«Күйді өлтірмеу — негізгі міндет». Алматыда күй өнерінің өткені мен келешегі талқыланды

«Күйді өлтірмеу — негізгі міндет». Алматыда күй өнерінің өткені мен келешегі талқыланды

31 наурыз күні Almaty Museum of Arts-та «Ұстаз-шәкірт. Күйшілер сабақтастығының үзілуі» атты деректі фильм көрсетілді. Қазақ күй өнеріндегі ұстаз бен шәкірт бітімі қандай еді, қазір қалай деген тақырыпты қаузаған туынды «Шежірелі құлақ күй» жобасы аясында түсірілген. Көрсетілімге жиырмадан аса адам қатысты. Фильмнен соң көрерменмен қазақтың мыңдаған күйі қалай орындалып жүр, келешекке қалай сақталып жатыр деген мәселе талқыланды.

Фильм кейіпкері — белгілі күйші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біләл Ысқақ. Ол қазақтың шертпе күй дәстүрін жаңа деңгейге көтерген Тәттімбет Қазанғапұлының немересі Шайқы Мұсатайұлынан күй үйренген. Алаш партиясының жарғысын жазуға қатысқан Шайқы ақсақал бала Біләлға «Сен менің болашаққа жазып отырған хатымсың» деп өсиет айтқан екен. 

Біләл Ысқақтың сөзінше, қазақта 10 500 күй бар, оның жеті мыңы домбырада орындалса, қалғаны қобыз, сыбызғы, сазсырнай сияқты басқа аспаптарда ойналады. «Өкінішке қарай, соның бәрі орындалмайды. Себебі орта жоқ, қазір күй тыңдайтын адам аз. Күй басқа ортада туған. Одан бөлек, тарихтың қойнауында қалған дүниелерді шығару оңай емес. Біздің негізгі міндетіміз — күйді өлтірмеуіміз керек» деді Біләл Ысқақ көрсетілімнен кейінгі талқы кезінде.

Күйдің дәстүрін білетін, аутентик тартатын, бұрынғы сабақтастықты үзбеген күйшілер күн санап азайып барады. Жоба авторы, продюсер Әннәс Бағдаттың бұл жобаны қолға алуына осы мәселе себеп болған. Болашақта жобаға қаржылай қолдау болса, «Qūlaq Küi» ұжымы күйшілердің репертуарын кәсіби деңгейде таспалап, оларды Spotify, Apple Music сияқты танымал музыкалық платформаларға шығаруды көздеп отыр. 

Әр күйдің түбінде жүректі қозғайтын тағдыр жатыр. «Шежірелі құлақ күй» атты деректі топтама күйдің көпке беймәлім тарихын зерделеп, патшалық Ресей мен Совет тұсындағы отарлық езгінің күй өнеріне әсерін баяндаған. 20 сериядан тұратын жоба күйді тек әуен ретінде емес, халықтың тарихи жады, ұлттық кімдігі мен отаршыл жүйеге қарсылық тілі ретінде тануға жол ашқан. Авторлардың айтуынша, күй өнерінің тағдырынан отарлаудың мәдени геноцид екенін сезінесіз. Видеолардың орыс және ағылшын тілдеріндегі субтитрлері бар.

 

«Шежірелі құлақ күй» жобасы туралы бұған дейін біз бірнеше сериядан тұратын материалдар жазғанбыз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Почему вам стоит посмотреть «Начальную школу “Эбботт”»
Культура
#кино
Почему вам стоит посмотреть «Начальную школу “Эбботт”»
«Табакошка»: как остро-социальная аниме-сатира заставляет бросить курить
Культура
#кино
«Табакошка»: как остро-социальная аниме-сатира заставляет бросить курить
ФК «Кайрат» не согласовал дату концерта Канье Уэста в Алматы
Ликбез
#общество
ФК «Кайрат» не согласовал дату концерта Канье Уэста в Алматы
Зритель как участник художественного опыта: о июльских выставках в галерее Алматы
Город
#события
Зритель как участник художественного опыта: о июльских выставках в галерее Алматы
Очки Meta от Кайли Дженнер — прогресс, защита или новая форма слежки?
Бизнес
#технологии
Очки Meta от Кайли Дженнер — прогресс, защита или новая форма слежки?