«Мынауың сатира ма?» — фильмнің месседжі жанымыздан өтіп кеткен сәттер

Сатира– өте күрделі тақырып. 

Жиі адамдар негізсіз, кез келген жағдайға байланыстырып  “сатира” түсінігін қолданады. Сатираның не екенін және оның не мақсатта қолданылатынын анықтау үшін, көрнекі мысал ретінде, біз көрермендердің басынан сатира өткен жағдайларды таңдап көрсеткіміз келеді. 

Сатираның фильмде кездесетін бес  үлгісін таңдадық, айқындық үшін ең оңайынан (Level 1) ең қиынына (Level 5) дейін қарастырамыз.

Level 1: (500) Days of Summer

Тікелей мазмұны: Том құттықтау тілектер жазушысы және үмітсіз романтик. Ол алғаш Саммерді (Жаз) кеңсесінде кездестіргенде, оның «сол жалғызы» екеніне сенімді болды. Біз олардың қарым-қатынасын анахронистік түрде еріп бақылаймыз. Біз Томды түсінеміз, өйткені Саммер ақылға қоныбайтын себептермен бір-бірімен қосылуына үнемі қарсы тұрады. Жағдай, қыз өзін алыстата бастағанда тез нашарлай түсетінін бақылаймыз. Саммердің басқа біреумен құда түскенін білгеннен кейін ғана, бар үмітін жоғалта, Том өмірлік арманы бойынша жұмыс істей бастайды. Соңы екіұшты болса да, ол Отомн (Күз) есімді қызбен танысып, осы жолы нағыз ғашығын тапқандай сияқты.  

Сатиралық оқу: Том — көпшілік сияқты британдық постпанкті ұнататын, өзіндік «бір» идеясын қабылдаған әсерлі жас жігіт. Ол көптеген ер адамдарға тартымды Саммер атты сұлу қызға ғашық болады. Томның қызға деген махаббаты үстірт. Фильмнің слогында бұл махаббат хикаясы емес дегені рас. Letterboxd платформасында бірнеше романтикалық комедиялар тізіміне қосылғанына қарамастан, фильм тек ромком формасын ғана пародиялайды. Бастапқы кездесу, махаббаттың дерлік кезеңі және ерлі-зайыптылардың қайтадан қосылуына әкелетін ⅔ фильмінің классикалық қақтығысы бар: біреу тым табанды, ал екіншісі тым тәуелсіз. Ромком ережелері бойынша осы мезетте екеуі де өз қателіктерінен сабақ қорытындылау қажет. Бірақ, бұрым! «Ғашықтар» қайта қосылмайды. Саммер басқа адаммен бақ қосады, ал Том басқаша өмірін өңдейді. Том өз қиялын қуу кесірінен Саммерден айырылады. Бұл шынайы ғашықтық сезім екені күмәнді болып қалады.

 «Сол жалғызым» идеясы — балалық  шақта бір фильмді түсінбей қараудың нәтижесі. 

Level 2: American Psycho 

Тікелей мазмұны: Патрик Бейтман — «красавчик». Оның жақсы пәтері, керемет жұмысы және сүйкімді қызы бар. Осындай көркем бейнелі өмір, көптеген адамдардың фильмді аяғына дейін көрмеуінен, немесе тикток клиптері арқылы бекітілуі мүмкін. Бірақ, американдық психо-ның жақында ренессанс мемдер арқасында, көптеген адамдар оның өмір салтын үлгі және өмірге жақындау әдісі деп санады. Патрик бұл жерде жоқ, өйткені, ол қандай да бір жолмен көп нәрсені ағартқан, нирванаға жеткен кейіпкер ретінде ұйғарылады.

Сатиралық оқу: Патрик Бейтман — аянышты. Өзі өзекті және хайпты адам ретінде көрінгісі келеді, бірақ фильмде ешкім оның атын да білмес, жүзін де танымас. Кісі өлтіргеннен кейін, оның маниалық эпизодының салдары жасырын қалады, ал мойындауына ешкім сенбейді. Соншалықты аянышты кейіпкер болғаны. Тіпті оның күш-жігері маңызды емес. Көрермендер күліп, бүкіл болмысының түбі — «баршаға сәйкес келу» деген кейіпкердің басынан өткенін бақылайды. Патрик ол жерде жоқ, өйткені ондай адам жоқ. Ол «адам» дегеннің қабығы және қанша тырысса да оның есімі ешкімнің есінде қалмайды.

