Қойылым Кафка мен Пресьядоның мәтіндеріне негізделген, дегенмен де Ф.Кафканың «Академияға арналған есеп» атты әңгімелік проза желісін толыққанды қамтымайды. Алайда, түп шығарманың абсурдистік күйін қойылым барысында жанап өтеді. Сондықтан көрермен шығарманың түп нұсқасымен таныс болмаса да, қойылымның мәнін түсіне алады.
Ұсынылған қойылым коллаж тәрізді: ұсақ, идеялы-эмоциялық жүк көтеріп тұрып, арасында бір-бірімен айқасқан көркемдеуіш құралдармен толықтырылған. Қойылым – нәтижеге талаптанған өзінше тәжірибе, оған баға қою мүмкін емес. Қойылым алаңында сіз, көрермен ретінде, жаңашылдыққа дайын болып, ашық көзқараспен қабылдағаныңыз жөн. Жалпы себебіне үңілсек, бір қойылым- екі бөлек автордың идеясымен жанасқан шығармашылық туынды.
Қойылым-жардағы үлкен видео-проекция. Яғни, әртүрлі поп-мәдениеттен және қазақстандық заманауи суретшілердің видео жұмыстарынан құралған тұтас «кино» тәрізді. Бұл сәтті өзім үшін қызықты дерек ретінде атап өттім: біздің заманауи өнердің жаңа ұшы мен қырын ашқандай.
Біріншіден байқағаным – Елена Набокова мен Максим Сиваковтың актерлік перформансы. Олардың орындаған тәсілдері бізге бейтаным. Айқындай келе, қараңғы және түрлі визуалды ақпаратқа толы кеңістікте, біртұтас әртістердің айрықша перформансына мән түрсек, қойылымның қарқындылығын қабылдау көрермен қауымына қиын болатын еді. Ерекшелік ретінде әртістердің бірқалыпты дауыс ырғағында оқыған көшірме/ мәтінді есепке алдым. Мұндай сахналық әрекет тепе-теңдік әсерін орнатты.
Екіншісі – экрандағы кезегімен ауысып жататын қазақша, орысша мәтіндер қатарын байқайсыз. Қазақша мәтін авторы – Альмира Исмаилова, орысша мәтін авторы – Женя Сташков.
Үшінші бақылау-аудио. Көрермендердің назары жалпы қойылым әрекетінен аумау үшін, арасында авторлардың мәнерлі дауыстап оқыған көшірмелеріне құлақ саламыз.
Жарыққа шығу тарихы
«Академияға арналған есеп» қойылымы он төрт ай бойы асықпай дайындалды. Менің ойымша, спектакльдің басты мақсаты мен нәтижесі- авторлардың еркіндікке талпынысы, сонымен қатар, бұл шынайы жұптық «ойын». Әр өнер адамының ой-толғанысы, қорқыныштары, естіліктері және болмысы өзге жазушы, дана адамдардан қалған сөздерге тығыз ұйқас. Бұл жерде ниеттес адамдардың бір-бірімен тіл табысып, ортақ қойылым шығаруы риза қылды. Айта кете, әрине, осы қойылымды іске асыруға «Дом Культуры» театр-студиясы кеңістігін тапқаны ізгі жайт. Алматы қаласы Қазақстанның мәдени қаласы болғанымен, өнерге байланысты тәжірибе түрлерін жүзеге асыру қиыншылыққа алып соғады. Өнер көзін дамыту үшін жаңа кеңістіктер қажет.
Ойымызды қорта келе, қайта ескереміз, бұл қойылым өзіндік көрермен дайындығын қарастырады. Себебі, видео-проекциядағы зорлық-зомбылық сценаларын қабылдау қиын болу мүмкін. Сонымен қоса, нақты қойылым желісі жоқ. Дегенмен, замандас-тәуелсіз әртістерді қолдап, өзіңізге көп қырлы қойылымды ашқыңыз келсе, – «Академияға арналған есеп» сіздерге ұсынылады.
«Академияға арналған есеп» – «Дом Культуры» театр-студиясында, Ф.Кафка мен П.Б. Пресьядо шығармаларына негізделген тор-қойылым.
Мәтін авторлары: Женя Сташков, Альмира Исмаилова.
Идея авторы: Кеша Башинский.
Басты рөлдерде: Елена Набокова, Максим Сиваков.
Алдағы қойылымдар 7 және 21 сәуір күндері өтеді, билеттерді театрдың аккаунты арқылы сатып алуға болады.
Фото: Юрий Коротецкий.