Ашаршылық зардабын көрсеткен фильм неге танылмай қалды?

Режиссер: Ардақ Әмірқұл

Бас рөлдерде: Жанар Шоқпанова, Салих Бейсенбай, Мейіржан Мұсақожа, Сағызбай Қарабалин

«Жел тоқтаған жер» — қазақ кино өнеріндегі жаңа толқын өкілі, режиссер Ардақ Әмірқұлдың фильмі. Туынды Қазақстан киносыншылар қауымдастығының «Сыншылар таңдауы — 2024» байқауында «Үздік драмалық фильм» атағына ие болды. 

Қазақ кино өнерінің жаңа толқыны — өткен ғасырдың 80-жылдары Мұрат Әуезов пен Олжас Сүлейменов жас кино мамандардың арасынан іріктеп, Мәскеуге оқуға жіберген мамандар. Оқуын аяқтап, елге оралған жастар Қазақстан кинематографиясына жаңа леп берді. Олардың арасында «Ине» фильмін түсірген Рашид Нұғман, «Фара» фильмімен Абай Қарпықов, «Бауырдың» режиссері Серік Апрымов бар. Александр Баранов, Бақыт Қилыбай, Ермек Шынарбай мен Дәріжан Өмірбай да жаңа толқын өкілдері деп есептеледі. 

Фильм өткен ғасырдың 30-жылдары Кеңес үкіметі ұжымдастыру деген желеумен қазақты аштан қырған геноцид салдары туралы баяндайды. Жас отаудың отағасы Асанды большевиктер өлім жазасына кеседі. Оның әйелі Жұпар балалары мен өзі аштықтан аман қалу үшін «Жел тоқтаған жер» атты мекенді іздеуге аттанады. Жұпардың өмірі күреске айналады. Жолға аттанарда екі ұлы да әлсіреп қалып, жас ана өзімен әкететін бір баласын ғана таңдауы керек болады.

Кейінгі екі жылда ашаршылық тақырыбын көтеретін бірнеше фильм түсірілді. Бекарыс Елубай әкесі Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» шығармасын экранизациялады. Айсұлтан Сейіт этнохоррор жанрын таңдап, «Қаш» фильмінде ашаршылықтың қорқынышты зардабын көрсетті. Ардақ Әмірқұлдың фильмінің бір ерекшелігі — режиссер ашаршылық зардабын шынайы бейнелейді. Аға буын режиссердің шеберлегі бірден көзге түседі. Отырардың күйреуін экранда бейнелеген режиссер ашаршылық сияқты ауыр тақырыпты да жақсы алып шыққан. 

Киноның бас артықшылығы — Жұпар. Ол — өзін құрбандыққа шалуға әзір ержүрек ана образына толы қазақ киносына таңсық бейне. Жұпар өзі де тірі қалғысы келеді, өзінің де қамын ойлайды. Үмітін үзбесе де, екі ұлын қатар құтқара алмайтынын түсінеді. Ол — қайшылыққа толы кейіпкер. Жұпардың ауқатты отбасында тұрғаны бірден аңғарылады. Ашқұрсақ отырса да, айнаға қарап, бет-әлпетін ретке келтіріп әлек болады. Оны сөзсіз жағымды кейіпкер дей алмаймыз. Ол күйеуінің елден мал ұрлап, шетелге айдап әкеткісі келгенін білген. Жұпар ауыр кезеңде де адами қасиеттерін сақтай алады. Аштықтан дәрмені құрыған адамды өлтіріп, қорек ету сияқты әрекетке барған жоқ. 

Ардақ Әмірқұл даланы жайлаған аштықты ашық көрсетеді. Кейбір кадрлар мұрағаттан алынған фото мен видеоға ұқсайды. Кейіпкерлердің үсті-басы лас. Әр минут сайын олар қиын таңдау жасауы керек болады. Фильмде ашаршылық қолдан ұйымдастырылғаны айтылады. Билік халықтың қырылатынын білген және оны тоқтатуға тырыспаған. Үкіметке адал қазақ та, орыс та адамзатқа қарсы қылмыс істегенін біледі. Ажал бізді айналып өтеді деп ойлағанымен, олар қателескен болып шығады.

Фильм Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген. Мұны көргенде, шыны керек, қуандым. Тәуелсіздік алғалы ашаршылық тақырыбы кинода аса көп көрсетілген жоқ. Айсұлтан Сейіттің дебюттік фильмінен соң сең қозғалғандай. «Қаш» пракатқа шыққанда қоғамда ашаршылық туралы үлкен дискуссия туындаған. Фильмді сынағандар да көп болды. Дегенмен фильм арқылы халық санасындағы жазылмаған жараға көптің назары ауды. Режиссер Ардақ Әмірқұлдың фильміне ондай сын айта алмайсыз. «Жел тоқтаған жерде» ашаршылықты не өлімді эстетикалау (әдемі етіп көрсету) мүлдем жоқ.

Бас кейіпкер — көрерменнің ішінде қайшылық тудыратын қызық образ. Режиссер барынан айырылған бір адамның тағдырып көрсетіп, трагедияны тура бейнелейді. Фильм динамикасы күшті, минуттарға созылатын ұзақ кадр жоқ.

Осы тақырыптағы өзге фильмдерден оқ бойы озы тұрса да, «Жел тоқтаған жер», өкінішке қарай, лайық бағасын алған жоқ. Қалай ойлайсыз, картина көпшілік назарынан неге тыс қалды?

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
«Дэдпул и Росомаха»: кризис супергеройского кино 
Культура
#кино
«Дэдпул и Росомаха»: кризис супергеройского кино 
Oлимпийский гид: главные герои и самыe громкие интриги Пaрижа-2024
Культура
Oлимпийский гид: главные герои и самыe громкие интриги Пaрижа-2024
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Культура
#музыка
Жарқ еткен GloRilla жұртты несімен баурап алды?
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
Город
#события
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
Культура
#кино
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом