Анимедегі ту қалай наразылық нышанына айналды?

Көшеде анимедегі туды ұстап, ұрандатып жүрген адамдарды көрсеңіз, не ойлар едіңіз? Әйгілі туындының нағыз фанаттарына ұқсайтын бұл жастар шын мәнінде ел билігіне наразы азаматтар екенін бірден ұқпассыз, әрине. Ал бас сүйек бейнеленген қап-қара ту қалайша қарсылық символына айналып жүр? ‘98mag журналының авторы Айғаным Төлеулиева Индонезиядағы наразылықтың ерекше нышаны туралы әңгімелейді.

Билікке қарсы шерулерде жұрт көбіне ұлттық рәміздер мен танымал көсемдердің портреттерін көтеріп шығатынын көрген шығарсыз. Ал жаһандану дәуірінде саяси наразылық білдірудің формасы өзгерді. Енді саяси оқиғалар кезінде көшеден анимедегі туды да кезіктіруге болады.

Мысалы, былтырдан бері индонезиялық жастардың шерулерінде поп-мәдениет нышандары пайда болып, One Piece атты жапон анимесіндегі туы билікке қарсы жас буынның нышанына айналды. 

Индонезия президенті Прабово Субианто былтыр қазанда қызметіне кіріскелі халықты ұлттық бірлікке шақырып, алуан түрлі саяси науқан ұйымдастырып келеді. Биыл тамызда, ел Тәуелсіздігінің 80 жылдығы қарсаңында ол барлық азаматты үйіне мемлекеттік қызыл-ақ туды ілуге үндеп, ұлт бірлігі мен мемлекеттіліктің маңызын насихаттады. 

Бірақ кейбір азамат (көбіне жастар) ұлттық рәміз орнына One Piece анимесіндегі қарақшылардың Жолли Рожер туын іле бастады. Олар қазіргі билік жүйесі орталықтандырылып жатыр, авторитарлық сипат күшейіп барады деп есептейді. 

Билік мұны ұната қойған жоқ. Парламент мүшесі мұндай «қара туды көтеру — ұлтты бөліп-жаруға бағытталған әрекет» деп сипаттады. Тағы бір депутат оны тіпті «мемлекетке опасыздық жасауға» теңеді. Ал елдің Саяси және қауіпсіздік істері жөніндегі министрлік One Piece туын көтергендер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін деп ескертті.

Билікке наразылар неге бұл туды таңдады? Оның астарын түсіну үшін аниме мазмұнына үңілуіміз керек.

@dok..ja Drums of Liberation 🥁☀️ #onepiece #onepieceflag #bandeiraonepiece #indonesia #animenews #anime #onepieceedit #animetiktok ♬ Memories Reverb x Underwater – yaa

One Piece қандай аниме?

One Piece алғаш рет 1997 жылы жапон авторы Эйитиро Ода шығарған манга түрінде жарық көрді. Бүгінде ол әлемдегі ең танымал франшизалардың біріне айналды. Манга бүкіл әлем бойынша 520 миллионнан астам данамен сатылды, ал осы желі бойынша түсірілген телесериал 1100-ден аса эпизод шығарды. 

2008–2018 жылдары қатарынан он жыл бойы One Piece ең көп сатылған манга атанып, он жылдан астам уақыт бойы әрбір жаңа томының алғашқы таралымы үш миллионнан асып отырған жалғыз серия болды. Бұл рекордтар оны тарихтағы ең табысты комикстердің біріне айналдырды.

Анимедегі оқиғада Тоқыма қалпақты қарақшылардың жетекшісі Манки Д. Луффи бір күні «қарақшылар патшасы» болуды армандайды және өз командасымен бірге сабан қалпақты бас сүйек бейнеленген Jolly Roger (Жолли Рожер) қарақшылар туын көтеріп жүреді. 

Бұл One Piece әлемінде үміт пен еркіндіктің, озбырлыққа қарсы күрестің белгісі саналады. Индонезиялықтар осы ту арқылы «Біз отанымызды сүйеміз, бірақ мемлекеттің қазіргі саясатына түбегейлі қарсымыз» дейді. 

Анименің астары

Эйитиро Ода бұл анимеде жақсы мен жаманның текетіресін көрсете салмаған. Ол түрлі кейіпкер арқылы биліктің обзырлығы мен әділетсізін әшкерелейді. Ол құрған қиял-ғажайып әлем қазір көп елдегі саяси оқиғаларды астарлы түрде бейнелейді. 

Мәселен, анимеде Тэнрюубито (Аспан айдаһарлары) деген кейіпкерлер бар. Бұлар — атадан балаға жалғасқан артықшылыққа ие ақсүйектер. Олар қарапайым халықты менсінбейді, адамдарды құлға айналдырады. Бұл — шынайы өмірдегі бай-шонжар әулеттерді еске түсіреді, яғни биліктің белгілі бір топтың қолында мұра ретінде шоғырлануын меңзейді.

Әлемдік Үкіметтің қол астында Әділет күштері (теңіз флоты) бар. Қағаз жүзінде олар заңды қорғайды, тәртіп орнатады. Бірақ іс жүзінде сол элитаның, яғни Аспан айдаһарларының мүддесіне жұмыс істейді, оның қылмыстарына көз жұмады. 

One Piece-те Бос ғасыр деген ұғым бар. Бұл — Әлемдік үкімет әдейі жасырып тастаған, зерттеуге тыйым салған тарихи кезең. Ол туралы білгісі келгендерді қудалайды, жазаға тартады. Бұл шынайы өмірде кейбір биліктің цензура жүргізіп, тарихты өз пайдасына бұрмалайтынын еске салады.

