Sad Girl Music — жанрға, қайғы перфомансқа айналды

Кейінгі кездері sad girl music жанрының тыңдарманы көбейді. Жанр аты айтып тұрғандай, бұл қыз өнерпаз жазатын, қыздар қауымы тыңдайтын мұңды музыка. Жанр тізіміне Фиби Брижерс, Mitski мен Билли Айлиш сияқты әншілер кіреді. 

Бұл жанр кеше пайда болған жоқ. Қайғылы баллада мен баяу ырғақты ән үнемі тыңдарманын тауып, кейде поп-чарттарда көш бастап жүреді. Оған Адельдің шығармашылығы — жақсы мысал. Ал қазір осы туындыларды ортақ сипатына қарай ажырататын жаңа атау да пайда болды. Жанрдағы өзгерістер көптің көңілінен шығып, бұрын мұңды музыка тыңдамаған қауымды да еліктіріп әкетті. 

 

Фиби Брижерс 

Sad girl music жанрын дамытқан әртістің бірі — Фиби Брижерс. Оның кейінгі шыққан Punisher альбомы жанрдың бетке ұстар туындысына айналды деуге болады. Қарапайым өлеңді күрделі меланхолия инди-рок стилінде өңдеп, әсерлі эмоционал әуен жазу қабілеті Брижерсті өзге өнерпаздардан ерекшелеп тұрады.

TikTok-та оның Kyoto әні хит болды. Әскери парадта естілетін тромбон екпінімен сүйемелденетін көңілді әуеннің астарында балаларына жексұрын болған маскүнем әке туралы ауыр хикая жатыр. Фибидің лирикасы қарапайым болғанымен, көңілдегі толғанысты шынайы әрі дәл суреттейді. Оның танымал болуының сыры да — осы. 

I hate your mother, I don’t forgive you деген тармақтарынан-ақ әртіс қаншалықты шынайы әрі батыл екені көрінеді. Осының әсерінен тыңдарманмен эмоционал байланыс орнайды. Әртіс АҚШ-тың шағын қаласында тұру, өзіңнен әлдеқайда үлкен адаммен көңіл жарастыру не өзі басқаларға токсик болған кездер сияқты жайсыз сәттерді суреттегенімен, тыңдарман оның астарынан Фиби жанының сұлулығын көреді. 

 

Mitski 

Жапон-американ әншісі Mistki — sad girl music starter pack плейлистерінің ішіндегі өзім сүйіп тыңдайтын өнерпаз. Оның I Bet on Losing Dogs пен Crack Baby әндері TikTok-та мұңды мазмұндағы видеолардың саундтрегіне айналғандай. Кейін шыққан альбомындағы My Love All Mine синглі де хит болды. Mitski дыбыспен ойнағанды жақсы көреді. Мәселен, Bury me at make out creek альбомында лас басс постпанк стилі басым болса, Laurel Hell 80-жылдардағы поп-дыбысы естіліп, туындысы ABBA дискографиясын еске түсіреді. 

 

The Tortured Poets Department

Тейлор Суифт те кейбір альбомымен sad girl жанрының танылуына үлес қосты. 2020 жылы шығарған, вокал мен лирикаға бай folklore альбомына фанаттары ессіз ғашық болып, сыншылар таңдай қақты. Таяуда шыққан The Tortured Poets Department альбомын тыңдарман Суифттің осы жанрға оралуы деп қабылдады. 

Бірақ әншінің бәрін әсірелейтін стереотип американ стилі мұңды музыкасына жараспай-ақ қойды. 2 сағаттық альбомда ән көбіне the 1975 музыкалық тобының фронтмені Мәтти Хилиге арналғанын бір сәт те ұмыта алмай, лириканы сезіне алмадым. 

Көңілі түскенде қаланы жеке ұшағымен аралап шығатын Тейлор Суифттің кейінгі альбомы арқалаған мұңға, шынымды айтсам, аса сене қойған жоқпын. Альбомды алып шыққан оның атағы сияқты. Sad girl music жанрында әншінің беймәлім болуы міндетті емес. Бірақ тап Тейлорға келгенде «Бүкіл әлем танитын, есепсіз байлыққа кенелген өнерпаз нені ойлап мұңаяды екен?» деген циник сұрақ еріксіз туындайды. Кешіріңіздер.

HIT ME HARD AND SOFT

Бұл Билли Айлиштің әзірше ең толыққанды жұмысы, «мұңды қыз» концепт альбомы деп те айтар едім. Осы жұмысы арқылы кемелдіктің белгісін сезінесіз. Барби фильмінің хитке айналған әнін шығарған соң бірде-бір синглсыз, тұтастай альбоммен алға шығу – батыл қадам. 

HIT ME HARD AND SOFT – түйінді мәні бар шығарма.  Небәрі 23 жастағы Айлиш үлкен марапатқа ие болып, интернетте көпшіліктің көз алдында жүріп сынға түскен қарым-қатынаста болуы, әрине, Биллидің тұлғалық жетілуіне әсерін тигізді. «Can’t change the weather, might not be forever»  сөздерінің түбінде қарым-қатынасқа деген ересек адамның да көбіне бейтаным көзқарас туралы айтылған. Гомосексуалдық қарым-қатынасты әзіл қылатын wish you were gay әнінен, сүйетін қызын «жеп алуын» анық айтатын LUNCH-қа өсу әртістің қалыптасуын, жетілгенін көрсетіп тұр. 

Билли ең қайғылы сәттерде өзіне тән қараңғы реңкке ие. THE GREATEST мен THE DINER әндеріндегі сарказм соның дәлелі. 

