«Созвездия» — «Арт и Шок»

Дежавю сезімін зерттеген спектакль.

Ал сіз, мульти әлем жайлы не ойлайсыз?

Режиссері: Борис Павлович.

Актерлер: Виктория Мұхамеджанова, Анастасия Тарасова, Айғаным Сағынбаева, Қуантай Әбдімади, Нұрсұлтан Мұхамеджанов, Евгений Игнатов. 

Қойылымның тұсаукесері «Арт и Шок» театрында 2017 жылы өткен. «Созвездия» – британдық драматург Ник Пейннің пьесасының негізінде қойылған. 

Басқа адамдарды білмеймін, бірақ өзіме жиі дежавю сезімі таныс. Сондай сергектік кезеңінде, мен және басқа әлемдегі жаным тоғысқандай болады. Тап осы сезімді «Созвездия» спектакльі зерттейді. Спектакльдің басты кейіпкерлері Мериэнн мен Роланд. Роланд бал жасайтын болса, Мериэнн әлемдерді зерттейтін ғалым. Олар ортақ достары ұйымдастырған кеште танысып, кейіннен бір-бірін тани бастап ғашық болады. Біз кейіпкерлердің осы диалогын үш рет көреміз. Диалог нәтижесі бір Мериэнн мен Роланд қосылады. Осы кезде біз бұл спектакль мульти әлем жайлы екенін түсінеміз. Тізбекті түрде  қайталана, әрбір әлемде Роланд мен Мериэнн тағдыры басынан аяғына дейін ұқсас: ғашық болады, бірге тұра бастайды, айырылысады, Мериэнн емделмейтін дертке шалдығады. Әрбір әлемде өзгешіліктер де кездеседі: кей жерде Роланд Мериэннің көзіне шөп салады, кейде керісінше. Бірақ, ешбір әлемде Мериэнн ажалдан қаша алмайды. Бұндай дертпен Мериэннің анасы да ауырған. 

Осы кезде тағдыр туралы ой туындайды. Шыныменде маңдайға жазылғанды өзгерту мүмкін емес пе? 

Мульти әлемдер бар болса, біз тап сол сәттерді бастан өткізе береміз бе? Спектакль «Иә» деп жауап береді. Сені сондай тұлға қылған травмалық сәттер болмаса – сен өзге адам болатын едің. Кейбір адамдарды өткінші сәтте кездестірген болсаң да, бірге болу өте маңызды. Тіпті, оның салдарында бір-бірінің жүректерін жаралап, қоштасуға мәжбүр болса да. Қойылым барысында мен өзімнің түсімде болғандай болдым. Спектакль өте медитативті, баяу және қарапайым. Соған байланысты дежавю сезімі өршейді.

Спектакльдің қызықты тұсы Мериэнн кейіпкері. Дертке шалғығандықтан, әлде әлемдерді зерттейтін ғалым болғандықтан па, ол өзге әлемдегі Мериэнндерді сезгендей болады. Кейде бір Мериэнн, екінші Мериэннді сахнадан тыс шығара алады. Кей кезде әртүрлі әлемдегі Роландтар мен Мериэнндар орындармен ауысады. Созвездия соңында қай жерде қай әлем екенің шатастыра бастайсын. Осы тәсіл арқылы біз ауырып жатқан Мериэнннің ішкі күйін тереңірек түсіне аламыз. 

Соңғы жылдары «мульти әлем» тақырыбын қозғайтын шығармалар көп. Мысалы: «Барлығы бір уақытта, барлық жерде» немесе «Өрмекші адам, өрмекші әлемдер». Осы шығармалар мен «Созвездия» спектаклі өмір ауыртпашылығы мен қиындықтарын қабылдай білу ұғымымен орындалған тәрізді, «басқа түскен бейнетті өзгерте алмассың, ешқайда да қаша алмассың, ал әсерлі оқиғалар сенің тұлғанды құрастырады» деп тұжырым жасайтындай. 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
«Дэдпул и Росомаха»: кризис супергеройского кино 
Культура
#кино
«Дэдпул и Росомаха»: кризис супергеройского кино 
Oлимпийский гид: главные герои и самыe громкие интриги Пaрижа-2024
Культура
Oлимпийский гид: главные герои и самыe громкие интриги Пaрижа-2024
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Культура
#музыка
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
Город
#события
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
Культура
#кино
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом