Ер кейпінде өмір сүретін қыздар жайлы…

Underground girls немесе «Жасырын қыздар» — Ильхом тәуелсіз театрының спектаклі 

Режиссері: Якуб Скрживанек

Рөлдерде: Наталья Ли, Клара Нафикова, Нигина Джаббарова, Зилола Пулатова, Элина Климова, Клавдия Безматерных

«Жасырын қыздар» Женни Нордбергтің «Кабулдың жасырын қыздары. Ер кейпінде өмір сүретін ауған қыздарының хикаясы» атты кітабы негізінде қойылған спектакль. Женни Нордберг осы тақырып жөнінде The New York Times, The New York Times Magazine, Newyorker.com, The Atlantic пен The Guardian басылымдарына арнап журналистік зерттеу жүргізген. Кітап осы еңбектер негізінде жазылған. Онда Ауғанстанда кеңінен тараған бача пош дәстүрі туралы баяндалады. 

Ауғанстанда 1979 жылдан бастап қазірге дейін азамат соғысы жүріп жатыр. Соның салдарынан 90-жылдары билікке келген тәліптер әйел құқығын шектеп тастады. Тәліптер оларды бас-аяқ оранып жүруге міндеттеді, білім алуға, жұмыс істеуге, тіпті ер адамсыз сыртқа шығуға тыйым салды. 

Ер адамсыз күнелту қиындап кеткенде бача пош дәстүрі етек жая бастады. Дәстүр бойынша, қандай да бір отбасында тек қыз туса, ата-анасы тұңғышын ұлша өсіреді. Қыз бала кәмелетке толғанша көптің көзінше өзін ұлша ұстап, ауыр жұмыс істейді.

«Жасырын қыздар» қойылымы үлкен дау туғызды. Өзбекстан билігі оның қойылуына кедергі жасап, премьерасын өткізбеуге де тырысты. Бірақ артынша Ташкентте көрермен назарына ұсынылып, соңы қызу талқыға ұласты. 

 

Спектакль Алматыда биыл 15 сәуірде қойылды. Туынды бача пош дәстүрімен өскен ауған қыздары жайлы ғана емес, тұтас әлемдегі әйелдердің орнын зерттейді. Қоғам әйелдің негізгі міндеті ұл туу деп есептейді. Қойылым кейіпкерлері жұрт жүктеген осы «миссия» үшін әйел бәріне әзір екенін көрсетеді. Қаншама әйел босанып жатып, өліп кететінін, қоғам бұл марқұмдардың бар-жоғын елемейтінін де жеткізеді. 

Қойылым қозғайтын тақырып көп. Көрермен актерлердің өзі де бастан кешкен абьюзді көреді. Мысалы, авторлар попмәдениеттің үлкен символы саналатын «Титаник» фильміндегі Роуз бен Кэлдің абьюзив қарым-қатынасына куә болады. Әйелдің тәуелсіз, көзі ашық, дарынды да ақылды болуы ұят саналады. Сөйтіп оның бойындағы бар қасиеттің мәні құриды. Себебі олар надан еркектің намысына тиеді.

Қойылымда ауған әйелдерінің революциядан кейінгі тағдыры бейнеленеді. Ұшақ қанатына отырып, елден қашқандардың сұхбатын тыңдаймыз, өзін мінсіз жар ретінде жарнамалағандарды көреміз, шығыс пен батыс әйелдерінің диалогіне куә боламыз. Ильхом театрының шығармашылық тобы мұны шынайы да шебер жеткізген.

Бұл спектакль тақырыбы, өкінішке қарай, біздің қоғамда да өзекті. Күйеуінің қолынан асқан қатыгездікпен қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ісін миллиондаған азамат бақылап отыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінде күн сайын жүздеген әйел күйеуінен зәбір көріп, кейбірі қаза табады. Әйелдер полицияға арызданғанымен, көп іс тергелмей, сотқа жетпей, қаншама агрессор бостандықта жүр. Ал тұрмыстағы зорлық құрбандарын қорғаумен айналысатын «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәріні Қазақстан билігі қудалап жатыр. 

«Жасырын қыздар» тәрізді кітаптар мен қойылымдар қозғайтын мәселелер жойылғанын қалаймын. «Әйел де адам» деген месседжі бар өнер туындылары өзектілігін жоғалтқан күн тезірек туса деймін. «Әйелді өлтіруге болмайды, біз ұл туатын инкубатор емеспіз, жатырмыздың қожайыны өзіміз болуымыз керек» деген қарапайым ойды әлі күнге дейін талқылап, қоғамға түсіндіріп жүргеніміз, шынын айтқанда, қажытып жібереді. Бірақ Ильхом тәуелсіз театры бұл ойды анық та айрықша жеткізе алған.

 

Фотограф: Дмитрий Поваляев

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
Город
#события
Идём на бесплатные кинопоказы от Alternativa Film Project в Алматы
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
Культура
#кино
«КЛИНОК, РАССЕКАЮЩИЙ ДЕМОНОВ»: спорный чертвёртый сезон с хорошим финалом
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
Культура
#кино
«Головоломка 2» стала самым кассовым анимационным фильмом в истории
STRAY KIDS ATE BUT STILL HUNGRY
Культура
#музыка
STRAY KIDS ATE BUT STILL HUNGRY
Саясаткерді келеке еткен Veep сериалы
Культура
#кино
Саясаткерді келеке еткен Veep сериалы