Level 3: Fight Club

Тікелей мазмұны: бұл фильм жай ғана еркектік шұңқырдың суреті. Кейіпкер кеңседегі жұмысы қанағат бере алмайтына көзі жетіп, зорлық-зомбылық үрдістерін бағыттау үшін күрес клубын құрайды. Ол террористік ұйымды өз білмесінен бастап, фильмнің соңында қазіргі заманғы мессия рөлін қабылдауымен аяқталады. Осылайша, көрермен бұл оқуды қабылдап, өз пайымдауын жасай алады: кейбіреуге бұл тамаша фильм, өйткені бұл артықшылықты еркектің қиял нәтижесі. Немесе, дәл сол себептен, әлдекімге нашар фильм. 

Сатиралық оқу: бұл фильм, шын мәнінде, гей болу туралы. Фильмге негізделген кітап авторының жеке басын елемегеннің өзінде де, гомосексуализм тақырыптары анық. Біз Брэд Питт кейіпкерінің киіну мен өз-өзін ұстау мәнерін үлгі ретінде ала аламыз. Шынайы әлемдегі өзара әрекеттесуден, шаттық сезімінен алшақтатқан заманауи капиталистік әлемде, кейіпкер ұйқысыздық жағдайына тап болады. Ашығымен сезім ашу үшін, ол ер адамдарға эмоцияларын білдіруге рұқсат етілген кеңістіктерге барып, өзін еркін сезіне бастайды. Кейінірек, ол құр жылау жеткіліксіз деп шешіп, күрес клубын құрады. Бақыланатын ортада бір топ ер адамдар жиналып, бір-біріне қол тигізе алатын алаң жасайды. Ал еркіндік сексуалдық жолмен жүзеге аспайтындықтан, ол токсик еркектікке түсінікті күшпен, зорлықпен шығады. Өйткені, күрес клубы шынымен күресу мәні туралы болса, жеңіс маңызды орын алар еді. Тайлер бәрін терістеп, бұлай емес екенін нақты айтады. Шын мәнінде, жеңіліс пен процесстің өзі маңыздырақ деп саналады. «Сіз басқа жігіттердің денесіне қол тигізу үшін күрделі рәсімдер құрайсыз» деп цитата тәрізді айтқан.

Фильмнің соңындағы күйреу мен апатқа ұшырау, осылайша, қанағаттанбаған ерлер өз көңіл-күйін теріс бағыттаған кезде, қандай соқтығыс болатынын мысал ретінде түсіндіруге болады. Тақырыпқа махаббат тұрғысынан келудің орнына, кейіпкер Джаред Летоның кейіпкерін ұрып соғады, өйткені ол «әдемі» нәрсені жойғысы келді.

Level 4: Starship Troopers

Тікелей мазмұны: жәндіктер жексұрындар! Егер мен сонда болсам, мен де әскерге барар едім! Бұл — 23 ғасыр, жасөспірім Джонни Рико әскерге жазылғысы келеді. Фильмде ол парыздың шынайы мәнін үйреніп, кәмелетке толу процессі баяндалған. Жасыл көзді сүйкімді бала сүйіктісі үшін әскерге барғанымен, кейінірек құрбандық пен әскер адалдылығының маңызын танып түсінеді. Осы интерпретация — фильм 1997 жылы алғаш рет шыққанда көпшіліктің көру түсінігі еді. Өрмекшілер — жаман, адамдар — жақсы.

Сатиралық оқу: әскер мен соғыс — жаман. Starship Troopers — фашизмнің сатирасы. Жәндіктер планетасы галактика жүйесінің екінші шетінде орналасқан алғашқы кадрлардан бастап, біз көріп отырған агитпроп, бізді әскери науқанның әділдігіне сендіруге тырысады. Бірнеше юморлық сәттері бар. Мысалы, бір сарбаз «әскерилер мені бүгін көріп тұрған еркек етті» десе, камера оның аяқсыз денесін көрсетеді. 

Джонни отаны — Буэнос-Айрес, 1945 жылдан кейін фашисттік соғыс қылмыскерлерінің танымал қашу орны. Джоннидің досы, Нил Патрик Харрис ойнаған кейіпкер, тіпті SS формасының тура көшірмесін киіп жүрді. Фильмде орта мектептен бастап, казармаға екіленіп келіп, фашистік жүйенің идеяларын белсенді түрде насихаттауға дейін, ілім-білім беру ғұрыптарынан өтіп жатқан жастар басынан өткен оқиға суреттеледі.

