«K-Pop Demon Hunters» ең көп көрілген анимациялық фильм атанды

«K-Pop Demon Hunters» ең көп көрілген анимациялық фильм атанды

АҚШ-та медиааудиторияны зерттеумен айналысатын Nielsen ұйымының дерегі бойынша, «KPop Demon Hunters» бір жыл ішінде 20.5 миллиард минут қаралған. Осылайша фильм былтыр стриминг платформаларында ең көп қаралған фильм атанды.

Nielsen есебінде минутпен есептеу әдісі қолданылған, яғни көрерменнің фильмді қанша уақыт көргені негізге алынған. 20.5 миллиард минут — шамамен 200 миллионнан астам қаралымға тең. Мұндай көрсеткішке бұрын ешбір анимациялық фильм жетпеген.

Фильмнің көрсеткіші былтыр шыққан өзге ірі жобаларды шаң қаптырды. Nielsen рейтингінде «Moana 2» мен «Despicable Me 4» сияқты танымал анимациялық фильмдер екінші және үшінші орындарға түскен. Ал «KPop Demon Hunters» маусым айынан бастап жыл бойы тұрақты түрде қаралым жинаған.

Фильмі биыл «Үздік түпнұсқа ән» (Best Original Song) аталымында Оскар сыйлығын жеңіп алған. Жүлде фильмге арнайы жазылған «Golden» әніне берілді. «Golden» әні Billboard Hot 100 чартында былтыр бес апта бойы (тамыз-қыркүйек айларында) көш бастап тұрды. Осылайша ән анимациялық жоба тарихында ең ұзақ уақыт бірінші орында тұрған әндердің бірі атанды.

«K-Pop Demon Hunters» фильмі K-pop сахнасында өнер көрсететін қыздар тобының хикаясын баяндайды. Олар күндіз ән айтатын танымал топ болса, түнде елге қастық ойлаған жын-перілермен айқасатын құпия қаһармандарға айналады. Топ мүшелері музыканы қару ретінде пайдаланып, адамзатқа қауіп төндіретін тылсым күштерге қарсы шығады.

 

Фото: Netflix

Осындай-ақ оқыңыз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
В Центральной Азии разработали единый кодекс гендерно-чувствительной журналистики
Ликбез
#общество
В Центральной Азии разработали единый кодекс гендерно-чувствительной журналистики
Кто принесёт Казахстану медали на Азиаде-2026 в Японии?
Ликбез
#общество
Кто принесёт Казахстану медали на Азиаде-2026 в Японии?
Объявлена программа XI Baiqonyr Film Festival
Город
#события
Объявлена программа XI Baiqonyr Film Festival
Millennial Optimism: почему зумеры скучают по будущему, которого не застали
Культура
#интернет
Millennial Optimism: почему зумеры скучают по будущему, которого не застали
ALPHA выпустили новый трек «PUMP IT»
Культура
#музыка
ALPHA выпустили новый трек «PUMP IT»