Қарағандының қара музыкасы

Қарағанды ел жадында тек қана өндірістік, шахтёрлар қаласы болып келгенімен, жылдар бойы музыкалық тұрғыда әртүрлі субмәдениеттердің тоғысқан жері болды. Кеншілердің дүркіреген рок-сахнасынан бастап, халықаралық деңгейде Қарағандының болмысын қалыптастырған хип-хоп әртістерге дейін қайнап тұрған қала мәдениеті туралы бүгінгі мәтінімізде сөз қозғайтын боламыз.

Бұл аймақтардағы субмәдениеттер туралы мақалалар циклінің екінші бөлімі. Осыған дейін жарық көрген «Маңғыстаулық хип-хоп» туралы мәтінімізді сілтеме бойынша оқи аласыз.  

Рок-сахна

Жергілікті музыкалық алаңдар туралы сөз қозғағанда қарағандылық рок-сахна туралы айтқан жөн. Кеңес уақытынан бері келе жатырған Қарағандының рок-музыкасы әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпауда.

Мегаполистерден бөлек, шетелдік музыканттары міндетті түрде өз концерттерін Қарағандыда өткізеді. Қалада жанр жанкүйерлеріне арналған арнайы дүкеннен бөлек, жергілікті рок-әртістердің кештері жиі өтіп тұратын алаңдар бар.

Тарих

Қарағандылық рок-сахна өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында өз бастауын алған. Комсомолдың 70-жылдығына орай 1988 жылы қарағандылық рок-топтар өнер көрсеткен «Рок-Игры» парад-байқауы өтті. Кейіннен қарағандылық Детектор Лжи хард-панк-арт-рок тобы «Рок-Тусовку’90», «Рок-Тусовка’91» фестивальдерін өткізді.

90-жылдар мен 2000-жылдардың басында кенді қалада рок кішігірім субмәдениет ғана болып, тек шетелден үлкен рок-жұлдыздардың келуімен ғана жаңа тыныс алады. Дәл солай 2000-жылы Қарағандыда ТЕКС Радионың (қазіргі таңда Новое радио (Жаңа FM) қолдауымен Земфираның концерті ұйымдастырылды. 

 

Твой Формат

ТЕКС Радио туралы айтқанда 2005-2008 жылдар арасында өткен «Твой Формат» фестивалін атап өту керек. Енді аяқ басып келе жатырған жас музыканттар өздерін радио мен теледидарда паш етіп, Найк Борзов, Вопли Видоплясова, Ногу Свело сынды шетелдік танымал музыканттармен бір сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік алған.

МузыКАР

Blog post image

Қарағандының рок-сахнасының қайта жанған сәті 2004 жылы «МузыКАР» фестивалінің басталуымен болды. «Қарағандылық» сыраның қолдауымен өткен фестиваль жыл сайын кем дегенде 30 мың адамды Қазақстанның түкпір-түкпірінен жинап, 2011 жылға дейін ортақ есеппен 250 мыңнан астам тыңдармандарды құшағына сыйғызған.

Қазақстандық рок-топтар мен шетелдік танымал ұжымдар бір сахнада өнер көрсеткен фестивальде әртүрлі жылдары хедлайнер ретінде Земфира, Би-2, Звери, Сплин, Мумий Тролль топтары болған. 

Сегіз жыл бойы өткен іс-шара мегаполистерден тыс аймақтарда шығармашылыққа деген сұраныс бар екендігін дәлелдеп, қала өмірі мен имиджіне үлкен әсер етті.

Свинцовый Дирижабль

2010-жылдардың басында ашылған «Свинцовый дирижабль» алаңы қаланың рок сүйер қауымына таптырмас жер болды. Шетелдік Би-2, Сплин, Звери топтарының концерттерінен бөлек, клубта жиі жергілікті орындаушылардың концерттері әлі күнге дейін өтіп тұрады.

«Дорогу молодым» концерттерінің аясында топтар алғаш рет сахнаға шығуға мүмкіндік алса, танымал жергілікті ұжымдар шетелдік әртістердің алдында өнер көрсетеді.

Рок-топтар 

Мектеп кезінде кассеталарға өздерінің айқай-шуға толы әндерін жазып, оны сынып ішінде таратып жүрген оқушылар уақыт өте Қарағанды Мемлекеттік Университетінен бітіргеннен кейін 2008 жылы Кукумбер (QQMBR) тобын құруды шешеді.

