«Иран конференциясы» спектаклі туралы ой иегі

Иван Вырыпаевтың пьесасына қойылған «Иран конференциясы» спектаклі 24-25 қыркүйек күндері Şam тәуелсіз театрының сахнасында шымылдығын ашты.

Құрылғанына бір жыл ғана болған Şam театры екі спектакль мен тоғыз қалада қойылымдарын қойып үлгерді. Алғашқы спектакльдерін «Азаттық радиосының» Қаңтар оқиғасының репортажымен бастаған Şam театры сыртқы күрделі тақырыптар мен әр жанның жүрегіне жақын ішкі тақырыптарды бір жерде тоғыстырып, көрермендер жүрегін жаңашылдығы мен жақындығымен бір мезетте жаулап алды. 

Еуропа елдерінің жоғары өкілдері, білікті ғалым, дінтанушы, саясаткер, журналисттері мен ирандық ақын әйел Иран және Таяу Шығыс елдерінде орын алып жатқан дін мен қоғам қақтығысы, әйелдерге күштеп паранджа кигізілуі мен тұрғындардың құқықтарының жоқтығын, яки үшінші елдер мәселесін талқылауға Еуропаның қақ төрі Данияда жиналды.

Конференцияның басы «қазір екі күш күресуде: Алла мен Кока-Кола» деген әзілді тұжырымдамадан басталады.  

Şam театрының «№37» алғашқы қойылымда террор салдары сыртқы тақырыбының артында отбасыдағы жандардың бір-бірін елемеуі, әке мен бала қарым-қатынасы мен «ауруын жасырған өледі» сынды ішкі мәселелер көтерілсе, «Иран конференциясында» Таяу Шығыс елдерінің бостандығы тақырыбының артында өмір мәні, бақыт пен шындық ұғымы, Құдай мен адам, адам мен адам байланысы және еркіндік шын мәнінде не екендігі қозғалады. 

Сырт әлем мен ішкі әлемнің бір жерде ұштасуы арқылы екі жарым сағаттық спектакльде «Иран тақырыбын» ғана ойлап қоймай, өзіннің күйбеңіне жақын мәселелерге жаңа көзбен қарауға мүмкіндік береді.

Құдай принципі, дін мен қоғам байланысы, Жер шарының көптеген бөлігіне батыс демократиясының сай еместігі, білім мен ақпарат алу айырмашылығы, адами басты төрт құқық, шынайы еркіндік, еркіндікті шектеуші еркіндік ұғымын таратушылар, сәби көзбен көрген жарық сәуле, бақыт құпиясы, суицид, тұлға ұғымы, әлем бойынша әртүрлі қисынсыз рейтингтер, шындық деген не және т.б. – әйелдерге паранджа күштеп кигізу мен Таяу Шығыстағы адам құқықтарының тапталуы тақырыптарынан бастау алған конференцияда көтерілген тақырыптар.

 

Конференцияның басты тақырыбы әр спикер шыққан сайын күрт өзгере отырып, ең соңына қарай Иран тақырыбынан тыс, өмір мен Құдай ұғымдарына деген әртүрлі көзқарастардан тұратын талқыға айналады.

Соңында дінді махаббатқа теңеп, ана тілінде өмір мәні сүруде екені туралы өлең оқыған өлеңдері үшін жиырма жыл үй қамақта болған иран ақыны Шырын Ширазидің осыған дейінгі талқының шын мәнінде түкке тұрғысыз құр әңгіме екенін және тақырыпты толықтай өз бойыннан өткізбей талқылау қате екенін дәлелдеуімен аяқталады.

«Иран конференциясы», қанша жерден ащы естілгенімен, қоғам мен өзін жоғары санат санайтын ортадағы барлық делік талқылар секілді тақырыпқа деген ешқандай дерлік пайдасын келтірмей, жиынға қатысқан спикерлер мен тыңдармандар санасында қоғамға пайда келтіріп отырмыз деген жалған ойды береді.

Даниядағы жоғары санат өкілдерінің қатысуымен өтетін Иран конференциясы болсын, еліміздегі мемлекеттік алдын-ала келісілген конференциялар болсын, Алматыдағы тек қана Алматының алтын шаршысында туып-өсіп, одан бөлек екі жарым миллион шаршы километрді елемей, постотарлық тақырыбында Алматының қақ төрінде дискусс құратын жиындар болсын бәрі бір.

Еуропада отырып, Ислам мен Иран тақырыбында кітаптар мен мақалалар жазатын саясаткер, жазушылар мен үш ай Таяу Шығыста болып келген және бір ай Перудегі ауылда болып келген журналисттерден гөрі дауысы тынышырақ болғанымен, шын мәнінде қатты ирандық әйел басымырақ.  Болу болып көріну емес.

 

Шындық әркімде әртүрлі емес, шындық біреу. Шындық – сезінуде», – спектакль кейіпкері Паскуаль Андерсен.

 

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Культура
#музыка
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
Город
#события
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
Культура
#кино
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
Культура
#кино
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
STRAY KIDS ATE BUT STILL HUNGRY
Культура
#музыка
STRAY KIDS ATE BUT STILL HUNGRY