Dark academia: оқудың тылсым эстетикасы

Дарк академия (Dark Academia) — интернетсіз, телефонсыз оқу эстетикасымен ерекшеленетін, білім алу бағытындағы жаңа үрдіс. Ол 2015 жылы ✨ aesthetic контентке толы Tumblr желісінде бастау алған. Ал COVID пандемиясы кезінде кеңінен тарала түсті. 

Дарк академияның басқа субмәдениеттер сияқты эстетикалық өлшемдері бар. Оны ұстанған адамдардың өзінше киім үлгісі, тыңдайтын музыка жанры, оқитын кітабы мен көретін фильм-сериалы бар. 

Дарк академия субмәдениетінің өкілдері қара-қоңыр түсті белдемше, блейзер, жемпір, көйлек пен шалбар киеді. Оқушының күнделікті формасының еркін интерпретациясы десек болады. Музыкадан классиканы сүйіп тыңдайды. Youtube-тан дарк академияға сәйкес классикалық музыка жинағы көп. Олардың әрқайсының вайбы әр түрлі. Бірде ескі кітапханада отырғандай боласың, енді бірде ескі латын тілін үйренуге зейінің ашылғандай күй кешесің.

 

Бұл субмәдениет қалай тарады?

Дарк академия эстетикасының танымалдығына COVID әсер етті. Бозбала-бойжеткен асыға күткен студенттік өмір жоспарын пандемия жермен-жексен етіп, жастар төрт қабырғаға қамалып оқуға мәжбүр болды. Осы бір шақта дарк академияның танымалдығы артып, студенттер бөлмеде отырып-ақ университетте білім алу процесін сезіне алды.

Тренд «өмірді романтикалау» ұстанымына сай келеді. Бөлмеңізден шықпай оқу керек болса, үстеліңізді соған лайықтап дайындап, студентше киінесіз. Кейбіреулер бұл трендті коттеджкор трендімен салыстырады. Vox авторының жазуынша, Шотландияның шалғай ауылдарындағы көне коттеджде өмір сүруді армандайтындар көбейіп жатыр. Бірақ қоңыр жемпір киіп, кітапханаға бару (яғни, дарк академия эстетикасын сезіну) әлдеқайда арзан.

Бұл тренд білім беру саласының көлеңкелі тұстарын да әшкереледі. Капитализм жаулаған университеттер іргелі оқу ордасы емес, жұмыс күшін нарыққа шығаратын сауда орнына көбірек ұқсап кеткендей. Таза академиялық білім алу құдіреті мен ләззаты жоғалмаса да, әлсіреп бара жатқаны анық. Ал дарк академияның арқасында «білім алу» түпкі мәніне оралады. Мәселен, The Secret History кітабында студенттер көне грек-роман әдебиетін зерттесе, Ninth House еңбегінде ағылшын шығармаларына көп көңіл бөледі, ал Kill Your Darlings фильмінде өлең жазу өнері көрсетіледі. Мұны көріп отырып, оқу бұлжытпай орындалуы керек міндетке айналған осы бір күндерден жерініп кетесіз.


Жалғыздық дағдарысы

Урбанистика мен социология эксперттерінің айтуынша, қазір көп адамға «үшінші кеңістік» жетіспейді. Рэй Ольденбург үй мен жұмыстан тыс тынығатын жерді айтып отыр. Мұндай кеңістіктің мақсаты — адамдарды бір-бірімен байланыстырып, пікір алмасатын әлеуметтік топ құру. 

COVID нәтижесінде білім беру орнының өзінен ғана емес, ондағы орта мен адами қарым-қатынастан да айырылдық. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оқшаулануды денсаулыққа қатер ретінде қарастырып отыр. 

Дарк академияның трендке айналған себебі де осы шығар. Жылы жемпір киіп, түні бойы кітап кеміріп, Гамлеттің централ тақырыбы туралы эссе жазу қызық болғанымен, бұл эстетикаға баурайтын оқудың өзі ғана емес. Дарк академияға сырлас дос табуға келген болармыз. Осы эстетикаға сай қай шығарманы ашсаңыз да, бас кейіпкердің қасында әрдайым досы жүреді.


The Secret History

Дарк академияны толық түсінгіңіз келсе, Донна Тарттың 1992 жылғы The Secret History шығармасын оқыңыз. 

Тартт — тамаша суреткер. Кітаптың есте қалар тұсы — Гомердің «Одиссея» поэмасы тәрізді шығармаларды сырлас достардың бірге талқылаған сәттері. Олар әңгімелесіп отырып, бізді көне грек әдебиетінің жұмбақ әлемімен таныстырады. Солардың жанында отырғандай ерекше күй кешесіз.

