Тәуекел сыйлаған үміт

Тәуекел сыйлаған үміт

Қазақстанда жұрт актер Тәуекел Мүслімнің «Зamandas» подкасына берген сұхбатын қызу талқылап жатыр. Қазақтың секс-символы атанып жүрген актердің ішіндегі сырын айтып, эмоциясын жасырмай сұхбат бергенін жаңаша әрі жағымды маскулиндікке балап жатыр. ‘98mag журналы коммуникация маманы Дастан Аққожаның эссесін ұсынады. 

Әдетте жауыр болған жылтырақ рөлдерде ойнайтын актерге жұрттың неге сонша тәнті боп жатқанын түсінбей, «Замандасты» жұтына көріп шықтым. Өнерін құнсыздандырғаным емес, бірақ, шынымды айтсам, маған Тәуекел Мүслімнің сөздері қызық болар екен-ау деп бұрын-соңды ойламаппын.

Тәуекелді тек фильмдер мен жарнамалардан көріп үйренген соң, оған тірі тұлға ретінде зер салмаппын. Секс-символ образында жүретін, артық шуға ілікпеген, әрдайым шыттай киініп жүретін адамнан жаны бар, әсерлі дүние күтпейсің ғой. Бірақ «Замандасқа» берген сұхбатынан кейін пікірім өзгерді. Жоқ, Тәуекел жайлы пікірім қалыптасты деген жөн болар.

Эпизод тақырыбын көргеннен кейін, бір жарым сағат талқылайтын тақырып па деп ойланып едім, алғашқы кадрдан-ақ бұл мүлде басқа жағдай екенін ұқтым. Сұлулық жайлы сөз қозғалғаннан-ақ Тәуекел еркектің келбеті емес, өмірлік ұстанымы, өмірді қалай қабылдайтыны мен қоғамға тигізер пайдасы маңыздырақ деп атап өтті. Адамды толыққанды қабылдау үшін түрін бағалау қажеті жоқ деген нарратив бұрыннан белгілі. Тек қаншама қыздың крашы болған адам өзгені осылай бағалау керек дейді деп ойламайсың. Өзімнің сол ойымнан ұялдым. Осы санның жылдар бойы баннерлер мен экраннан күліп тұратын, маскулин еркектің образы да емес, адамның бір қыры екенін ұқтым. 

Мен кішкентайымнан үлкендердің төбелес жайлы әңгімелерін естіп өстім. Ол контексте әр төбелес жетістік пен мықтылықты көрсететін жарыс сияқты айтылатын. Ағаларымыздың сөздерінен мақтаныш пен сағыныш қатар сезілетін. 

Бірақ Тәуекел сөздері — ретроспективаға толы, өткенді қайта таразылайтын, оң-солын ажырата алатын адамның сөзі болды. Романтизация да, ностальгия да, мақтаныш та жоқ. Ұнағаны — сөздерінен адамдарды емес, олардың әрекеттерін айыптап отырды. Ес тоқтатқан адамның әңгімесі болды. Осыдан кейін алдыңда отырған адам қызық кейіпкер екенін ұғасың. Оның саған ұқсас жолы, тәжірибесі мен өткенге жаңаша қарай алатын қасиеті бар. Қызық сезім.

90-жылдары туған әр бала Тәуекелдің айтқанын түсіне алатын сияқты. Ақша мен бала амандығы үшін күндіз-түні жұмыс істеген ата-ана образы көбімізге таныс шығар. Анасы жайлы сөздерден кейін, сен: «Бұл адам да өзіміз сияқты екен ғой» дейсің. Себебі анамызбен қарым-қатынас көбімізге ауыр. Тәуекелдің айтқаны да — сол. 

Уақыт өте құндылықтар да, қоғам да, адамның әдеттері де ауысқан ортада әлемді бұрынғыша қабылдайтын ата-анамен қатынасты сақтап қалған өте қиын. Ал актер соны жасырмай айтып отыр. Шындықтан жалтармай айтып бергені ұнады. Өзім де сондай болғым келеді. 

Тәуекел есейген. Ересек адамның мәселелері мен ойларын ортаға алып отыр. Травмалар мен гештальттарды тізбей, «ата-ана қолынан келгенін берді» деу әркімнің қолынан келе бермейтін сияқты. Бәріміздің де аналарымыз жас қосып жатыр, қартайып жатыр. Бір жағынан, кезінде саған қорған болған адамның шөгіп бара жатқанын көріп қынжылсаң, бір жағынан, ересек адаммен ересек адамша сөйлесу де ауыр екенін түсінесің. 

Тәуекелдің анасын адам ретінде қабылдағаны ұнады. Ол да өз тәжірибесі бар, үнемі оң шешім қабылдай бермейтін, кейде аңқау, кейде қатты екенін айтып отыр. Әйелі мен анасының арасындағы балансты айтқанда, іштей: «Мына бала тортты бірінші анасына бермейтіні анық» дедім.

