BAYANSULU: жаңа әнім — жаңа кезеңнің бастауы

BAYANSULU: жаңа әнім — жаңа кезеңнің бастауы

BAYANSULU — кейінгі жылдары ел ішінде кеңінен танылып, жүздеген мың тыңдарманын тапқан әнші. Шын есімі — Баянсұлу Сағындықова. Ол «Umytsam da» дебюттік әнімен аты шығып, кейіннен миллиондаған қаралым жинаған «Aua rai» және «Sondaiym bar endi» сияқты хиттерімен әйгілі болды. Аз уақытта әндеріне түсірілген видеолары 150 миллионнан астам қаралым жинап, алыс-жақын шетелге де танылды. Таяуда ол продюсерінен кетіп, жұмысын жеке командасымен жалғастыра бастаған. 28 шілдеде жарық көрген «Құмар» әні — әртіс өз бетінше жұмыс істей бастағалы шығарған алғашқы трек.

’98mag журналының авторы, мәдениеттанушы Аружан Ербосын әншімен қазіргі ізденісі және алға қойған жоспарлары туралы сөйлесті. Өнерпаз осы күнге дейін коммерциялық бағытта жұмыс істегенін, алда ішкі ой-толғамын көрсететін әсерлі туындылар жазсам деп отырғанын айтты.

 Жақында «Музарттың» жиырма бес жылдығында «Есіңе ал» әнін жаңаша айтып шықтыңыз. Топтың басқа да әндері жаңа орындаушыларын тапты. Оны өздеріңіз таңдадыңыздар ма, әлде ұсынды ма?

Жас болсам да, «Музарттың» әндерін бала кезден тыңдап өстім. Сол әндердің ішіндегі ең жақыны «Есіңе ал» болған соң, сол әнді таңдап, «Музарт фест» концертінде орындап шықтым. Одан кейін ол ән өзіме ұнап, әнге кішігірім перформанс түсірдім. Ағалар оны тыңдағаннан кейін маған әнді сыйға тартты. Менің жағдайымда әнді өзім таңдап алдым. Әркімде әртүрлі болды.

Бұл еңбек жолыңыз сізді қазақ сахнасының аңызы Роза Рымбаевамен бірге ән айтуға алып келді. Роза Қуанышқызымен бір студияда, бір сахнада жұмыс істеу сізге қандай шығармашылық мектеп болды?

Роза Қуанышқызы — аңыз адам. Ол кісі өмірде өте мейірімді, жүзінен нұр шашып тұратын, ерекше энергиясы бар адам. Роза ханыммен сол концерт барысында ғана жұмыс істесек те, өзіме ол кісіден біраз керек дүниелерді түртіп алдым. Мысалы, сахнада өзімді қалай ұстау керегін, әнді қалай жүрекпен айту керегін, жастарға қалай үлгі көрсету керегін үйрендім. Маған батасын берді. «BAYANSULU, сен профессионалсың! Саған да осындай үлкен концерт залдарында, стадиондарда өзіңнің жеке концертіңді беру бұйырсын!» деп тілек айтып, мотивация беріп, соңында өз көйлегін ырымдап сыйға тартты.

Сіздің Қызылорда облысындағы Тереңөзек ауылында туғаныңызды білемін. Туған жеріңіз бен өскен жеріңіз шығармашылығыңызға қалай әсер етті?

Қызылорданы «Сыр елі — жыр елі» деп айтады ғой. Бізден өнер адамдары көп шыққан. Талантты адамдар көп. Соның әсері деп ойлаймын. Мүмкін сол үшін де осындамын.

Сол кішкентай кезіңізден қай әншілерді сүйіп тыңдайсыз?

Өзіміздің әншілерге келетін болсақ, бұрын ата-анамызбен бірге тыңдап өскен әншілер бар. Топтардан «Музартты», «Досмұқасанды», жерлес ағам Батырхан Шүкенов өзіме өте жақын. Шетелден Майкл Джексон — классика, Леди Гага, Билли Айлиш — көп негізі.

Сіздің қазір шығарып жатқан әндеріңіз басқа да, тыңдап өскен әндеріңіз басқа екен.

