Jalanash Poetry поэзия кешін өткізбек

Jalanash Poetry поэзия кешін өткізбек

6 сәуірде Алматыда Jalanash poetry ұйымы бес айлық үзілістен соң поэзия кешін өткізбек. Шара «Терезе» дәмханасында сағат 19:00-де басталады.

Кеште ақындар берілген тақырып аясында өзінің не өзге авторлардың қазақ, орыс не ағылшын тілінде жазылған өлеңдерін оқиды. Әр өлеңнен соң қатысушылар пікір алмасып, талқы өткізеді.

Кездесуге келушілердің барлығы ерікті түрде қатыса алады: өлең оқуға да, тек тыңдаушы болуға да болады. Барлығы еркін түрде қатыса алады, бірақ орын саны бойынша алдын ала бронь жасау ұсынылады. Басқа өңірлерде тұратын авторлар өлеңдерін Jalañaş Poezia Telegram арнасына онлайн форматта жолдай алады. Сілтемелерді ұйымның ресми Instagram парақшасынан табуға болады.

Jalanash poetry — ақындар бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасып, шығармашылық тұрғыда дамитын орта. Jalanash ақындар ассоциациясы 2021 жылы құрылған. Ұйымның айтуынша, олар Қазақстан жастары арасында поэзияны сақтау, дамыту және шығармашылық еркін кеңістік қалыптастыруды көздейді.

Бұл жобаның негізін қалаушылар — Мерей Айымбетова мен Аяулым Ленхан. 2021 жылы Мерей мен Аяулым «Еркін поэзия оқитын» кеңістік таппағандықтан, осы жобаны ашамыз деп шешкен. Қазір жобаны Мерей жалғыз жүргізеді. Ол — MEREY лақап атымен танылған әнші, бірнеше хиттің авторы.

Шараға қатысқысы келетіндерге жас шектеуі жоқ. Бірақ кейбір өлеңдерде экспрессив не дөрекі сөздер болуы мүмкін. Сондықтан 16 жастан асқан азаматтардың барғаны дұрыс. Жауапкершілік қатысушының өзіне жүктеледі.

Фото: Rassul Al Dossary

Осындай-ақ оқыңыз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Зимняя Азиада-2029 пройдёт в Алматы
Ликбез
#общество
Зимняя Азиада-2029 пройдёт в Алматы
Завершены съёмки фильма «Хроники Нарнии» Греты Гервиг
Культура
#кино
Завершены съёмки фильма «Хроники Нарнии» Греты Гервиг
Sadraddin выпустил новый сингл «DON’T»
Культура
#музыка
Sadraddin выпустил новый сингл «DON’T»
Сталкинг в Казахстане: преследование превращается в убийства, закон остаётся бесполезным
Ликбез
#общество
Сталкинг в Казахстане: преследование превращается в убийства, закон остаётся бесполезным
Вышел трейлер к второй части «Дьявол носит Prada»
Культура
#кино
Вышел трейлер к второй части «Дьявол носит Prada»