Құрылғандарына 15 жылдан асқан топтың репертуарларында 20-ға жуық әндері ғана бар болғанына қарамастан, топ тек қалаларында концерттер беріп қана қоймай, шетелдік фестивальдерге де шығып тұрады. Қарағандылық «Точка лета», «Свобода Fest»-терден бөлек, топ 2016 жылы Ресейде өткен жыл сайын 100-200 мың тыңдарманды жинайтын ауқымды «Нашествие» рок-фестивалінде өнер көрсетті. 

Металлдық элементтерді қолдана отыра, альтернативті рок жанрында шырқайтын топ өз шығармашылықтарында көңілді әндермен қатар, Қарағандының күрделі қара музыкасын рок-фестивальдерде жаңғыртып келуде.

Басында тек қана кавер-бэнд боламыз деп 2008 жылы құрылған Fugawz тобы кавермен бірде-бір концерт қоймай, өз жеке әндерін жазып бастады. Хип-хоп, рок, джаз жанрларын әндерінде араластыра отыра, альтернативті рок жанрының өкілдері болып келе жатырған ұжым әлі күнге дейін белсенді түрде ән жазып, концерттер қойып келе жатырған аздаған топтардың бірі.

Соңғы үнтаспалары 2023 жылдың қарашасында жарық көрген топ 2015 жылы Қазақстанда өткен «Нашествие» фестивалінде өнер көрсеткен. 

Хип-хоп сахна

Қарағандылық хип-хоп cахна басқа өңірлерге қарағанда, өте баяу дамыды. Жергілікті санаулы әртістердің болғанымен олар өзара берік қауым құрмағандықтан қазақстандық рэп-сахнада мүлдем байқалмайтын.

Тек 2010-жылдардың соңына таман тек қана ел ішінде емес, шетелдерде де танымал бола бастаған әртістердің пайда болуымен ТМД-да қарағандылық қара хип-хоптың болмысы қалыптасты.

масло черного тмина

Русский рэп - главные новости на сегодня - Звук - страница 6

Үйіндегі тартпалардың бірінде емдік қара зере майын көріп, өзінің лақап аты қылып алған Айдын Закария (Нұралин) 2010 жылдардың басында музыкаға қадам басқанымен, музыкасы бірнеше лақап ат пен өзгерістерге ұшырады.

2018 жылы «intro» трегімен жарып кірген әртісті аздаған уақыт ішінде ресейлік рэпер Хаски байқап, өзінің ВКонтактедегі парақшасына салады. Осы бір сәтте мчт-ды ресейлік музыкалық бірлестіктер танып, жаңа трип-хоп әртістің жанған сәті болды.

масло черного тмина лақап атының пайда болуымен және әр тректің мұқабасында үрейге толы жанның қызыл қандай қара түспен шимайланған бейнелері арқылы Айдынның музыкасына нуарлы, тұңық аура келіп, ол атмосфера «kensshi» үнтаспасының шығуымен өз нық орнын тапты.

Масло чёрного тмина • ТНТ MUSIC — Здесь твоя музыка

Мәтіндік жағынан Құранның аяттары мен америкалық нуар жанрларының негізін қалаушылар Альфред Хичкок, Дэвид Линчке сілтемелер жасай отыра, оны Дос-Мұқасанның сэмплдері мен сүйегіннен өтіп, жанына енетін ұрмалы аспаптармен әрлеген музыкасы да, альбомның атауы да Айдынның кеншілер қаласынан екенін еске салады.

Күн сайын жер астында тек бір кеннің ішінде қазбалықпен айналысатын өндірісті қаланың тұрғындарының музыкалық келбетіне айналған масло черного тмина музыкасы толықтай бір қаланың адамдарының бір істің күннен-күнге қайталанатынын биттің қайта-қайта ойналуымен көрсетіп, меланхолиялық күйді кенді қазбалау арқылы өзінің жан дүниесін қазбалайтын жандардың кейпімен жеткізетіндей.

ROSCOE бірлестігі

Ағылшын тілінен «тапанша» деген сөзді білдіретін қарағандылық ROSCOE бірлестігіне әу бастан масло черного тминадан бөлек, оның музыкасын жазатын битмейкер DRK9SS кіреді. мчт-дың тыныш сыбыры мен Даниярдың саз секілді тыңдармандардың құлағынан түспейтін биттері әртісті өз әлеміне жетелейтіндей.