Қазіргі әндер халықтың сұранысына байланысты шығарылған әндер. Жақында мүмкін өзімнің ішімде жатқан нәрселерді шығарып, шынайы шығармашылығыма кіріскім келіп жатыр. Оны кейін көре жатасыздар.

Ол халыққа өтімді болады деп ойлайсыз ба?

Білмеймін, бірақ «жүректен шыққан нәрсе жүрекке жетеді» деген ұғымды білемін. Сондықтан өзіңнің ішіңдегі нәрсені неге жазып көрмеске? Мүмкін бәріне ұнап қалар. Мүмкін сол жол маған жетістік алып келер.

Отбасыңызда өнерге жақын адамдар болды ма? Өнеріңізді бірінші кім қолдады?

Отбасымызда барлығы өнерлі, барлығы музыкаға жақын: туыстарымыз да, анам да, әкем де. Өнерімді ең бірінші қолдаған адам — анам.

Жақында сіздің өміріңізде үлкен өзгеріс болды — продюсеріңізбен жолдарыңыз екіге айырылды. Сырт көзге бұл үлкен дау болып көрінгенімен, іштей сіз үшін бұл кезең қандай трансформация болды?

Негізі ондай үлкен трансформация болды деп айта алмаймын. Іштей алға жүруге, тоқтамауға, сынбауға, өзімдікін дәлелдеуге мотивация пайда болды.

Көп өнерпаздар продюсерсіз қалудан, жалғыз жүзуден қорқады ғой…

Өмірде Құдайдан басқа ешкімнен, ештеңеден қорықпау керек. Ешкім саған бөгет бола алмайды. Сенің жаның қай жерде тыныш, қай жерде саған жақсырақ, сол жерде болуың керек. Сондықтан осындай шешім қабылдадым.

Қазір өзіңіз продюсерсіз жұмыс істеп жатырсыз ба?

Қазір командам бар. Қасымда жүрген бауырларым, үлкен команда бар. Сол кісілермен жаңа дүниелер бастап жұмыс істеп жатырмыз.

Осы жағдайдан кейін өнердегі достыққа, серіктестікке деген көзқарасыңыз өзгерді ме? Ең басты түйген сабағыңыз қандай болды?

Ең басты түйгенім — адамдарға 100% сенуге асықпау керек екен. Сен. Жақсы көр адамдарды. Дос бол. Бірақ 100%-ға сенуге асықпа. 

Жақында жаңа әніңіз жарыққа шыққалы жатыр. Әуені әдемі, есте бірден қалады екен. Бұл әнді еркін, тәуелсіз BAYANSULU-дың манифесі деп айтуға бола ма?

Иә, айта аламыз. Дәл солай.

Оның ішінде «Бағымды тек Құдай ғана ала алады» деген сөздер бар. Ол туралы не айтасыз?

Әлеуметтік желіге Бірінші қайырмасын шығардық. Жеңіл, әлі түсініксіз, толық тематика ашылмаған. Бірақ ән толық шыққаннан кейін біздің ниетіміз — ішімізде түйген ойларымызды шығару болды. Әркім өз қалауынша түсініп алады. Ол жерде менің өміріме қатысты нәрселер жазылған. Сол нәрселерді жеткізе алдым деп ойлаймын.

Бұл туынды сіздің ішкі күйіңіздің, сезімдеріңіздің көрінісі боп тұр ғой. Тыңдарман бұл әнді қосып қалғанда, ең алдымен қандай эмоция сезінуі керек? Оның басты месседжі не?

Әр адамның ойы әртүрлі болуы мүмкін. Ертең тыңдағаннан кейін халық өзі айтады. Ән жазылғанда ниетіміз — тыңдарманға қиындықтардан кейін де өмір сүруге деген мотивация беріп, өмірге деген сүйіспеншілікті ояту болды. Барлық адамда қиындық болады. Одан кейін үлкен бір бақыт келеді. Қиындықтан кейін де сынбай, өміріңді сүру дегенді бірінші тақырып қылып алдым. Түпкі идеясы — осы.

Енді блиц сұрақтарға көшсек. Көңіл-күйіңіз жоқ кезде өзіңізді қалай тыныштандырасыз, жан дүниеңізді қалай емдейсіз?

