«Ашық теңізде»: Maqal Production ұсынған абсурд комедия

Режиссері: Лаура Мақан

Рөлдерде: Ольга Рубцова, Марк Куклин, Аружан Елеу, Александра Деваева

«Ашық теңізде» — абсурд комедия. Қойылым кемесі апатқа ұшырап, ұшы-қиыры жоқ теңізден бір-ақ шыққан үш кейіпкердің хикаясын баяндайды. Олар бірнеше апта бойы нәр татпай, әлі құри бастайды. Аштық азабы санасын сансыратқан үшеу ақыры арадағы бір адамды құрбандыққа шалып, азық етуді ұйғарады. Әрине, ешбірінің өлгісі жоқ. Құрбандыққа кім шалынуы керек деген талас абсурд комедияға ұласады. 

«Трансформа» театрында қойылған бұл спектальде кейіпкерлер толық ашылған жоқ. Көрермен олардың ауқатты отбасынан шыққанын ғана біледі. Оқиға желісінің өзі қызық болғанымен, абсурд комедияға тән әзіл байқаған жоқпын. Мұқият бақыласам да, өкінішке қарай, іліп алар ой көрмедім. Диалогтер іш пыстырады, ал актерлердің ойыны тым жасанды шықты. 

Тек сахнадағы декорацияларды, курьер мен көмекшінің рөлін сомдаған Аружан Елеудің шеберлігін қойылымның сәтті тұсы деуге болады. Сахнада теңіз бейнесін суға толы банкілермен көрсеткені ұнады. Ал Аружанның рөлдері елеусіз болғанымен, экспрессияға толы, табиғи әрі күлкілі шықты.  

Жаның мұрын ұшына келгенде неге дайынсың? Тірі қалу үшін адамдық моральдан, қоғамдық ережеден бас тартасың ба? Аштық азабы қысқанда өзіңдей адамға қорек деп қарай аласың ба? Қойылым кезінде кейіпкердің ешбірі өзіне осындай сауал қойған жоқ. Күрделі сұрақтарға жеңіл жауап беріп, қызық комедия шығаруға болар ма еді деп ойлаймын.

Дегенмен қойылым авторлары көрермен қолдауына лайық. Бұл жолы жұмыс шикілеу шыққанымен, актерлердің театрға деген махаббаты күшті екені көрініп тұр. Алда Maqal Production-нан таңқаларлық қойылымдар күтеміз. 

Фотолар:@iva.kim

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
В Казахстане прошёл Porsche Track Experience 2026
Город
#события
В Казахстане прошёл Porsche Track Experience 2026
Вышел дебютный тизер мультфильма «Тапқыр қыз»
Культура
#кино
Вышел дебютный тизер мультфильма «Тапқыр қыз»
«Эй, Арнольд!» может получить продолжение
Культура
#кино
«Эй, Арнольд!» может получить продолжение
В Казахстане могут сократить сроки обучения в вузах
Ликбез
#общество
В Казахстане могут сократить сроки обучения в вузах
Почему «Шоу „Группы Нирванна“» — идеальное инди-кино
Культура
#кино
Почему «Шоу „Группы Нирванна“» — идеальное инди-кино