Әр адам өз өмірінің «ағаш шебері» ме?

22-23 маусымда Алматыда «Бата»  театрында макьюментари жанрындағы «Ағаш шебері» спектаклінің премьерасы өтті. Мокьюментари – документал элементтері бар жанр.

Қойылым командасы: Л. Голованова, Д. Гомзяков, А. Андрияшкин, В. Евстафьев, Черезова, Ю. Шабайкина, И. Хольцман, М. Беспаева, Н. Алпысбаева, К. Сұлтан, В. Насальская

Мен кіммін? 

Адам ес кіре сала тұлға ретінде қалыптасуға асығады, құндылығы ортақ жолдас іздейді. Бірақ көзқарас құбылып, өмір арнасы да өзгеріп отырады. Жаныңа жақын адамдарыңмен жолың екіге айырылады да, тағы да мен кіммін, маған кім жолдас деген шексіз ой түбіне бойлап кетесің. Бұл – адам ішіндегі бітпейтін айқас. 

Спектакльдегі негізгі ой да осы – адам өміріндегі шексіз ізденіс. Кейіпкерлер тұлғаның өзін-өзі тануы, рухани достарын табуы сияқты тақырыптарды қозғайды. Кейіпкерлер өмірінде болған түрлі жайттарды, естеліктерді баяндайды. Өзіне бұл оқиғалар қалай әсер еткенін әңгімелейді. 

Тақырып ұтымды таңдалған. Себебі бұл – ешкімді бей-жай қалдырмайтын мәселе. Бұл өмірде адам өз орнын табуы керек пе, әлде өз орнын өзі қалыптастыра ма? Ұйқыңды қашырып, жан-дүниеңді астаң-кестең ететін мұндай ішкі монологтар көп адамда болады. «Бата» театры өнерде де, өмірде де өзекті тақырыпты жаңаша әрі шебер ашқан. 

Театр туралы

«Бата» театрының залы үлкен емес. Бұл спектакльде біз үйренген театрлардағы орындық пен сахна жоқ. «Өмірде орным жоқ» дейтін адамның ішкі азабына әсерлі емеурін болса керек. Қоюшы режиссердің жұмысы мақтауға тұрарлық.

Қойылымның кіріспе бөлімі адамды баурап әкетеді. Театр кіреберісінде көрерменді «өмірде өз орнын» іздеген актриса Карина Сұлтан қарсы алады. Сол жерде өнерпаз бастан кешкенін баяндап, шағын перфоманс көрсетеді.

Кейін негізгі залға кіреміз. Сахна орнына ағаштан жасалған қорап қойылған. Оның төрт бұрышында актрисалар тұр. Төртеуі бірдей қимылмен қосылып монолог айтты. Көрермен қойылым кезінде орын ауыстыра алады. Соның арқасында қорапты әр қырынан көреді. 

Қойылым өте жинақы. Әр деталь, сөз бен қимыл, дауыс пен дыбыс негізгі ойды ашады. Вячеслав Евстафьев дыбыспен өте жақсы жұмыс істеген. Фондағы дыбысты біраз тыңдасаңыз, қойылым атмосферасына сүңгіп кетесіз. Актерлік ойын да өзгеше. Монологтар бірсыдырғы баяндалады. Экспрессия жоқ. Осының арқасында мазмұн да анық көрінеді. 

Біздің арғы аталарымыздың қандай тұлға болғаны бізге әсер ете ме, әлде әр адам өз өмірінің «ағаш шебері» ме? Бәлкім өмірде өз орнын іздеп шаршаған жандар шын мәнінде өз орнын қалыптастыруы керек шығар? Ал рухани үндес адамдар табысып, бірақ мақсаттары мен құндылықтары қарама-қайшы келсе, әрмен қарай бірге жүре ала ма, әлде жолдары ажырай ма? Қойылым көрерменге көп сұрақ қалдырады. 

Маған спектакльдің атауы да ұнады. Ал мазмұны көп уақыттан бері өзім қашқақтаған сұрақтарды алдымнан шығарды. Болмысы мен өмірінің «ағаш шебері» болып жүрген әр адамға көруге кеңес беремін.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
«Мә, менің отыным сенің отыңа!» Жаздың жеті инди альбомы
Культура
#музыка
«Мә, менің отыным сенің отыңа!» Жаздың жеті инди альбомы
В Алматы пройдёт фестиваль живой экспериментальной  музыки
Город
#события
В Алматы пройдёт фестиваль живой экспериментальной  музыки
Международный фестиваль анимации состоится в Алматы
Город
#события
Международный фестиваль анимации состоится в Алматы
Норвежско-казахстанское издательство Træsh открывает open call для художников
Ликбез
#общество
Норвежско-казахстанское издательство Træsh открывает open call для художников
Четвёртый сезон «Пацанов»: всё ещё хороший сериал?
Культура
#кино
Четвёртый сезон «Пацанов»: всё ещё хороший сериал?