BTS тобы 2.4 миллион билет сатып, рекорд орнатты

BTS тобы 2.4 миллион билет сатып, рекорд орнатты

Оңтүстіккореялық BTS тобының әлемдік туры аясындағы 41 стадиондағы концертке билеттер толық өтіп кетіп, Солтүстік Америка мен Еуропа елдерінде 2,4 миллион билет сатқан алғашқы азиялық ұжым атанды. Билеттер бір аптада сатылып кеткен. ARMY арасында сұраныс артқанына байланысты BigHit Music тур кестесін кеңейтіп, концерт санын 79-дан 81-ге жеткізді.

BTS тур аясында 34 қалада 81 концерт бермек. Бұл — K-pop тарихындағы ең ауқымды әлемдік турлардың бірі. 9 сәуірде Оңтүстік Кореяның Коян қаласындағы алғашқы концерттен кейін BTS Tokyo Dome сахнасында өнер көрсетіп, одан әрі Солтүстік Америка, Еуропа, Оңтүстік Америка және Азия елдерін аралайды. Қосымша концерттер Солтүстік Америкада — Тампа (Флорида) мен Стэнфордта (Калифорния) жарияланды.

Reuters агенттігінің жазуынша, Мексика президенті Клаудия Шейнбаум BTS тобының елде қосымша концерт өткізуін қарастыруды ресми түрде сұраған. Президенттің айтуынша, концертке барғысы келетін жастар саны 1 миллионға жуық, ал қолжетімді билет саны 150 мыңмен ғана шектелген. BTS концерті Мексикада 7, 9 және 10 мамыр күндеріне жоспарланған. Ресми Ticketmaster платформасында билеттердің бағасы 1 800–17 800 песо (50 мың–516 мың теңге) аралығында болса, алыпсатарлық платформаларда баға 92 100 песоға (2,6 миллион теңге) дейін жеткен.

BTS-тің наурызда жарық көретін «Arirang» альбомына алдын ала тапсырыс саны 4 миллионнан асқан. Бұл — BTS дискографиясындағы рекорд көрсеткіш. Бұл топтың 2022 жылғы «Proof» жинағынан кейінгі алғашқы толыққанды альбомы болмақ. BigHit Music хабарлауынша, альбомға 14 трек енген, онда өзін-өзі тану, сағыныш пен терең эмоциялық байланыс тақырыптары қамтылмақ.

 

Фото:
Cindy Ord / WireImage
Frazer Harrison / Getty

Осындай-ақ оқыныз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
DELIN представила трек «Ayaulym»
Культура
#кино
DELIN представила трек «Ayaulym»
ALPHA-ның «JIBER» бейнебаяны қалай түсірілді?
Культура
#музыка
ALPHA-ның «JIBER» бейнебаяны қалай түсірілді?
Louis Vuitton и Saint Laurent представили мужские коллекции
Стиль
#мода
Louis Vuitton и Saint Laurent представили мужские коллекции
Duisenbi даст акустические концерты в Алматы и Астане
Город
#события
Duisenbi даст акустические концерты в Алматы и Астане
Сиквел «Реальных упырей» запущен в работу
Культура
#кино
Сиквел «Реальных упырей» запущен в работу