«Қайырымсыз қала тұрғындары». Заманауи қазақ әдебиетіндегі тұңғыш феминистік роман

«Қайырымсыз қала тұрғындары». Заманауи қазақ әдебиетіндегі тұңғыш феминистік роман

Бұған дейін оқырман арасында қызу талқыға түскен «Өмірдің аты — M» кітабының авторы Перизат Мырзахметтің «Қайырымсыз қала тұрғындары» атты екінші кітабы жарық көріп, оқырманға жол тартты. Кітапты «Written in Kazakhstan» баспа үйі шығарды. Мұқабасын оқырманның өзі таңдаған бұл туынды шықпай жатып-ақ біраз адамды қызықтырып қойды. ’98mag журналының авторы, мәдениеттанушы Аружан Ербосын кітапты оқып шықты. 

Кітап тез оқылады, тілі жатық. Бірнеше жылдан бері автордың әлеуметтік желілердегі жазбаларын, төрт жыл бұрын шыққан алғашқы шығармасын оқып жүрген адаммын. Перизат Мырзахмет кейіпкерді әдемі ашады, оқиғаны дәмді жеткізеді. Қорытынды сөйлемдері шығарманы әсерлі ете түседі, көңіл пернеңді дөп басады.

Шығарма Махаббат атты жазушының Қарағандыдағы түрмеде әйелдерден сұхбат алуынан басталады. Бір қарағанда роман жазушыны қосқанда төрт кейіпкердің әңгімесіне бөлінгендей көрінсе де, оқи келе әр әңгімеде неше адам болса, сонша тағдыр барын түсінесің. Әр кейіпкердің тағдырына қаныққан сайын оның өміріндегі ең қайырымсыз, жауыз адамның өзін сөкпейсің, әрекеттеріне баға беріп, жек көре алмайсың.

Түрмедегі үш әйел де адам өлтіргені үшін сотталған. Бас кейіпкер Махаббат әр әйелмен сөйлескен сайын «Кісі өлтірген адам қылмыскер ме, әлде кісі өлтірмей-ақ күнде жақынының жанын жаралап жүрген адам қылмыскер ме?» деп ойланып қаласың. Еріксіз «Әділдік бар ма өзі? Бар болса, қайда?» деген сұрақ келеді. 

Автор ол сұраққа жауапты бір кейіпкерінің аузына былай салып береді: «Әділдік — құдайдың аты, қарағым. Ол адами қасиет емес. Оны өлшеп-пішетін, турасын тауып, дәлдеп айтатын адам жоқ. Сот, түрме, кісен, заң — адамдардың ермегі ғана. Уақытша шара. Әділдіктің көлеңкесі тек. Ұлы төрешінің алдына барғанда ғана соңғы әрі нақты шешім шығады. Өлім қорқынышты емес. Өлімге бұйыратын адамдар қорқынышты. Мен сияқты».

Әр адамның өмірінде ғашық болатын, сүйетін, махаббаттың не екенін сезетін сәт болады. Өмір бойы есінде сақталатын, суықта жылытатын сезім де — сол. Автордың бір кейіпкері «Сүйген адам да күйеді, сүймегендер де күйеді. Қай отты таңдайсың, бәрі соған байланысты» дейді. Тағы бір кейіпкерінің айтқаны: «Сүюден бас тартқандар бақытсыз. Өте». 

Бірінші кітаптан бері Перизаттың «қысқа ғұмырда аз уақыт болса да бақытты боп сүйіп көру керек» деген ойы өзгермегенін байқаймыз. Ол үнемі махаббат жағында.

Қазір әйелдің «жар», «ана» статустарынан бөлек, «келін» рөлінің міндеттері тым көп. Осының кесірінен көп әйелдің еркі өзінде емес. Әркімнен сұранып жүреді, айналасына кіріптар. 

Мейірім деген кейіпкердің: «Келін кезімде түсінгенім — әйелдің өзімдікі деген уақыты жоқ. Құдай адамзатқа 365 күнді теңдей бөліп берсе, әйелге тән 365 күнді әйелден басқасының бәрі өзара теңдей бөліп алған ғой. Әйелдің уақытын бөліске салып жатқанда, әйел біреуге қызмет көрсетіп жатқан шығар…» деген ащы мысқылынан еріксіз жымидым.

Әйел адамның өмірі түбегейлі өзгеріп, арман-мақсаты жаңаратын, айтып жеткізе алмайтын сезімді бастан кешетін кезі — ана болған сәті. Балаңның өскенін көрген сайын ол сезімдер күшейе түспесе, азаймайды. Ол сезімдерге адамзат әлі атау бере алмаған. 

«Бала тудым деу — жүрегіңді өз ықтиярыңмен бірнеше бөлшекке бөліп, әр балаңның қолына ұстатып, сол жүректің жараланбауын бақылап отыру деген сөз» деп бір кейіпкер жауапкершілік пен махаббаттың ауыр салмағын айтады.

Махаббат, шексіз жақсы көру, сатқындық, өкініш, жауапсыздық, шарасыздық, іштен тыну, көз байлану, ашыну, ана болғандағы сезім әр әйелдің басынан өткен. Осы сезімдерді бастан кешірген бұл кітаптағы әр кейіпкерге сенесің, аяйсың, бірақ сөкпейсің. Өзің де әйел болғасын түсінесің. Романның ең ұнаған тұсы — тек әйелдер туралы болғаны. Әйелдің өміріндегі әр кезеңді, онда кездесетін әртүрлі қиындықтарды аша білген. 

Мен бұл шығарманы заманауи қазақ әдебиетіндегі тұңғыш феминистік роман деп есептеймін.

Заманауи қазақ прозасында, кейін шығып жатқан қазақ фильмдерінде оқиға көбіне Алматыда өтеді. «Сезім толы» қаланың өзі бір кейіпкерге айналады. Мен Астананы көрсем екен дейтінмін. Осы шығармадан көрдім, Махаббаттың қалаға деген мұң аралас махаббатын да сезіне алдым.

Роман аяғында махаббат пен мейірімнің үстемдік ететіні швед жазушысы Фредрик Бакманның шығармаларын еске түсірді. Жүрегіңіз көптен бері ештеңе сезбей, күйбең тіршіліктен қатайып кеткендей болса, әлемнен жылт еткен бір үміт іздеген болсаңыз, осы кітапты оқыңыз.

Оқи отырыңыз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
«The Black Parade» 20 лет: как концептуальная рок-опера стала главным гимном эмо-субкультуры
Культура
#музыка
«The Black Parade» 20 лет: как концептуальная рок-опера стала главным гимном эмо-субкультуры
Зангар Нурланулы дебютировал на Almaty Open
Ликбез
#общество
Зангар Нурланулы дебютировал на Almaty Open
Посольства Казахстана предупредили иностранцев о новых правилах въезда в страну
Ликбез
#общество
Посольства Казахстана предупредили иностранцев о новых правилах въезда в страну
Акции Victoria’s Secret выросли почти на 70% с начала года
Стиль
#мода
Акции Victoria’s Secret выросли почти на 70% с начала года
Джихё из TWICE покинула JYP Entertainment
Культура
#музыка
Джихё из TWICE покинула JYP Entertainment