Кітаптың адамды баурап алатын осындай сәттерін ескермесек, дарк академия екіұшты эстетика екені көрінеді. Романның бас кейіпкері Ричардтың эстетикаға құмарлығы шектен шығады. Өзі де ең үлкен кемшілігін көркемдікке жақын, азапқа толы құштарлық деп сипаттайды. Шығарма мазмұны бойынша, шынайы өмірді елемей, өзің құрған қиялға беріліп кету — қателік. Бұл көрініс адамды тұзаққа түсіріп, айналаңдағы өмірден оқшаулап тастайды. Осыдан-ақ дарк академия субмәдениетінде брендиңке «сай болу», сай келмегендерді «сынау» қатар жүретінін көреміз.


Дарк академияның көлеңкелі тұсы

Эстетиканың шын мәнінде «дарк» бөлігі — элитар мен эйблизм тәрізді проблематикалық мәселелер. Эстетиканың шығу төркіні мен жалпы дүниетанымы еуроцентристік сипатқа ие. Тим Бринкхофтың жазуынша, Жеймс Болдуин сияқты қара нәсілді жазушылардың туындылары да дарк академияның эстетикасына жақын болғанымен, субмәдениет оларды елеусіз қалдырады. Тренд Оксбридж бен Айви лигасына кіретін институттар мен олардың ойдан шығарылған баламаларын ғана «ұлықтайды». Оқу орындарының отаршылдыққа қосқан үлесі жазушы Ребекка Куангтың 2022 жылы шыққан Babel кітабынан кейін жиі талқылана бастады. 

Дарк академия бір оқпен екі қоянды атқысы келетіндей. Жанр академиядағы өзекті мәселелерді көтергенімен, басқаларға сынай қарайтын өмір салтын дәріптейді. Өзім Ричард пен оның достарын байдың ерке балалары деп қабылдап, өзгелерді менсінбейтінін, таным көкжиегі тар адамдар деп ұқтым. Өкінішке қарай, дарк академия көп оқырман әңгіменің тап осы тұсына қызығады. 

Бұл мәселе Лей Бардугоның Ninth House романында да айқын көрінеді. Кітапта бас кейіпкер Йель университетіне оқуға түсіп, білім алып жүргенде ондағы мүңкіп тұрған «бай ақ бала» иісінен жүрегі айниды. Бірақ шығарма мазмұнынан Йельге деген сүйіспеншілік, таңданыс та сезіледі. Автордың өзі — осы университеттің түлегі. Кампуста көп уақытын көңілді өткізгеннен болар, кітаптан сол күндерге деген сағынышы есіп, еңбегінің сыни сипаты жоғалған. Бұл академиялық әлемнен, оның әсем эстетикасынан құтылу қаншалықты қиын екенін көрсетеді. 


Басқа академиялық стильдер 

Академия ұғымының шекарасын дарк академия субмәдениетінің өлшемімен екшегенде ауқымы тар түсінік болып шығады. Классикалық музыка тыңдап, Достоевскийді оқығанды ​​бәрі бірдей ұната бермейді. Киімі тұтас қоңыр түсте болғанын қаламайтындар да бар. 

Aesthetics Wiki бетіне өтіп, академиялық бөлімге кірсеңіз, оқудың басқа да эстетика көріністерін табасыз. Мысалы, дарк академияның мұңды реңкінен депрессияға түссеңіз, оған қарама-қайшы келетін лайт академияны байқап көріңіз. Дарк академия тылсымға толы құпия сезімге бөлесе, лайт академия оқудан қуаныш бөленуді дұрыс көреді.

Бұл трендтің ең пайдалы тұсы — айналадағы өмірге басқа қырынан қарап, білімге деген көзқарасты тереңдету. Мысалы, дарк академияның еуроцентризмі туралы сұрақ көтерілген сайын desi romance academia сияқты басқа да білім алу сипаты дамып, ой-өрісіміз кеңейеді.

Трендке сіз де назар аударып, эстетикаға өзіңізше интерпретация жасап көріңіз. Қазақтың өзіне ғана тән академиялық эстетика да сәнге айналар. Тек эстетиканы әсемдігі үшін қумай, оның мәніне де көңіл бөлген дұрыс.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Краткий гайд по казахстанской литературе: тренды, сообщества и интернет
Ликбез
#общество
Краткий гайд по казахстанской литературе: тренды, сообщества и интернет
Почему мюзиклы важны и как они помогают видеть романтику в рутине
Культура
#кино
Почему мюзиклы важны и как они помогают видеть романтику в рутине
Gorilla Style Wars возвращается с ярким финалом и звёздными гостями
Город
#события
Gorilla Style Wars возвращается с ярким финалом и звёздными гостями
«Қызды ұлдан кем көрмеңдер!» «Айқап» әйелдер туралы не жазды?
Ликбез
«Қызды ұлдан кем көрмеңдер!» «Айқап» әйелдер туралы не жазды?
В Алматы прошёл мастер-класс по национальной кухне
Ликбез
#общество
В Алматы прошёл мастер-класс по национальной кухне