cactus.kk — «Tikenek»: қазақтілді хип-хоптың маңызды альбомы

cactus.kk — «Tikenek»: қазақтілді хип-хоптың маңызды альбомы

Неліктен «Tikenek» еш назарға ілікпесе де, қазақтілді хип-хоптың маңызды альбомы екенін Әділ Айжарық баяндайды.

«Tikenek»

Павлодарлық рэпер Алмаз Олжабай «Shaiqa» трегі мен Feya Perizat подкастының джинглінің авторы ретінде танымал. Осыдан үш жыл аса уақыт бұрын 2020 жылдың басында оның үлкен «Tikenek» үнтаспасы шықты. 

Үш актілі «Tikenek» толыққанды сюжеттік рэп-опера болып шықты. Еш назарға ілікпеген қазақтілді хип-хоптың маңызды альбомы туралы бүгінгі мәтінімізде баяндаймыз.

I. «Кіріспе»

«Tikenek»-тің басты сюжеттік желісі тек қана сауық кештермен өмір сүретін жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Бірінші тарау бізді кейіпкердің өзімен, оның өмір сүру салты мен қандай заттардан тұратынын таныстырады.

Міне үстінде Saint Laurent, Gucci, Louis Vuitton-ның бір миллиондық шүберектері, астында Әл-Фараби бойымен 300-бен ұшуға мүмкіндік беретін Илон берген Тесла тұлпары және жанында өздеріне жақындатпайтын, бәрін жеп қоятын тайпасы. 

cactus.kk бірінші тарауда тек қана шетелдік өнімді тұтынатын кейіпкерлерден тұратын әлемдерді құрастырса да, ол әлемді қазақ нақышпен бір жерде ұштастырды.. Рэпер шетелдік үлкен брендтердің жанында Bisen-ді кисе жарқырайтынын атап, «Taipa»-да батыстық гетто ұғымын өз шынайы әлемі мен қазақ тарихына бұрмалап, бауырларын тайпа атап, күнделікті өмірін шайқасқа шыққанмен теңейді.

Осы бір әртүрлі әлемдердің бір жерде ұштасуынын арқасында тыңдарман кейіпкермен байланысты сезіп, Алмаз құрған әлемге еш қиындықсыз ене алады.

II. «Кездесу»

Екінші тарау әр күні мереке кейіпкердің сауық кешке кіруімен басталады. Бұл тарауда сауық кештерге тән техно музыканың элементтерін естіп, тез алкоголь, жастар, түтінге толы атмосфераға енеміз.

Жастардың көтеріңкі көңіл-күйлі шуының арасында маңызды сәт орын алады. Кейіпкер ғашық болады. Суық мінезді, өзіне ешкімді жақындатпайтын қызға ғашықтық сезімдер ашылып, кейіпкердің жүрегін махаббат мылтықпен атып, жарып шығады. 

III. «Жалғыздық»

Бірақ… кейіпкеріміздің сезімдері кері қайтарылады. Егер қыз бейнесі сауық кештегі қоғамның айнасы деп алсақ, cactus тек қыздан емес, бүкіл өз ортасынан көңілі қалады.

Бұл бір сюжеттің шарықтау шегі кейіпкер осыған дейін маңызды санап келген жалған ойлардың тас-талқанын шығарады. Үлкен соққыдан кейін қаһарман өз-өзімен бетпе бет келіп, нағыз жалғыздықты сезініп, айналасының өтірік, ақша, екіжүзділікке батып жатқанына көзі жетеді. Тікенекті cactus өзіне ешкімді жақындатпай, қоғам көзінде «фрик» болып қалса да, соңында өз-өзімен қалды. 

«Tikenek» cactus.kk-дің жалғыз рэп-операсы емес. Үнтаспа шыққаннан жарты жыл өткеннен кейін рэпердің толыққанды үш тараудан тұратын сюжетті «Shaiqa» трегі шыққан болатын.

Тректің сюжетті және мәтінді талдауының толық нұсқасын ‘98mag-тың Youtube арнасынан тамашалай аласыз.

Музыкалық тұсы

Күрделі құрылымды cюжетке қарамастан, үнтаспаның музыкалық тұсы еш ақсамайды. 14 трек бойы cactus.kk көптеген поп-мәдениеттің әртүрлі салаларына сілтемелерге толы оқиға айта отыра, әр тректі әртүрлі музыкалық ерекшеліктерімен толтырған.

Жоғарыда айтылған екінші тараудағы сауық кеш атмосферасын беретін техно музыканың элементтерінен бөлек, «Tesla»-да бүкіл бит бойы көліктің дауысы, көптеген тректерде хай-тектің қолданылуы арқасында альбом музыкалық жағынан жалықтырмайды. 

Отандық музыкада, оның ішінде хип-хопта концептуалды туындылардың болуы, альбомдағы тректер жай ғана әнжинақ болмай, бірін-бірі сюжеттік, атмосфералық, музыкалық тұрғыда жалғастыруы үлкен жеңіс.

Әр тректің музыкалық бэнгер болуымен қатар, толыққанды сюжеттің баяндалуы және олар Хичкоктың «На север через северо-запад» фильмінен Tyler, the Creator-ға дейінгі сілтемелерге толы болуы «Tikenek»-ті соңғы жылдардағы қазақтілді хип-хоптың маңызды альбомы екенін айқындайды. 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Добро пожаловать в «Kokomba»: о выставке Ambujerba и Kokonja
Город
#события
Добро пожаловать в «Kokomba»: о выставке Ambujerba и Kokonja
Станьте частью феминистской инсталляции в Бангкоке
Ликбез
Станьте частью феминистской инсталляции в Бангкоке
Зины: история, эволюция и культурное влияние
Ликбез
Зины: история, эволюция и культурное влияние
Глава Nomad Stunts организует первую в Европе премию для каскадёров
Культура
#кино
Глава Nomad Stunts организует первую в Европе премию для каскадёров
«Sheker: последний шанс» — красиво, но очень плохо. Разбираемся почему
Культура
#кино
«Sheker: последний шанс» — красиво, но очень плохо. Разбираемся почему