Физикалық болса, кейде дәрумендер ішіп, спортқа баруға тырысамын. Моральды тынышталуға келсек, үйде мысығым бар. Соны құшақтап, барлық проблемамды ұмытам.

О, аты қандай?

Аты — Лу, салпаққұлақ сұр мысық. Сол мысық бүкіл стресімнің шешімі.

Дәл қазір ең қатты нені сағынып жүрсіз?

Мен ауылда әжемнің қолында өскем біраз уақыт бойы. Сондықтан ауылымды және әжемді сағындым.

Өмірдегі ең басты ережеңіз немесе ұстанымыңыз қандай?

Мендегі принцип — әрқашан адам болып қалу керек.

Ең соңғы рет не нәрсеге шын жүректен қуандыңыз немесе жыладыңыз?

Мен әр ұсақ жылы сәттерге қуана беремін.

Бойыңызда өзіңіз жақсы көретін және жек көретін мінезіңіз қандай?

Менде перфекционизм бар. Ән жазатын кезде бір жерін 15-20 дубль жасаймын. Кішкентай жері кетіп қалса, маған ұнамайды, мен қайта жазамын. Видеоларда да, барлық түсірілімдерде де солай. Үй шаруасына келгенде ондайым жоқ бірақ (күлді). Тек жұмысыма келгенде солай перфекционизммен қараймын да, ол зат жүйкеме әсерін береді кейде. Сол заттарды қатты жүрекке қабылдап қоямын. Ол бір жағынан жақсы. Жұмысың сапалы болады. Жаман жері — өзіңді кейде шаршатып жібересің.

 

Жақсы мінезіңіз қандай?

Өзімді мақтай алмаймын негізі. Жақсы мінезім — еңбекқормын деп айта аламын. Үнемі жұмысқа тартып тұрады. Жұмыс істемесем, үйде жатсам, көңіл-күйім түседі, стресс боламын. Ал жұмыста болсам, өз орнымда жүргендей күй кешемін.

Әндеріңіздің ішінде өзіңізге ең жақыны қайсы?

Осы уақытқа дейін жазған әндерім ішкі дүниеме ондай жақын емес, мен тыңдайтын әндер емес, бірақ оларды жақсы көремін. Осы әндердің ішіндегі ең фаворитім — жақында шығатын «Құмар» деген ән. Оның мелодиясын жазу барысында да кірістім, идеясын таптым, оның бәрі өз ішімнен шығып жатыр, сондықтан да фаворитім.

Осы жаңа тректен кейін тыңдармандарыңыз сізден қандай жаңа жобалар күте алады? Көлемді альбом ба, әлде ерекше бір визуал дүние ме?

Алда жоспар өте көп. Кірісіп жатырмыз. Альбом болсын, жаңа әндер болсын, визуал жағынан сапалы, өзіндік айтары бар дүниелер жасағымыз келеді. Оны алда көресіздер.

«Құмар» сияқты өз тәжірибеңізден шыққан әндер көбейе ме?

Иә, көбейеді. Енді мен эксперимент жасауға тырысамын. Көп зерттедім. Ән шығармағаныма жарты жыл уақыт өтіп кетті. Сол уақыттың ішінде біраз нәрсе өзгерді, біраз зат үйрендім. Алда өз ішімнен шығатын өнім көбеймек.

Сұхбатыңызға рақмет!

Танысқаныма қуаныштымын! Сау болыңыз!

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Instagram удалил аккаунт независимого медиа Otkir Kurek
Ликбез
#общество
Instagram удалил аккаунт независимого медиа Otkir Kurek
Детские селфи заполонили соцсети брендов
Ликбез
#общество
Детские селфи заполонили соцсети брендов
Казахстанский фильм «Mugalim» вошёл в программу кинофестиваля в Сан-Себастьяне
Культура
#кино
Казахстанский фильм «Mugalim» вошёл в программу кинофестиваля в Сан-Себастьяне
Зендея стала новой амбассадоркой Prada Beauty
Стиль
#красота
Зендея стала новой амбассадоркой Prada Beauty
Сборная Казахстана по фехтованию стала чемпионом мира-2026
Ликбез
#общество
Сборная Казахстана по фехтованию стала чемпионом мира-2026