iONE! тобы «KOpbOliKTeR» EP-альбомын шығарды

iONE! тобы «KOpbOliKTeR» EP-альбомын шығарды

Қазақстандық iONE! тобы жаңа «KOpbOliKTeR» EP-альбомын ұсынды. Альбом төрт әннен тұрады және тыңдарманды сезім, шекара, түсінік пен жаңғыру кезеңдері арқылы жетелейді.

«KOpbOliKTeR» атауы қазақтың «көп бөліктер» тіркесінен шыққан және әдейі «Көбелектер» сөзімен үндестірілген. Альбомның басты синглы да дәл осы атаумен ашылады. Осы екі сөздің арасындағы үндестік бүкіл жобаның негізгі идеясын құрайды. Адам болмысы бір сәтте қалыптаспайды. Ол махаббаттан, жоғалтудан, қарсылықтан, түйсінуден және жаңарудан тұратын сансыз бөлшектерден құралады. Әрбір бастан өткен оқиға болмысымыздың бір бөлігін қалыптастырады. Осы ой «KOpbOliKTeR» жобасының өзегіне айналады.

«KOpbOliKTeR» жобасының бүкіл визуал әлемі бір ғана кеңістік — бос бассейн төңірегінде өрбиді. Альбом мұқабасы, концерттік перформанстар және төрт бейнебаянның барлығы осы бір архитектуралық кеңістікте өтеді. Бассейн жай ғана локация емес, кейіпкердің жадын, эмоциясын және санасын бейнелейтін лиминалды кеңістікке айналады. Оның құрылымы өзгермейді. Өзгеретіні — оның ішкі әлемі.

Әр бөлім сайын бір кеңістік жаңа декорациялармен, заттармен, фактуралармен және символдармен қайта қалыптасады. Осылайша визуал әлем оқиғамен бірге түрленеді. Әр бейнебаян үлкен әңгіменің бір ғана бөлшегін көрсетеді. Барлық тарау біріккенде ғана толық картина ашылады.

EP-альбомды мына сілтемеден тыңдап шыға аласыз.

.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
«Кайрат» крупно уступил в матче Лиги конференций
Ликбез
#общество
«Кайрат» крупно уступил в матче Лиги конференций
В Казахстане предложили создать совет по креативной экономике
Ликбез
#общество
В Казахстане предложили создать совет по креативной экономике
Паспорт Казахстана снова оказался самым сильным в Центральной Азии
Ликбез
#общество
Паспорт Казахстана снова оказался самым сильным в Центральной Азии
В центре Алматы убрали мурал «Отец яблок»
Город
#урбанистика
В центре Алматы убрали мурал «Отец яблок»
Михаил Кукушкин завершил профессиональную карьеру
Ликбез
#общество
Михаил Кукушкин завершил профессиональную карьеру