Әкесіз өсу жайлы айтқанда көзіне жас алады. «Қасымда болғанда ғой деп ойлаған сәттер болды» дейді. Әкенің бала өмірдегі рөлі туралы айтқан сөздері үндеу іспетті естілді. Бұл жас әкелер буынына құлақ асады деп сенемін. 

Тәуекелдің сезімге ерік беріп, көзіне жас алғаны көпшілікке қатты әсер етті. Осы күнге дейін жансыз образда жүрген адамның көзі мұңға толатынын елестеткен оңай емес, бірақ көрген дұрыс. Сол адамның сезімге ерік бере алғаны ерекше маңызды. Себебі сонысымен көпке үлгі көрсетеді. Жылаудан жасқанбай, сағынышын көрсете алғанда басқа адамдар да сезімге ерік беруге болатынын біле жүрсе екен. Бәлкім, бар сыры мен жүгін іште сақтайтын адам болмас па еді?

Қазақ қоғамында ер адамға «жыламау керек», «әлсіздік көрсетпеу керек», «бәрін іште сақтау керек» деген ауыр жүк артылады. Ал шынайы эмоциясын көрсеткен адам әлсіз саналады. Тәуекел бұл қасаң түсініктерді жақсы біледі. Біле тұра көз жасына ерік бергені — Тәуекел өзін қоғамның өзі туралы түсініктермен шектемейтінін, оған сай болуға тырыспайтынын көрсетті, ішкі күшін танытты. 

Бұл сұхбат біздің буынның ұжымдық терапиясына айналғандай. Жұрт Тәуекелмен бірге жылап, өз әкелері мен аналарын еске алғаны — қоғамда жарақаты жазылмаған «90-жылдардағы махаббатқа тоймай қалған балалардың» қаншалықты көп екенін көрсетті. 

Жалғызбасты аналардың бала алдындағы жауапкершілігі, уақыт өте келе сол баланың өміріне шектен тыс араласып, келін мен ене арасындағы бітпес дауға ұласуы — біздің қазақ отбасыларының көп айтылмайтын тақырыбы еді. Тәуекелдің осы шекараларды сақтау қиындығын, анасын ренжітпей, әйелінің де құқығын қорғауға тырысқан ішкі арпалысын жасырмай айтуы — көп отбасындағы жағдайды ашып көрсетті. Тәуекелден біз дәстүр мен заманауи сепарацияның арасында алтын көпір іздеген буынның бейнесін көрдік.

Тәуекел бізге жаңаша бір үлгі көрсеткен сияқты. Ол — ересек адамша диалог құру. Әйеліңмен, анаңмен, балаңмен диалог құру. Оның әрекеттерінде травма мен сынақты жүк көріп, қайта тырнау деген жоқ. «Әкем болмады ма? Ендеше балаларыма сондай әке болайын: велосипед тебуді үйретейін, олармен ойнайын, сөйлесейін. Анаммен қатынас қиын ба? Жаңаша қарап, оның да таңдауын құрметтейін. Қолдан келгенше, мейлі. Әйелім бе? Ол да адам, оның да ұмтылыстары мен қалауы болуы мүмкін, сол үшін оған да құлақ асайын». Диалог — тек қана сөйлеу емес, тыңдау да. Тәуекел де көп тыңдайтын сияқты. Байқалып тұр. Бұл қуантады.

Сөз соңында актер ағам болса деп армандағанын айтты. Меніңше, Тәуекел көпшілікке өзін тура осы аға рөлінде ашқан сияқты. Сөз бен сезімге жұтаң, жылуы ілуде бір ғана байқалатын суық әкелер буынын басатын жаңа ұрпаққа басқа бір үлгіні көрсеткен сияқты. Ал бұл үлкен үміт сыйлайды.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Бренд Sen Sulu бойкотируют после коллаборации с Валей Карнавал
Стиль
#красота
Бренд Sen Sulu бойкотируют после коллаборации с Валей Карнавал
Как «Следствие ведут овечки» учит не отворачиваться от правды
Культура
#кино
Как «Следствие ведут овечки» учит не отворачиваться от правды
Как провести свободный вечер? Mixtape — три часа ностальгии по 90-м
Культура
#интернет
Как провести свободный вечер? Mixtape — три часа ностальгии по 90-м
Память Gucci, IQOS и узбекский урюк: хайлайты Недели дизайна в Милане глазами ‘98mag
Город
#события
Память Gucci, IQOS и узбекский урюк: хайлайты Недели дизайна в Милане глазами ‘98mag
«Меч и жезл Вистории» — сентиментальный фэнтези-сёнэн от режиссёра «Человека-бензопилы»
Культура
#кино
«Меч и жезл Вистории» — сентиментальный фэнтези-сёнэн от режиссёра «Человека-бензопилы»