По заңы

Бұл фильмдердің сатирасы мен әзілін (әсіресе Starship Troopers) түсіну қиынға соғатын нәрсе — кейіпкерлерін мүмкіндігінше шынайы бейнелеуге деген ұмтылысын атап өтеміз. Бұл құбылыстың өз термині бар: «По заңы». «По заңы» бойынша, кез келген пародия мен сатиралық шығарма, пародиялауға тырысатын нәрсені шынайы бейнелеу арқасында сатира емес, шынайы зат ретінде қабылдануы. 

(500) Days of Summer — Том сияқты, белсенді түрде «жалғызын» іздейтін жастарға сабақ/сауап орнына еліктейтін үлгіге айналады.

American Psycho «сигма» — ерлер номиналды құны бойынша қабылдайтын мемдер мен өңдеулердің кесілген шатасуы болды. 

Fight Club — өз өмірлеріне қанағаттанбаған жас жігіттерге арналған, өздерінің ашу-ызаларын зорлық-зомбылық түрінде таратудың мысалы ретінде қарастырады. Starship Troopers фильмі сатиралауға тырысатын адамдарға ұнайтын фильм болды. 

Барлық фильмдер өздерінің сын тақырыбы ретінде таңдаған кейіпкерлерін ортаға салады, тек динамикасы әртүрлі. Том әрекетсіз, ақымақ ретінде өте айқын бейнеленеді. Достары әрқашан оның қате болжамдардын дауға салады. Керісінше, Starship Troopers-те оппозициялық дауыс тіптен жоқ. Хабардың осы шарын ажыратып, қорытындыға келу көрерменнің қолында.

Сапалы шығарма жасау үшін, фильмдер бізге адам деңгейінде қатысатын оқиға желісімен тартымды болмаса да, жанашарлық кейіпкерлер туралы болуы керек. Осы құрамдас бөліктерсіз фильмді көру мүмкін емес. Томға не Тайлер Дюрденге не Джонни Рикоға мән бермейтін көрермен, фильмді өшіріп, немесе кинотеатрдан шығып кете салады. 

Француз кинорежиссері Франсуа Трюффо анти-соғыс фильмдер жайлы: «Соғыс туралы әрбір фильм соғысты жақтайды», — деп айтқан-ды. Кейде бір нәрсені бейнелеу оны мақұлдаумен тең болуы мүмкін. Әсіресе, бейнелеу түпнұсқаға бейімделгенде. Осылайша, сатира фильмдері парадоксқа түскендей: жақсы сатира жасау үшін өз тақырыбыңызды түсінуіңіз керек, тақырыпты терең адами деңгейде түсіну арқылы, алайда, сатира ретінде оқылмай қалатын бейнені жасау тәуекелі мүмкін. 

Мен жоғарыда аталған фильмдерді көргенде, алдын ала «сыни көзқараспен қарауға дайынмын» деген түсініктермен келдім. Фильм көру барысында бәрі бірдей жауынгерлік көзқарасқа ие емес. Фильмді көрудің бірінші функциясы —  көңіл көтеру.

Level 5: Midsommar

Fight Club сияқты фильмдер мен үшін жаралмаған, өйткені мен олардың сатирасының тақырыбы емеспін. Бірақ, мен де көркем шығарманы қате оқудан аулақ емеспін. Midsommar — өте түсініксіз және қайшылықты фильм. Тізімдегі басқа жұмыстармен салыстырғанда бұл фильм жақында шықты. Әлбетте, фильм көпқырлы, бірақ мен кинотеатрға кірген кезде, бұл әңгіменің “good for her” жанры болуы керек екенін білгенмін. Әрине, оны дәлмедәл қабылдадым. Фильмнің орталық темасы –  культтар; мен олардың адамдарды өзіне аулайтын механизмдері екенін де аңғармай қалдым. Фильм менімен культ лидері сияқты ойнай салды. Сатира аңғармай қалуға бәріміз душар болуымыз мүмкін.

