«14 күн»: сексист скуфтар туралы хикая

Тамыз айының аяғында отандық прокатқа режиссер Олжас Нұрбайдың «14 күн» комедиясы шықты. Бас рөлдерде көрерменге әбден таныс Әбілмансұр Серіков, Әшім Ахметов пен Қанат Тасхан ойнайды. Бұл актерлерді қазақша комедиядан бір-екі ай көрмей қалсақ, уайымдайтын халге жеттік. Алайда «14 күн» фильмінің жарнама науқанына қазақстандық феминистік ортада танымал тұлғалардың қатысқаны ерекше назар аудартты. Фильмдегі әйел кейіпкерлердің образдары қалай ашылғанын, ер адамдардың арманы мен балалық шаққа деген сағынышы қалай бейнеленгенін киносыншысы Алтынай Момбекова талдайды.

Оқиға ортасында — Дархан (Әбілмансұр Серіков) есімді бай кәсіпкер. Өмірде (адал достан басқа) ештеңеден таршылық көрмеген. Кәсібі өрге домалай бастаған жылдары бала кезінен бір нанды бөліп жеген достары — Болатпен (Әшім Ахметов) және Ернатпен (Қанат Тасхан) жолдары ажырап кеткен. Арада талай жыл өткенде Дархан ескі достарымен қайта бас қосу үшін оларға өте-мөте қызық ұсыныс айтады. Сөйтіп үш дос бала күнгі «гештальттарын жабуға» жолға шығады.

Өткен күннің VHS-елесі

Фильм ара-тұра кейіпкерлердің балалық шағынан флэшбектер көрсетіп отырады. Мектептегі төбелес, дискотекада Дархан ұнатқан қызды биге шақырып, оның алдын орап кеткен пысық бала, жапсырмаға толы томпақ теледидардан Мәдина Сәдуақасованың «Сүйген жүрек» әнін ұйып тыңдап отырған үш дос… 

Режиссер өткен күндерді бейнелегенде бәрімізге әбден таныс, таптаурын образдарды көреміз. Бірақ бұл сәттерде жылулық пен шынайылық бар. 

Мұндай эпизодтар фильмнің басқа бөлігінен өзгеше түсірілген. Қол камерасына жазылған, дірілдеп тұратын кадрлар, ұқыпсыз зум — балалық шағымыздағы видеоестеліктерден аумайды. Өткен күннің көріністері үзік-үзік шығып, ішің жылып қалады. Фильм зеріктіріп жібергенде залдан шығып кетпес үшін кезекті флэшбэкті күтіп отырасың. 

Өйткені естеліктер аяқталған сәтте-ақ бір апта бойы не істеп жүргенін өзі де білмейтін үш скуфтың делюзиялық хикаясы басталады. «14 күн» актерлері тым әсірелеп ойнайтын, әзілдерінен КВН-ның табы сезілетін, әр сюжеті өз алдына жеке скетчке ұқсайтын фильм болып шыққан. Өмір, өлім мен отбасы туралы толғанатын, қайшылығы көп мамблкор мен қарапайым комедия араласып жатқан қойыртпақ көріп шыққандай болдым. 

Жақсы әйел, жаман әйел

Үш кейіпкердің де отбасылық өмірде тәжірибесі бар. 

Кәсіпкер Дархан ажырасып кеткен. Бұрынғы әйелі (Гүлнәз Жоланова) фильмде небәрі екі рет бой көрсетеді. Бірінде ол күйеуінің кедей достарын банкетке кіргізбей қояды, екіншісінде Дарханмен жанжалдасып жатады. 

Авторлар бұдан кейін бұл әйелді экраннан алып тастайды, кейіпкерге қайта оралмайды. Дарханның әйелі «үлкен күнәға» барып, күйеуімен ажырасқанын ғана білеміз. Неге ажырасқаны да, оның кейінгі өмірі де беймәлім. Ол өз үнін естіртуге мүмкіндік берілмеген күйі, күйеуін тастап кеткен оңбаған қатын образында қалады.

Жұмыссыз Ернаттың әйеліне (Мақпал Исабекова) экран уақыты мен мінез көбірек бұйырған. Кадрға кірген бойда шайпау әйел күйеуін жерден алып, жерге салады. Дегенмен сөзіне құлақ түрсеңіз, өкпе-назының жөні бар. Ернат күні бойы достарымен қыдырып жүргенде, әйелі шағын хрущевкадағы үй шаруасын жалғыз өзі атқарады. Алғашқы кадрда-ақ оны пысық келіннің «униформасында» көреміз: халат киген, орамал таққан, қолына резеңке қолғап киген. Үйінде әйелінің сөзі жүргеніне достары Ернатты «сенің үйіңде бастық әйелің ғой» деп үнемі қағытып отырады. Бүкіл қара жұмысты бір өзі істейтін «бастық».