ROSCOE әртістерінен бөлек, Данияр қазақстандық хип-хоптың негізін қалаушыларына да биттер жазып тұрады. Жақында ғана жарық көрген G.H.A.D тобының мүшесі Аль Nasr мен астаналық qaraqozgan-ның бірлесе жазған «Mankurt» үнтаспасының музыкалық әрлеуімен DRK9SS айналысқан.

2021 жылдан бастап бірлестік лейблге айналып, ROSCOE-ға қарағандылық жаңа жас әртістер кіре бастады. Ғаламтор желісінде ақпараттардың аздығына қарамастан, два пакета, 26 Traffic музыкасында бит астында батпай, керісінше, қаттырақ естілгісі келіп, шу, эффект, тұман арасында қалқып қарағандылық трип-хоптың тамырын тереңірек қазып, қалдырып кеткілері келетіндей.

Qudyr

Шығармашылығында хаус, нео-соул, хип-хоп жанрларын араластыра отыра жаңа дыбыс қалыптастыратын Qudyr Қазақстанда алғашқылардың бірі болып мүлдем жасырын образда шығып бастаған әртіс болды.

Өзінің сөзінше, коммерциялық емес деп атайтын ВКонтактеде жария болған «Қиял елес» пен «~» үнтаспалары әлеуметтік желілерде жақсы тарап, Қазақстан телеарнасында шыққан Jangyryq Live жобасына түсті. Алайда, кей деректер бойынша телеарнаның цензурасына байланысты балаклава киген әртіс эфирге шыға алмайды деп, ол шығарылым Jangyryq жобасының жеке YouTube арнасына шыққан. 

Кей әндерде әртүрлі музыкалық аспаптардың ерекше қосындысымен джазды әндер шырқап, кей тректерде қайталана ойнала беретін биттің үстіне тыңдарманмен сөйлесіп отырғандай кейіп танытатын ойлар легінен тұратын балаклава киген музыканттың музыкасы өзі секілді жасырын, терең болғандығымен тыңдарманды өзінің тұңғиық әлеміне алып кететіндей. 

Қарағандының қара музыкасы

Қарағандының музыкалық ортасында мұрагерлік пен ретті жүйелікті көрмесек те, әр әртіс немесе алаң қаланың атын шығаруға өз үлестерін қосып келуде. Павлодарлық немесе маңғыстаулық әртістермен салыстырғанда, қарағандылық музыканттар «мен Қарағандыданмын» деп жар сала айта бермесе де, музыкаларында, сахналық образдарында меланхолиялық, нуар қаланың болмыстары сезіледі. 

Аздаған жалақыға өмірге қауіпті жұмысты атқаратын кеншілер қаласында неліктен рок-сахнаның қалыптасқанын түсінуге болады. Рок-музыка іштегі жанайқайды, ашу-ызаны шығаруға көмектессе, өмір бойы Қарағандыда өскен жаңа буын әртістері кішкентайынан көрген өндірістік қаланың келбетін, адамдардың күйін өз трип-хоптары арқылы жеткізеді.

Жаңа буын хип-хоп әртістерін тыңдаған сәтте олардың барлығында қайталана беретін ырғақтың бар екендігі және ол музыка тыңдарманды сазды лай секілді өзіне батырып алып кететінін байқауға болады. Музыканың тұңғиықтай тереңдігі қала қанында бар элементтей. Қарағандының қара музыкасы қанша жерден қараңғы болғанымен, ешқайда асықпайтын байсалды темпімен жарық бермесе де, сұр әлемде кішігірім жарқын түстерді сыйлайтындай. 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Искусство Алматы: выставки ноября
Город
#события
Искусство Алматы: выставки ноября
Идём на лекции Аси Казанцевой в Астане
Город
#события
Идём на лекции Аси Казанцевой в Астане
Антон Долин проведёт в Алматы презентацию новой книги
Город
#события
Антон Долин проведёт в Алматы презентацию новой книги
О чём поёт RaiM? Разбираем нарративы седьмого альбома артиста
Культура
#музыка
О чём поёт RaiM? Разбираем нарративы седьмого альбома артиста
О выставке «Переплетая климат, воды и сообщества»: как художники призывают спасти Балхаш
Город
#события
О выставке «Переплетая климат, воды и сообщества»: как художники призывают спасти Балхаш