Осының барлығын айта, мен бұл шығарманың, кейбір фильмді талқыланған  адамдардың соншалықты айқын хабарын түсінбегені үшін, ақымақ екендігі туралы айтқанын қаламаймын. Бұл тым оңай болар еді. 

Бірақ, бәрібір бізде «өнерді тегістеуге тырысу» деген де мәселе бар-ау. Өйткені, мұнда ұсынылған фильмдердің интерпретациялары да белгілі бір дәрежеге толық емес болуы мүмкін. Мен санамалаған фильмдердің барлығы бөлшектерге үлкен мән беретін күрделі жұмыстар. Бұл олардың әртүрлі заттарды, әртүрлі адамдарға қалай айқындай алғанын көрсетеді. Бізге Fight Club сияқты қосарласты фильмдерге үйрену керек. 

Жаңа фильм түсірілгеннен кейін, бірнеше секунд өтер-өтпес YouTube сайтында фильмінің мазмұны мен анализін  түсіндіруге дайын болатын «кликбейт» видеосы шығады. Әлемде өнер туралы өзіміз ойлауға рұқсат етілмейді. Әрбір көрерменге өз хабарламаларын айқын білдіретін “Barbie” сияқты фильмдердің танымалдығы, тағы ұқсас туындылардың толқынын тудыруы мүмкін. “Barbie”-дің не туралы екенін болжау керек емес, бірақ “Anatomy of a Fall” сияқты феминистік фильмдердің басқа күрделі мысалдары бар. 

Біз күнделікті жанжалдар мен қорқынышты оқиғаларға толы әлемде өмір сүріп жатырмыз. Толық қасіретке бару және жаңалықтарды елемеу, немесе депрессия нүктесіне айналдыру үрдісі де бар. Бұл жағдайларда медиа-сауаттылық маңызды — осы екіұштылықтың жайсыздығында отыруға үйрете алады. Жаманды жақсымен бірге алу керек. Өмірдің  бар көркемі «күн сәулесі» мен «раушан гүлдері» емес екенін есте сақтаңыз.

(500) Days of Summer, арманындағы қыз өзін «дос-зонаға бөлді» деп ойлайтын; өзін Джозеф Гордон-Левитттің кейіпкерінде көретін (актердің харизмасына тең келмесе де) әрбір мизогинист адам үшін бұл «Киелі кітап» болуы мүмкін. Көрерменге шынайы адамдар сияқты қарауды тоқтатып, оның орнына проекциялау үшін қиял-ғажайып бейнелерді жасағанда не болатынын ескерту белгісі.

Қалай болғанда да, мұнда тізімделген фильмдер түгелімен шедевр болмаса — жақсы. Оларды, бірінші, қайта бір көз жүгіртіп көріңіз, сонда не ойларсыз? 

Көптеген медиа — фильм болсын, сериал болсын, кітап болсын, өз айтарын және мазмұнын шайнап, ауызыңызға салмас. Салмау да керек. Беріліп кино қараудың да өз жаманы бар-ау. Әрқашан да, бір ғана мақсатпен көріп, соны ғана іздеу — көптеген адам еңбегінен шыққан туындыны қарапайымдылауға әкеледі. Режиссер мен продюсерлер қауымның қарапайым фильмді ұнатады деген себеп- салдарына да әкелер. Ал біз ашық, не жасырылған  сатираны түсінбеген, не байқамаған сәттеріміз болса, оны тек мазақ қылмай, дұрыс  сұрақ қойып жауапқа ізденуіміз керек. Анти-интеллектуализмге бас бұрмай, бір- бірімізбен ой мен сезім алмасып, медиасауаттылыққа үйренгеніміз үлкен қадам болатын еді.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Добро пожаловать в «Kokomba»: о выставке Ambujerba и Kokonja
Город
#события
Добро пожаловать в «Kokomba»: о выставке Ambujerba и Kokonja
Станьте частью феминистской инсталляции в Бангкоке
Ликбез
Станьте частью феминистской инсталляции в Бангкоке
Зины: история, эволюция и культурное влияние
Ликбез
Зины: история, эволюция и культурное влияние
Глава Nomad Stunts организует первую в Европе премию для каскадёров
Культура
#кино
Глава Nomad Stunts организует первую в Европе премию для каскадёров
«Sheker: последний шанс» — красиво, но очень плохо. Разбираемся почему
Культура
#кино
«Sheker: последний шанс» — красиво, но очень плохо. Разбираемся почему