Күлдіріп отырып жылататын жанға жылы қойылым

 

Фархат Молдағали шеберханасы ұжымының «Трансформа» театры сахнасында қойған «Алло, Мама…» спектаклі туралы айтамыз. 


Режиссерлер: Нұрсұлтан Кемал, Бекзат Ешмұратов, Абылай Жұмабай

Курстың музыкалық жетекшісі: Серікжан Айтқали

Актерлік шеберлік жетекшісі: Баян Қажынәбиева, Әділет Тұрарбеков 

Хореограф: Дайана Рашит

«Алло, Мама…» 2024 жылы «TOTAL FEST. Диалогтер» халықаралық фестивалінде «Сүйікті спектакль» номинациясын иемденді.

Фархат Молдағали — 2011-2016 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы Маман Байсеркеновтің шеберханасында режиссер мамандығын оқыған. Қазір Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры мен «Шам» театрының көркемдік жетекшісі болып істейді. 

21 сәуірде Фархат Молдағали шеберханасының шәкірттері «Алло, Мама…» спектаклін қойды. Қойылым режиссерлері де сол шеберхананың түлектері — Нұрсұлтан Кемал, Бекзат Ешмұратов, Абылай Жұмабай.

Спектакль ерекше, шынайы әрі жып-жылы. Үйінен ұзап, үлкен қалаға білім қуып келген барлық жеткіншекке таныс сағыныш сезімін актерлер шебер жеткізген. 

Ана тақырыбы өнерде жиі қозғалады. Бірақ Фархат Молдағали шеберханасының шәкірттері тақырыпты жаңа қырынан ашуға тырысқан. Шығармашылық құрамдағы актерлердің дауысы зор. Қойылым авторлары мұны сәтті қолданып, спектакльге музыка мен биді көп қосқан. Шырқалған әндердің жанры да әр алуан — Нұрлан Өнербаевтың әр қазақ жатқа білетін «Анашымынан» бастап, Yenlik-тің хитке айналған DOP әніне дейін тыңдайсыз. 

Хореограф Дайана Рашит күнделікті күйбең тірлікті биге айналдырып, рөлін асқан шеберлікпен орындап шықты. Актерлердің тәжірибесі аз болса да, сахнада өзін сенімді әрі батыл ұстады. 

Әрбір студент өз анасы туралы кішігірім этюд қойғаны — осы спектальдің ерекше тұсы. Қойылымда ана мен бала әңгімесін тыңдайсың. Әр көрермен сахнадан бірде өзін, бірде анасын көреді. Күлесің, күліп отырғанда көзіңе еріксіз жас та келеді. Ересек актерлер сахнада ауық-ауық балаға айналып кеткендей болады. Қойылымды да жас балаға айтылатын сүйкімді теңеулермен — «тентек», «бұзақы» туынды деп сипаттауға болады.

 

Шынымды айтсам, «бұрынғы Алматушечкасын» аңсайтын «алтын шырша» тұрғындарының қазақстандық өнер жайлы орысша талқыларынан шаршадым. Тіл дауын айналып өтуге қанша тырыссақ та, бұл мәселе алдымыздан еріксіз шыға береді. «Орыс тілді театрлар өзекті әрі сирек айтылатын тақырыптарды көтереді, ал қазақ театрлары «Қыз Жібек», «Баян сұлумен» шектеліп қалған» деген таптаурын бар. Бірақ Фархат Молдағали қазақ театрлары да сахнада тың тәжірибелерді сынап көре алатынын тағы бір дәлелдеді.

 

Фотограф: @a.asyl.a

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
Город
#события
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
Культура
#кино
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
Культура
#кино
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
STRAY KIDS ATE BUT STILL HUNGRY
Культура
#музыка
STRAY KIDS ATE BUT STILL HUNGRY
Саясаткерді келеке еткен Veep сериалы
Культура
#кино
Саясаткерді келеке еткен Veep сериалы