«GAP»: әдемі, шашыраңқы, бос

«GAP»: әдемі, шашыраңқы, бос

7 шілде күні Ninety One тобының көптен күткен «GAP» үнтаспасы жарыққа шықты. Тоғыз әннен тұратын альбом өзіне топтың өзіндік стиліндегі музыкалық, тілдік эксперименттерді қамтыды.

«GAP» альбомы неліктен альбом емес, тақырыптарға таяз, біркелкі, бос әнжинақ болып шыққандығы туралы Әділ Айжарық талқылайды.

Фото: Бауыржан Бисмильдин

Бір жыл бұрын Ninety One тобы Juz Entertainment продюсерлік орталығымен жеті жыл уақыттан кейін контрактын тоқтатып, бір жыл бойы бірнеше синглдер шығару, қаржылай аяққа тұру мен құрам жинаумен айналысты. 

2022 жылдың соңғы қорытынды концерттік турында келесі жылы наурыз айында шығатын ұзақ уақыттан бері сандық қоржынына жиналып, дайындалып жатқан әндерден тұратын «GAP» үнтаспасы шығатынын жариялады. Соңғы рет топтың толыққанды үнтаспасы 2020 жылдың соңында шыққандықтан барлық тыңдармандар жаңа альбомды асыға күтті.

Алайда наурыз айында альбом жарыққа шықпай, алғашқы тизерлер мен промокампания тек мамыр айының соңында басталды. Альбом шығу күні белгіленіп, бір ай көлемінде үнтаспаның алғашқы трегі жарияланып, жабық аудиторияға альбом тыңдалымы болып, топ бірнеше үлкен шоуларда бой көрсетіп, әлеуметтік желілерде ән үзінділерімен тарады.

7 шілде күні үнтаспа жарыққа шығып, лезде тыңдармандар арасында үлкен махаббатқа бөленді. Тоғыз әннен тұратын альбом өзіне топтың өзіндік стиліндегі музыкалық, тілдік эксперименттерді қамтыды.

«BLUE» әнінің атауында қазақ тіліндегі «білу» сөзі жасырынса, «JUR MAPELEP» әнінде қазақша мәтінді француз емлесіне салуын, әртүрлі музыкалық жанрлардың әсем қосындысын көреміз.

Альбом топтың өткен сегіз жылға және қазіргі өнер мен қоғамдағы рөліне шолуды баяндайтын «BIZ» трегімен басталып, бұл тақырып тек соңғы тректердің бірі «EGO»-да ғана жалғасып, тәмәмдалады. «JUR MAPELEP» пен «OTTEGI»-де қарым-қатынастағы қолдау мен сүю маңыздылығы; «ÁPEREM AI», «TARTTY» мен «BLUE»-де таза, пәк махаббат; «ZULYM»-да махаббат сезімі адамға қалай, тіпті зұлымдық жасауға дейін әсер ететін күш екені;

Және «DUNIE»-де топтың осыған дейінгі әлеуметтік жайттарға шолу әндеріне қарағанда аса әлсіз, кезекті, қисынсыз махаббат пен мейірімге шақыру әні болды.

Альбом нағыз жаздық атмосфера мен махаббат туралы әндерге толы болып шықты. Және бұл альбомның ең басты мәселесі.

«BIZ» және «EGO» тректерінен бөлек, әнжинақтағы барлық жеті ән махаббат тақырыбын қамтуы тақырыптардың таяздығына, артынша үнтаспаның бостығына алып келді.

 

Ақырында альбомның бостығы мен бір немесе жалғасып отыратын атмосферасы мен концепциясы болмағандығы альбомды альбом қылып емес, жай ғана әртүрлі уақыттан жиналған әндерден тұратын әнжинақ қылып шығуымен аяқталды. Жинақтағы әндер бөлек синглдер ретінде ғана жұмыс істеп, альбомда бір-бірінің арасында еш байланыс болмағандықтан, ашыла алмайды.

Бұл құбылысқа үлкен себеп болған қате промокампания мен альбоммен мағыналық және атмосфералық жағынан еш байланысы жоқ тизерлер. Альбом қарсаңында шығып бастаған тизерлерде топтың әр мүшесі өткен сегіз жылдағы жолына көз жүгіртіп, іштегі уайым, үрейлерімен күреседі. 

Кейіннен әнжинақ шығардан үш апта бұрын шыққан «BIZ» әні тизерлерде берілген атмосфера мен ойды жалғастырып, ішкі үреймен күрес топтың өздерінің кім екенін анықтайтын, өткенін саралап, келесі кезеңге өтіп, бүкіл әнжинақ әртүрлі сезімдер мен тақырыптарды қамититын үлкен концепциялық туынды шығатыны туралы жалған ой береді.

 

Тизер режиссері Асхат Баянов пен топтың осыған дейінгі жұмысына көз жүгіртсек, 2019 жылы 1 қаңтар күні жарыққа шыққан «Why’m» бейнебаянында топтың құрылғаннан бері соңғы үш жылдағы ішкі уайым, күйзеліс пен қорқыныштарымен бетпе-бет келіп, күресіп, топ және тұлға ретінде келесі кезеңге өтуінің символы екенін көре аламыз.

«Dopamine» альбомы мен «Why’m» бейнебаянынан кейін топ бала-жасөспірімнен өз айтарлары бар, терең, ішкі протесттері саяси, әлеуметтік протест кейпінде шығып бастаған ересек құрамға айналды.

 

Осыған дейін де топ үнтаспаларында көбіне бір концепцияны ұстанбай, әртүрлі тақырыпта жан-жақты боп шықса, бұл жан-жақтылық «GAP»-те концепциялық біркелкілікке алып келіп, тек музыкалық эксперименттермен шектелді.

Сөзсіз, поп топтың әнжинағында 80% әндер махаббат туралы болуы мен музыкадағы пацифизм мен махаббатқа шақыру уақыт пен заман талабы. Алайда «Мен әндетемін, оңға-солға құтылайын деп батып тұрған мұңнан» деп шырқап, заман талабына қарсы болып, өз өнерлерімен айналысқан топқа тек бір тақырып төңірегінде шырқау бір орында тапталу, жеңіл жолды таңдау мен идеялық кедейлікке жақындаумен пара-пар.

Бәлкім бұның бәрі бір «GAP»? Бәлкім бұның бәрі бір «GAP»-те?

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Добро пожаловать в «Kokomba»: о выставке Ambujerba и Kokonja
Город
#события
Добро пожаловать в «Kokomba»: о выставке Ambujerba и Kokonja
Станьте частью феминистской инсталляции в Бангкоке
Ликбез
Станьте частью феминистской инсталляции в Бангкоке
Зины: история, эволюция и культурное влияние
Ликбез
Зины: история, эволюция и культурное влияние
Глава Nomad Stunts организует первую в Европе премию для каскадёров
Культура
#кино
Глава Nomad Stunts организует первую в Европе премию для каскадёров
«Sheker: последний шанс» — красиво, но очень плохо. Разбираемся почему
Культура
#кино
«Sheker: последний шанс» — красиво, но очень плохо. Разбираемся почему