Қазақстандық музыкадағы саяси әндер

Музыка – жеке сезімдерден бөлек, орын алып жатырған әлеуметтік, саяси құбылыстарды деректейтін қоғам айнасы. Отандық музыкадағы саяси әндер туралы бүгінгі мақаламызда баяндаймыз.

jeltoksan., Steppe Sons

«Közimdi Aşam»

Қаңтар оқиғаларының барысында жазылған «Közimdi Aşam» халықтың ұзақ уақыт бойы көз жұмып келген мәселелері мен шындығына қалай көзінің ашқанын баяндайды.

Халық шыдамы шекке жетіп, «ақ құрттарға» толы биліктің бүкіл жасырғаны бетке шыққан сәтте хақтың ел жағында екенін шырқаған jeltoksan.-ның сөздері Steppe Sons-тың қыз ыл қан мен ашуды халық аспаптарының әуезімен жеткізген әуенімен әрленген.

Опиа

«Я умираю в Нур-Султане»

2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы мәртебесінде қалып, президенттік постынан кетті. Келесі күні Астана қаласының аты Нұр-Сұлтанға ауысты. 

Сол жылы Опиа дуэті елдегі өзекті тақырыпқа, иронияға толы «Я умираю в Нур-Султане» әнін шығарды. Мұнды пост-панкта топ ғаламторды бұғаттағанын қалап, жұмақта өмір сүріп жатқандығы мен 10 бала туып, барлығының атын Нұрсұлтан қоятындығы туралы шырқайды. 

Такежан

«Реквием»

Такежан 2000-жылдардың соңы біртүрлі, ебедейсіз «Казахская задорная» клипі арқылы өте танымал болды. Әртіс спецификалық перформанстар жасаудан басқа ештеңе білмейді деген тыңдармандарда ой қалыптасып қалды.

Бірақ 2012 жылдың басында Такежан алғашқылардың бірі болып, Жаңаөзен оқиғасы туралы «Реквием» клипін жарыққа шығарады. Ащы мәтін полиция қызметкері мұнайшыларды өлтіріп, олардың мәйттерің таптап жатқан анимациямен жеткізілді.

Мархаба Сәби

«Жүйе»

2019 жылы сайлау алдында Мархаба Сәби қазақтілді поп-сахнаның әртістерінің ішінен алғаш болып, елдегі жайт туралы ашық ойын әнмен жеткізді.

«Жүйе» жылдар бойы қалыптасқан қате, қисық жүйенің салдары туралы баяндап, ән мұқабасында жүйе адамның аузын жабып, қалай қирататыны бейнеленген. Бұлыңғырлық пен көк түтінге толы келешек пен жалғанға толы өткен 342 айдың алдын алу мақсатында әртіс қорықпай, өзгеру керек екенін шырқайды. 

Назарбаев Террор Машин

«Жаңаөзен»

НТМ Қазақстандағы саяси тақырыптарды қозғайтын саяси, активисттік панк-рок топ. Олар өздерін Жаңаөзендегі оқиғалардан кейін халықтың ашуынан туған топ деп атайды.

2015 жылы олардың «Жаңаөзен» атты үнтаспасы жарық көрді. Альбомда ессіз, қатты гитарлы риффтер мұнайшылардың құқығын қорғаған белсенділердің сөздерімен байланысқан ерекше музыкалық туындыларға толы болды.

dudeontheguitar

«Qashpa»

2019 жылдың сәуірінде «От правды не убежишь. Әділ сайлау үшін» плакаты үшін белсенділер 15 күнге қамауға алынды. Бұл жағдай келесі үш айда өткен саяси оқиғалардың бастамасы болды.

dudeontheguitar өзіндік акустикалық орындауында өзіне елдегі оқиғалар, бір уақытта өзгерген қоршаған орта, болашақ туралы сұрақ қойып, тыңдармандарға шындықтан қашпай, бетпе-бет кездесуге шақырады.

Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов

«Менің Қазақстаным» 

1956 жылы КСРО Солтүстік Қазақстанның бес өлкесін РКФСР территориясына қосып алғысы келген сәтте, Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов халықтың басын қосу, жарқын болашаққа деген үміт, патриоттық сезімді ояту мақсатында алғашқы әнұранды жазды. 

Алайда 50 жылдай уақыт бұл туынды әнұран ретінде естілмей, тек 2006 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа заманға сай өзгерістер еңгізуімен, бір кездері 20 жасар студенттердің елді бірлікке шақыру әні қайта жанданып, жаңадан шырқала бастады.

Сондай-ақ оқыңыз

Мамбл-рэп пен терме: қалай Kalifarniya халық әртісіне айналуда

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Краткий гайд по казахстанской литературе: тренды, сообщества и интернет
Ликбез
#общество
Краткий гайд по казахстанской литературе: тренды, сообщества и интернет
Почему мюзиклы важны и как они помогают видеть романтику в рутине
Культура
#кино
Почему мюзиклы важны и как они помогают видеть романтику в рутине
Gorilla Style Wars возвращается с ярким финалом и звёздными гостями
Город
#события
Gorilla Style Wars возвращается с ярким финалом и звёздными гостями
«Қызды ұлдан кем көрмеңдер!» «Айқап» әйелдер туралы не жазды?
Ликбез
«Қызды ұлдан кем көрмеңдер!» «Айқап» әйелдер туралы не жазды?
В Алматы прошёл мастер-класс по национальной кухне
Ликбез
#общество
В Алматы прошёл мастер-класс по национальной кухне