адамдардан оқшау өмір сүретін детектив романдардың авторы. Ол кейінгі үш жылын Сеулдегі заманауи көпқабатты үйдің пәтерінде сыртқы әлемнен бой тасалап өткізген. 

Бірақ бір күні таңертең бүкіл өмірі астаң-кестең болады. Телефонын саусақ ізімен аша алмай қалады. Банк қосымшалары оның деректерін қабылдамайды. Жылжымайтын мүлік агенті пәтерден тез арада кетуін талап етеді. Тіпті достары мен туыстары да оған күдіктеніп қарай бастайды. Осылай Мун Джэ бір-ақ күнде жат адамға айналады.

Ең қорқыныштысы Мун Джэ өзінен айнымайтын адамды көргенде басталады. Ол Мун Джэнің түрін ғана емес, дауысын да дәл салып, ақырындап оның өмірін иемденіп алады. «Егеуқұйрық» деп аталатын бұл жұмбақ жаратылыс Мун Джэнің өмірдегі ізін біртіндеп өшіріп, оның орнына өзі жайғасады.

Жалғыз қалып, тығырыққа тірелген Мун Джэ енді кімге сенерін білмейді. Осы кезде ол қарызға ақша беретін өсімқор Но Джамен және детектив Пак Сон Ёнмен танысады.

Мұндай күрделі әрі шиеленісті оқиғаны алып шығу үшін актерлердің ойыны да сенімді болуы керек.

Көпшілікке Reply 1988 драмасы арқылы танылған Рю Джун Ёль сериалда бірден екі рөлді сомдайды. Ол жазушы Мун Джэнің де, оған айнымай ұқсайтын жұмбақ «Егеуқұйрықтың» да рөлін ойнайды. Бұл — актердің мансабындағы алғашқы қос рөл. Рю Джун Ёль екі кейіпкердің айырмасын сырт келбетімен ғана емес, дауыс мәнері, жүріс-тұрысы, мимикасы мен мінезіндегі ұсақ детальдар арқылы көрсетеді. Актердің айтуынша, ол бұл рөлді режиссермен ұзақ талқылап, екі кейіпкерді сомдауға тыңғылықты дайындалған.

Peppermint Candy және Public Enemy фильмдерімен танылған корей киносының ардагері Соль Гён Гу өсімқор Но Джаның рөлін сомдайды. Ал Prison Playbook пен Hospital Playlist сериалдары арқылы көрерменге таныс Ли Гю Хён істің ақ-қарасын анықтауға тырысатын детектив Сон Ённың рөлінде ойнайды.

Неліктен Mousetrap көрерменді қызықтырды?

Mousetrap сериалының қысқа уақыт ішінде көпшіліктің назарын аудара алғаны бекер емес. Бұл туындының ерекшелігі — қазіргі адамға жақсы таныс, бірақ күнделікті өмірде көп ойлай бермейтін қорқынышты жайтты жеткізе алғаны. Бүгінде біздің кім екенімізді тек түр-тұлғамыз емес, жеке куәлігіміз, саусақ ізіміз, банк шотымыз, цифрлық аккаунттарымыз бен басқа да деректеріміз растайды. Ал осының бәрінен бір сәтте айырылып қалсақ не болмақ?

Mousetrap дәл осындай жағдайда адамның қоғам үшін «жоқ» болып кетуі қаншалық оңай екенін көрсетеді. Рю Джун Ёль мен Соль Гён Гу де сериалдың осы қырына ерекше назар аударған. Сондықтан бұл біреудің жеке деректерін ұрлау туралы триллер ғана емес, дорама цифрлық жүйеге тәуелді қоғамда адамның жеке басы қаншалықты дәрменсіз екенін көрсетеді.

Сериалдың тағы бір ұтымды тұсы — жұмбақты бірден ашпай, оқиғаны біртіндеп өрбіткені. Әр бөлімде жаңа сұрақ туып, бір құпияның астарынан екіншісі шығады. Көрермен де Мун Джэмен бірге өтіріктің ізіне түсіп, кімге сенуге болатынын түсінуге тырысады. Кейбір сұрақтың жауабы тек соңғы бөлімдерде белгілі болады. 

Сериалды өзгешелейтін тағы бір нәрсе — бірнеше жанрдың қатар жүргені. Мұнда корей халық аңызы, психологиялық триллер, детектив, қара юмор мен экшн элементтері бар. Соның арқасында Mousetrap-тың көп корей драмасына ұқсамайтын өзіндік атмосферасы қалыптасқан.

Біздің жеке басымыз туралы ақпарат құжаттарда, банк шоттарында, әлеуметтік желілерде, биометриялық деректерде және басқа да цифрлық жүйелерде сақтаулы. Ал осының бәрі бір сәтте басқа біреудің қолына түсіп, өзіңіздің кім екеніңізді дәлелдейтін ештеңе қалмаса не болмақ? 

Mousetrap осы сұрақ арқылы адамның қоғамдағы орны кейде оның ішкі болмысынан гөрі, оны растайтын құжаттар мен цифрлық деректерге көбірек тәуелді екенін көрсетеді. 

Оқи отырыныз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Вышел первый казахстанский супергеройский сериал TOXIC
Культура
#кино
Вышел первый казахстанский супергеройский сериал TOXIC
Музыкальный театр Stages представит в Астане «Мёртвые души»
Город
#события
Музыкальный театр Stages представит в Астане «Мёртвые души»
Таиланд сократит срок безвизового пребывания для граждан Казахстана
Ликбез
#общество
Таиланд сократит срок безвизового пребывания для граждан Казахстана
Энтони Бурден — обаятельный хулиган кулинарного мира
Культура
#кино
Энтони Бурден — обаятельный хулиган кулинарного мира
Стали известны победители 83-го Венецианского кинофестиваля
Культура
#кино
Стали известны победители 83-го Венецианского кинофестиваля