«Состояние танго» – әдемі декорация, музыка және образдарға бай, бірақ сұрақтар тудыратын спектакль

«Состояние танго» – әдемі декорация, музыка және образдарға бай, бірақ сұрақтар тудыратын спектакль

Әулие Валентин күнінде Лермонтов атындағы театрында өткен «Состояние танго»  музыкалық спектаклі  – танго әлеміне ғашықтық сезімін білдіру және оған махаббат жырын арнаудың бір жолы. 

Авторымыз Дәрия Темірхан Айсулу Азимбаева, Еркен Губашев және Ирэна Аравинаның шеберлігі мен талантына тамсана отырып, спектакльдің мазмұнын толықтай талдап, басты артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтті.

«Состояние танго» – Лермонтов атындағы театрында өткен музыкалық спектакль

Режиссёр: Галина Пьянова

Басты рөлдерде: Айсулу Азимбаева, Еркен Губашев және Ирэна Аравина

Бұл спектакль – танго әлеміне ғашықтық сезімін білдіру және оған махаббат жырын арнаудың бір жолы. Қойылымның Әулие Валентин күнінде өткенінің себебі де сол шығар. Әуелі Айсулу Азимбаеваның актерлік шеберлігін және өз ісіне деген адалдығын атап өткім келеді. Қойылымдағы болған би партиялары маған өте қиын болып көрінді, алайда, Айсулу әр биді ерекше бір сезімге толтырып, тұла бойымен беріліп шебер орындағаны көрініп тұр. Музыка мен биге көп көңіл бөлінгені көрермендерге бірден сезіледі. Ирэна Аравинаның жанды дауыспен ән айтуы әрі кәсіби танго бишілерінің өнер көрсетуі сізді бірден танго әлеміне баурап алады. Тіпті билей алмайтындардың өзі кейіпкерлермен бірге танго ырғағына еріксіз бөлінгісі келеді. Сонымен қоса, басты кейіпкерлердің өзгеруі костюмдерінің ауысуы арқылы жақсы көрсетілді. Спектакль барысындағы Айсулу Азимбаеваның образдары мәңгі есте қаларлық.  «Состояние танго» спектаклінің басты артықшылықтары осы деп санасақ болады.

Алайда спектакльдің мазмұнына қарайтын болсақ, көп нәрсе мен үшін орынсыз болып көрінді. Ең біріншіден, басты кейіпкерлердің Макс (Еркен Губашев) және Жанканың (Айсулу Азимбаева) махаббаттық қарым-қатынасы.

Спектакль желісі бойынша олардың жас арасы шамамен 20-30 жыл. Жанка – еркін, ой-өрісі ашық және заманауи Алматылық қыз (ең болмағанда сондай болып көрінуге тырысады). Ал Макс – 90 жылдары танымал танго клубының иесі болып, бірақ ақырында жалғыз қалған елуден асқан ер адам. Бастапқыда олардың бір-бірімен ара-қатынасы әке мен қыздыкіне ұқсайды. Себебі Жанка үйден қашып пана іздейді, ал Макс оны ақылға салуға талпынғандай болады. Жанка Макстың қасында өзін қауіпсіз сезінгені соншалық, тіпті бірінші акт кезінде оның алдында іш-киіммен жүреді. Бірақ менің ойымша бұл фантастика, өйткені Қазақстанда ешбір әйел өзін жаңа танысқан ер адамның алдында соншалықты қауіпсіз сезінбейді. Дегенмен біраз уақыт өтегелі олар бір-бірін ұнатқаны ашық түрде көрсетіле бастайды. Кейіпкер кәмелет жасына толған болса да, қазіргі уақытта ондай жас айырмашылығын өнерде көрсетіп дәріптеу мен үшін мүлдем ойға сыймайтын нәрсе. 

Оған қоса Макстың Жанканың болмысын өзгертуге талпынғаны біраз сұрақтар туғызады. Жанка алғашқыда көрермендерге еркекшора және еркін қыз ретінде  көрсетіледі, бірақ ол қылығы Максқа ұнамайды. Әйелдердің аяғының түрлерін үшке бөліп қойған Макс Жанканы «нағыз әйел» кейіпінде көргісі келеді. Макстың ойынша аяқтарын қисық басатындар – «өз-өзіңе сенімсіз әйелдер», бәрін құртып жүретіндерде «бастық әйелдің аяғы» болады және оның арасындағы ең үздігі «нағыз әйелдің» аяқтары екен. Жанка өзін ашық ойлы болып көрсеткісі келгенімен де, жоғарыда айтылған сексиктік сөздерді естіп аса назаразылық білдірмейді. Жанканың ойланбастан отбасысына қайтып оралғаны мүмкін ол үшін бұрынғы танго клубында өткізілген түннің аса ешқандай мәні жоқ екенінің белгісі шығар. Маған Жанка классикалық Maniac Pixie Dream Girl болып көрінді. Ол Макстың көңілін көтеріп, оның жастық шағы туралы хикаяларын тыңдап, өзің «нағыз әйел» қылып өзгертуге жол береді. Көрермен ретінде біз Макстың жалғыздығын және бұрынғы «Алматушечка» туралы ностальгиясын айқын сеземіз, бірақ Жанка бұл спектальде тәуелсіз кейіпкер емес, ол Макс кейіпкерінің тұлғасын тереңірек ашатын бірден-бір құрал. 

Менің ойымша, қазіргі көрермен қауым қойылымдарда күрделі әйел кейіпкерлерін көргісі келеді және сол образды қабылдауға толықтай дайын. Осы махаббат туралы хикаяда әйел адамның бейнесі екі есе кішірейтіліп, тек қартайып бара жатқан еркекті суреттеу үшін қолданылады. 

Қорытындыла келе, «Состояние танго» – әдемі декорация, музыка және образдарға бай, бірақ сұрақтар тудыратын спектакль деген ойға келдім. 

Фото: Дмитрий Поваляев, stages.kz

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
Город
#события
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
Культура
#кино
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
Культура
#кино
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
STRAY KIDS ATE BUT STILL HUNGRY
Культура
#музыка
STRAY KIDS ATE BUT STILL HUNGRY
Саясаткерді келеке еткен Veep сериалы
Культура
#кино
Саясаткерді келеке еткен Veep сериалы