Анимеде кейбір қуатты қарақшылар Әлемдік Үкіметпен келісімге келіп, оларға қызмет етеді. Яғни, қарсыластардың ішіндегі ең мықтыларын «жүйенің бір бөлігіне айналдыру» тәсілі қолданылады. Бұл саясаттағы кейбір ықпалды тұлғаларды «қолға үйрету» тактикасына сай келеді.

Ода анимедегі осындай образдар арқылы күрделі әрі терең саяси талқы жүргізеді. Сондықтан Индонезиядағы жастардың One Piece туын наразылық белгісі еткені кездейсоқ емес. Олар билікке дәл осы анимедегі саяси астарлы образдар арқылы сын айтып отыр.

Индонезияда не болды?

Индонезияда Прабово билікке келгеннен бері қоғам арасында наразылық көңіл-күй күшейе түсті. Биыл ақпанда мыңдаған адам көшеге шығып, білім беру мен әлеуметтік салалардың қаржысын қысқартуға қарсы және әскерилердің биліктегі ықпалын арттыратын заңға қарсы шерулер өткізді. 

Саяси белсенділер президенттің бұл қадамдары елді 1967–1998 жылдары арасындағы Сухарто басқарған 31 жылдық әскери диктатура дәуіріне қайта әкелуі мүмкін деп қауіптенеді. Расында, наурыз айында қабылданған қарулы күштер туралы жаңартылған заңға сәйкес, енді әскери қызметкерлер 10 емес, 14 бірдей азаматтық мемлекеттік мекемеде басшылық қызмет атқара алады, ал жоғары шенді офицерлердің зейнет жасы ұзартылды. 

Бұл өзгерістер жастардың алаңдаушылығын күшейтіп, мыңдаған студент «Әскерді казармаға қайтарылсын!» деген ұранмен парламент ғимаратының алдында наразылық шеруін өткізді.

Жастардың билікке сенімсіздігі жалпы қоғамдық пікірге де әсер етті. Сингапурдегі ИСЕАС–Юсуф Исхак институты жүргізген сауалнама нәтижесі индонезиялық жастардың небәрі 58 пайызы ғана үкіметтің экономикалық жоспарына сенетінін көрсетті, ал аймақтың басқа бес елінде бұл көрсеткіш 75 пайыз шамасында болған. 

Ақпанда елде наразылық тағы өршіп, университет студенттері #IndonesiaGelap («Қараңғы Индонезия») деп аталатын қозғалыс құрып, әлеуметтік желіде мемлекеттің болашағын ойлағанда қалай түңіліп жатқанын жаза бастады. Бюджетті қысқарту мен әскери билікті күшейту жоспарларына қарсы онлайн қарсылық ірі қалалардағы студенттік наразылық акцияларына ұласты. 

Заманауи наразылық

One Piece туын көтеру — саяси наразылықтың бір түрі, қоғамдағы әлеуметтік-саяси сынның көрінісі. Йогякартадағы Мухаммадия университетінің оқытушысы Аде Маруп Уирасенджая бұл құбылысты билікке деген бейбіт сыни пікірдің символы деп атады

Оның сөзінше, аниме жалауын желбірету мемлекеттік егемендікке қауіп төндірмейді, керісінше, оны билікті сынаудың бейбіт әдісі ретінде қабылдау қажет. 

Гаджах Мада университетінің зерттеушілері де индонезиялық жастардың бұл қадамын азаматтардың еркін пікір білдіру құқығын пайдалануы деп біледі. Олардың пікірінше, поп-мәдениет символын саяси қарсылық құралына айналдыру — қазіргі жастардың қоғамға үн қосуының ерекше тәсілі. Жаңа буын осылайша көпшілікке ойын ашық жеткізу үшін шығармашылық, бейбіт нышандарды пайдалануға ұмтылады.

Поп-мәдениет пен саясаттың осылайша тоғысуы — жаһандық құбылыс. Мысалы, Таиландтағы жастар қозғалысы кезінде белсенділер голливудтық Hunger Games фильміндегі үш саусақтан тұратын сәлемдесу ишарасын диктатураға қарсы қарсылық рәмізі ретінде қабылдады. Ал Таяу Шығыста Палестинаға қолдау білдірушілер әлемдік деңгейде қарбыздың бейнесін танымал символға айналдырды — бұл жемістегі түстер Палестина туын еске салады. 

Мұның барлығы мәдени кодтардың саясатпен ұштасып, жаңа буынның еркін ойлауы мен шығармашылық қарсылығын танытатын ерекше көріністер деп қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Идём на фестиваль художественных практик ARYQ Fest
Город
#события
Идём на фестиваль художественных практик ARYQ Fest
Стала известна дата премьеры казахстано-испанской ленты «Перемирие»
Культура
#кино
Стала известна дата премьеры казахстано-испанской ленты «Перемирие»
Morning Shed и тейпы от Ким Кардашьян: почему всех это бесит
Стиль
Morning Shed и тейпы от Ким Кардашьян: почему всех это бесит
«Летние войны»: семейные ценности против ИИ
Культура
#кино
«Летние войны»: семейные ценности против ИИ
«100 ночей героя» — первая роль Чарли ХСХ в кино
Культура
#кино
«100 ночей героя» — первая роль Чарли ХСХ в кино