Ауылда тұратын Болат өзінен біраз жас, хас сұлу бойжеткенге (Сабина Мовлаева) үйленген. Өзінің айтуынша, қыз университетке түсе алмай қалған соң, оны Болатқа тұрмысқа берген. Авторлар бұдан әлдебір трагедия көрмейді. Кейіпкер келіншектің өзі де ауылда тұрып, алты баланы жеткізіп, таңнан қара кешке дейін үй шаруасымен жүргеніне әбден риза. Болат үйге келе сала әйеліне шөпті қораға тасы, малға қара деп бұйырады. Өзі кетерінде қамқор әке кейпінде алты баласын маңдайынан сүйіп шығады. Оның үй шаруасына қосқан үлесі осымен тәмам.

Ернат пен Болаттың отбасылары некенің екі түрлі моделін көрсетеді. Бірінде үйдің басшысы әйел саналса, екіншісінде соңғы сөзді ер адам айтады. Бірақ екі жағдайда да ақысыз үй шаруасының бәрі әйелдің мойнында. Өте ыңғайлы.

Ерлердің ертегісі

Енді үш достың жылдар бойы орындалмай жүрген армандарына көшейік. Тілектердің бәрі қарабайыр, логикасы түсініксіз абсурд деңгейде. Авторлар сюжетті әмбебап еткісі келген болар деп ұқтым. 

Бір қызығы, тізімдегі кейбір тілектер отандық Forever 29 сериалындағы армандарға қатты ұқсап кетсе, кейбірі олардың еркектерге бейімделген нұсқасындай көрінеді. Ол сериалда да үш құрбы бала кезде жазған тілектерін орындайтын.

Мысалы, екеуінде де кейіпкерлер парапланмен ұшып көрсек дейді, бала күнгі крашымен кездескісі келеді. Forever 29-дағы қыздарға крашы — Getto Dogs болса, мұнда — Мадина Сәдуақасова. Достар әншіні кастинг өтіп жатыр деп, алдап шақырады. «Репетиция» кезінде оған сүйкене билеп, қапсыра құшақтап, денесіне қол жүгіртіп, бір-бірінен қызғанады. Ең абсурды — мұның бәрін үйленген екі еркек жасайды, ажырасқан Дархан достарына тамсанып, бір шетте ыржиып тұрады.

Тізімдегі тағы бір тілек — Дарханның алғашқы махаббаты болған қызға сезімін айтуы. Жолда Ернат өзінің де кезінде оған ғашық болғанын айтып, ол да кезіндегі сезімімді білдіргем деп отырғанын мойындайды. 

Бір қарағанда, балалық шақтан қалған бір гештальтты жабатын сүйкімді көрінісі дерсіз. Бірақ есіктен толық әйелді көрген сәтте үшеуі ойынан айнып, оны арзан әзілдермен пассив-агрессив түрде мұқата бастайды. Сөйтіп фильмнің Forever 29 сериалымен тілектері ұқсас қана емес,  көрінеу фэтфобиясы да ортақ болып шықты.

Еркектерге арналған ертегі түсіргеннің әбестігі жоқ. Мұндағы мәселе — «14 күннің» әйелдерге тым көп көңіл бөліп, оларды үнемі жағымсыз қырынан көрсеткені. Әйтпесе арнайы осы фильм үшін арнайы алынған Bomfunk MC’s тобының «Freestyler» әні ойнап тұрған бұл хикая нағыз жазғы бэнгер болар еді. Тек үш сексист скуфқа эмпатия танытып, олармен бірге би алаңында көңіл көтерген қиын болатын сияқты.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Сначала чек-ап, потом тест: как готовиться к беременности
Ликбез
#общество
Сначала чек-ап, потом тест: как готовиться к беременности
«Фильм всегда был и будет результатом коллективной работы»: интервью с Алуа Абдикахар из LAIKA Studios
Бизнес
#люди
«Фильм всегда был и будет результатом коллективной работы»: интервью с Алуа Абдикахар из LAIKA Studios
«Кайрат» в Еврокубке! Оцениваем соперников главного клуба страны
Ликбез
«Кайрат» в Еврокубке! Оцениваем соперников главного клуба страны
В Казахстане выйдет новая комедия Джесси Айзенберга
Культура
#кино
В Казахстане выйдет новая комедия Джесси Айзенберга
Фетишизация неформалок: как соцсети уничтожают субкультуры
Культура
#интернет
Фетишизация неформалок: как соцсети уничтожают субкультуры