Продакшн тұрғысынан Билли мен ағасы Финнеастың дуэті әлі де күшін жоғалтпаған. Алты сағат су астында түсірген мұқабада Билли өзінің тұңғұйыққа батып бара жатқан бейнесімен шығармасының терең ойын көрсеткен тәрізді. Жалпы басқа да альбомдарында баяу әуен басым болғанымен, әрқашан би қозғалысына теңесетін ритм табылады. Тіпті Happier Than Ever рекорды баяу болса да грувқа толы. Ал жаңа жұмыстары билейтін ырғақты әуен емес, көбінесе медитацияға баулитын жұмыс. Нәтижесінде бұл sad girl music сипаттамасын толыққанды сіңіріп алған туынды. Биллидің альбомдағы соңғы әні де «I’m true blue» сөздерімен осыны растағандай: blue ағылшынша тек түсті білдірмей қайғылы күй мағынасында да түсіндіріледі.

Depression Obsession 

Жанрдың танымалдығы депрессия мен басқа да ментал ауытқуларды дестигматизациялау үрдісіне ұласқандай. Қазір бұрынғыдай бақытты болып көріну не токсик позитив күйде жүру орнына, жанымызды қинаған уайым-қайғы жайлы ашық айта бастадық. Клиникалық депрессия, онымен күресудің қиындығы жайлы талқы көп. Жанрдың танымал болуы қоғам көңіл-күйінің көрсеткіші деуге болады. Капитализмнің ауырлығын басыңнан өткеріп, салың суға кеткенде, жақын адамдарыңмен ұрысып, қатты құлазығанда Кэти Перри мен Бруно Марс сияқты әншілерді тыңдамайтыныңыз анық. Мұндайда мұңды музыка жақсы жұбаныш болады.

 

Естелік 

Патриархат әйелдердің эмоционал күйін құнсыздандырып көрсететінін білеміз. Ер адам сыршыл, мағыналы музыка жазады, қыздар жылаңқы, мұңды әуенге құмар деген қате ой бар. Сондықтан да жанр атауы sad woman music емес, girl деп тұр. Мұның сексизм екені анық.

Жанрдың тағы бір даулы тұсы — музыкаға қоятын шекара мен шектеу. Кейбір әйел әншінің музыкасы мұңды, әрине. Бірақ жанрға тән туындылардың мұңнан басқа да ерекшелігі бар. 

Mitski мұңды музыкасында тек қайғырып отырмай, күрделі әрі терең мәселелер көтереді. Мәселен, Real Men әнінде патриархаттан ерлер де, әйелдер де қалай жапа шегіп жатқанын айтады. Ал Drunk Walk Home әнінде үнемі ақша мен табысқа ұмтылуға мәжбүрлейтін капитализмге қарсылығын баяндайды. Mitski музыкасында көп ешкім елемейтін нәсіл аспектісі де бар.

Әртіс өзіне «қайғылы қыз» деп сексистік айдар тағуға қарсылық білдірген. Бұл атауға sad girl music жанрдағы көп әртіс те келіспейді. Мысалы, Fiona Apple музыкасын TikTok платформасынан алып тастады. Неге бұлай еткенін жария түсіндірмесе де, кейбір жанкүйері бұл қадамды Apple-дің «қайғылы қыз» эстетикасына қарсы күресінің бір бөлігі деп түсінді.

 

Қайғыдан фетиш жасау

Әлеуметтік медиа өмірімізді қойылымға айналдырды. Жаңа ашылған кафеде латте ішіп отырсам, Инстаграмдағы барлық жазылманым соны білуі керек деп санаймын. Автобус жүргізушісі ренжіткенін Туиттердегі оқырманым сол сәтте-ақ біліп отырады. 

Көңіл-күйі жоқ адамның қалай мұңайып отырғанын желіге салуы да үйреншікті нәрсеге айналды. Желі қолданушылары мұңды музыка тыңдап, «дұрыс» позада жатуға, «дұрыс» жылауға үйренді. Осылайша, қазір қайғы дегеніміз — жай ғана эмоция емес, мұқият өңделген, аудиторияға бейімделген сезім. Басқаша айтқанда, эстетика. Bed rotting трендінің де проблематик тұсы — осы. «Шірудің» ең дұрыс жолы қандай, «шірігенде» қандай төсекке жатқан дұрыс дегендей нұсқаулықтар да бар. Мұндайда адам жанын қинаған азап қандай, көңілін құлазытқан уайымы не деген сұраққа жауап іздеуге уақыт табылсын ба?

 

Бір сөзбен айтқанда, sad girl music — жанрға, қайғы перформансқа айналады. Мұңайған сәтте сторис салып, оған Clairo әнін қосуды ұмытып кетпеңіз! (Әзіл-әзіл)

 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Almaty Pop Up Store: 11 лет любимой ярмарке алматинцев
Город
#события
Almaty Pop Up Store: 11 лет любимой ярмарке алматинцев
Moldanazar выпустил трек, записанный на легендарной студии AIR Studios
Культура
#музыка
Moldanazar выпустил трек, записанный на легендарной студии AIR Studios
Казахстанское агентство GForce Grey выиграло престижную премию Epica
Бизнес
Казахстанское агентство GForce Grey выиграло престижную премию Epica
Как прошёл фестиваль Tabiğat Labs в Алматы
Город
#события
Как прошёл фестиваль Tabiğat Labs в Алматы
О женщинах. Ноябрьские выставки в Доме на Барибаева
Город
#события
О женщинах. Ноябрьские выставки в Доме на Барибаева