A.Boo «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмін қазақша дыбыстауға қатысты

A.Boo «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмін қазақша дыбыстауға қатысты

6 тамыздан бастап Қазақстан кинотеатрларында Marvel мен Sony компанияларының «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмі қазақша дубляжда көрерменге жол тартты. Фильмді дыбыстауға кәсіби дубляж актерлерінен бөлек, танымал әншілер де қатысқан. Солардың бірі — ALPHA тобының вокалисі A.Boo (Әбілқайыр Мәдеш). Дубляж саласындағы алғашқы тәжірибесінде әртіс шағын эпизодты дыбыстаған. 

«Метрода анасымен сөйлесіп тұратын кішкентай баланы дыбыстадым. Азғантай болса да, бұл жұмыс маған қуаныш пен бақыт сыйлады. Өйткені қазақша дубляж саласына қатысуды біраз жылдан бері армандадым. Бұған дейін үш-төрт фильмнің кастингіне барып, өкінішке қарай, өтпей қалған едім. Бұл жолы өзім жақсы көретін «Өрмекші-адам» фильміне қатысқаныма өте қуандым. Дубляж саласын жақсы көретіндіктен, дыбыстау процесінің өзінен ләззат алдым. Ән жазу процесі сияқты рахат сыйлады» дейді A.Boo.

A.Boo алдағы уақытта тағы басқа рөлдерді дыбыстауға қатыссам деп мақсат қойып отыр. 

«Бұл менің дубляждағы алғашқы жұмысым болғандықтан, аз-маз қобалжыдым. Бірақ дубляж режиссері қолдап, процесс жылдам өтті. Болашақта бұдан да үлкен рөлдерді дыбыстаймын деп сенемін. Жалпы экраннан өз даусымды естіген өте қызық болды. Басында ұялдым, бірақ кейін қатты ұнап кетті» дейді A.Boo.

Бас кейіпкер Питер Паркерді (Өрмекші-адам) дубляж актері Заңғар Әбенов дыбыстаған. Еленаны — Айнұр Ілиясова, Эм-Жейді — Фариза Ескермес, Ивиді — Айдана Меденова, Брюс Бэннерді (Халк) Шах-Мұрат Ордабаев қазақша сөйлеткен.

Фильмнің орыс тіліндегі дубляжына Егор Жуковец (Питер Паркер — Человек-паук), Гульнара Сильбаева — (Эви), Мадияр Нұрманбетов (шағын эпизодтар) қатысқан.

«Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмі алғашқы уикендте бүкіл әлем бойынша 927 миллион доллар, соның ішінде АҚШ пен Канадада 355 миллион доллар пайда тапты. Бұл — әлемдік кинопрокат тарихындағы екінші ең үздік көрсеткіш, ал бірінші орында 2019 жылы шыққан «Кек алушылар: Финал» фильмі тұр.

Фотолардың авторы: ASCAR Cinema

Оқи отырыңыз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Энтони Бурден — обаятельный хулиган кулинарного мира
Культура
#кино
Энтони Бурден — обаятельный хулиган кулинарного мира
Стали известны победители 83-го Венецианского кинофестиваля
Культура
#кино
Стали известны победители 83-го Венецианского кинофестиваля
«Прайм-тайм» Лэнса Оппенгейма: мрачный докуфикшн с Робертом Паттинсоном в главной роли
Культура
#кино
«Прайм-тайм» Лэнса Оппенгейма: мрачный докуфикшн с Робертом Паттинсоном в главной роли
В Алматы впервые пройдёт Tilu Fest
Город
#события
В Алматы впервые пройдёт Tilu Fest
Кортеж с комиками проехал по Алматы в рамках акции ÄLEM COMEDY FEST и Chevrolet
Город
#события
Кортеж с комиками проехал по Алматы в рамках акции ÄLEM COMEDY FEST и Chevrolet