Алматылық оқушылар қазақ тарихын үйрететін ойын жасап шықты

Алматылық оқушылар қазақ тарихын үйрететін ойын жасап шықты

Алматылық мектеп оқушылары — Рамина Абдрахманова мен Мырзаш Іңкәр құрған Ainalym командасы «Өткеннің үні» («The Voice of The Past») атты визуал новелла ойынын жасап шығарды

Жоба қазақ мәдениеті, мифтері мен дәстүрлерін ойын форматы арқылы таныстыруды мақсат етеді. Ойын былтыр желтоқсанда itch.io платформасында жарияланды. Новелланың сценарийін жазу, иллюстрациясын салу және ойынды бағдарламалау сатысын түгел мектеп оқушыларының өзі әзірлеген.

Визуал новелла форматына құрылған жоба ойыншыларға тарихты интерактив форматта баяндауды көздейді. Оны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтуге болады.

Ainalym жобасының журналға айтуынша, ойындағы сюжет ауылды, дәстүр ұлттық дүниетанымды өзіне жат санайтын бозбала төңірегінде өрбиді. Ол мұражайға барып, өткенге тап болады. Сөйтіп ойын барысында түрлі жайтқа тап болып, қазақтың тарихымен, өзінің ұлттық болмысымен танысады. «Төл тарихыңды қадірлей алмасаң, бөтен жерден бақыт таба алмайсың» деген ойды жеткізгіміз келді» дейді жоба авторларының бірі Рамина.

Ainalym — жасөспірімдерден тұратын ерікті команда. Оны бас дизайнер Рамина Абдрахманова мен кодер Мырзаш Інкәр құрған. Командаға бұл екі қыздан бөлек 14-17 жастағы 26 оқушы мүше. Осы ойынды жасағанда Ресей, Украина мен Армениядан басқа да еріктілер қосылып, жобаға атсалысқан. Новелла тегін, табыс табуды көздемейді. 

itch.io — инди-ойындар мен тәуелсіз цифрлық жобаларды таратуға арналған онлайн платформа. Онда түрлі авторлар өзі жасап шыққан ойындарды, визуал новеллаларды, саундтректер мен экспериментал жобаларды тегін жариялай алады.  

Осындай-ақ оқыныз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Club Kid — лучший дебют Каннского кинофестиваля ‘26
Культура
#кино
Club Kid — лучший дебют Каннского кинофестиваля ‘26
Почему споры о первом куске торта на самом деле о сепарации и патриархате 
Ликбез
#общество
Почему споры о первом куске торта на самом деле о сепарации и патриархате 
«Её личный ад» — каким получился первый за 10 лет фильм Николаса Виндинга Рефна
Культура
#кино
«Её личный ад» — каким получился первый за 10 лет фильм Николаса Виндинга Рефна
«Влюблён»: почему комедия Рами Юссефа ощущается такой знакомой
Культура
#интернет
«Влюблён»: почему комедия Рами Юссефа ощущается такой знакомой
Донхва из KickFlip посетил Алматы
Культура
#интернет
Донхва из KickFlip посетил Алматы