ArtKöshe тәуелсіз театры aLqa фестивалін өткізбек

ArtKöshe тәуелсіз театры aLqa фестивалін өткізбек

4-8 желтоқсанда Алматыдағы ArtKöshe тәуелсіз театры aLqa лабораториясының қорытындысы ретінде 5 спектакльдің премьера-фестивалін өткізбек.

aLqa жобасы еліміз театр өнеріндегі құндылық және көркемдік ізденістер мәселесін нысанға ала отырып, театр мен академиялық орта эксперттерін тоғыстырып, демократия құндылықтарын және театр эстетикасындағы жаңа конвенцияны негіз еткен сапалы туындылар жасалуына ықпал етуді, сондай-ақ, шығармашылық тәуелсіздікті дәріптеуді мақсат етеді.

«ArtKöshe — тәуелсіз театр. Тәуелсіз ұғымын әр қырынан түсіндіруге болады. Өнер, шығармашылық пайда болғалы оның белгілі бір заңдылық-ережелері қалыптасып, шығармашылықты сол заңдылық-ережелер арқылы үйренеміз, жасаймыз, қабылдаймыз, бағалаймыз. Бүгінде сол заңдылық-ережелерді түсіндіретін, үйрететін небір кітаптар, курстар, академия, университеттер бар. Бір қарасаңыз бұл тамаша, бір қалыпқа түскен.

Бірақ өнер, шығармашылық ретінде адамның ойы бір қалыпқа сыймайды. Дүние қалай шексіз процесс болса, ол да сондай. Бұл тұрғыдан қарасақ заңдылық-ереже дегеніміз өнердің колонизациясы. Бүгінгі өнер теорияларының негізі қай тараптан тарағанын айтпаған күннің өзінде. ArtKöshe — тәуелсіз, яғни өз болмысын іздеген деколониал театр. aLqa сол жолға басқан қадам» дейді ArtKöshe тәуелсіз театрының жетекшісі және aLqa жобасының авторы, драматург әннәс Бағдат.

Жоба аясында драматургия, режиссура бойынша курстар өткізіліп, курсқа іріктелген 5 драматург пьеса жазып, 5 режиссер сол пьесалардан спектакль қояды.

Курсқа қатысушыларға белгілі зерттеуші-эксперттер Ғалым Жүсіпбек, Әсия Бағдәулетқызы, Шалқар Нұрсейіт, Оразай Қыдырбаев және Серік Бейсембаев адам құқықтары, деколониал, постколониал, кімдік (Identity) ұғымдары, өнер және саясат, гендер деколонизациясы, өнер және этика, қоғам және өнер қатарлы тақырыптар бойынша трениңдер жүргізді. Драматургия курсын ә. Бағдат, режиссура курсын белгілі актер, режиссер, театр педагогы Куба Адылов жүргізді.

Курс нәтижесінде қойылған 5 спектакльді арнайы қазылар бағалайды. Фестивальдің жабылу салтанатында үздік спектакль авторларына бас жүлде — Берлиндегі Theatertreffen 2025 фестиваліне жолдама табысталады.

aLqa фестивалі аясында өтетін премьералар реті төмендегідей:

04 желтоқсан — «404», драматург Димаш Зиядин, режиссер Лаура Мақан;

05 желтоқсан — «Qabyrğa qalqasynda», драматург Айнұр Төлеу, режиссер Заңғар Ахмет-Қазы;

06 желтоқсан — «Ünsız», драматург Айжарық Сұлтанқожа, режиссер Елдар Ташкенбай;

07 желтоқсан — «Eskertkış», драматург Мақсат Мәлік, режиссер Нұрлан Бақытжанұлы:

08 желтоқсан — «SÖZ», драматург Бэлла Қасымқызы, режиссер Саламат Өтешев.

Толығырақ ақпарат алу үшін +7 778 318 9256 нөміріне WhatsApp арқылы хабарласа аласыз. Мекенжай: Алматы қаласы, Марков көшесі, 44, 5-қабат.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Платформы, история интернета и ИИ: 7 нон-фикшн книг о медиа и технологиях 
Ликбез
Платформы, история интернета и ИИ: 7 нон-фикшн книг о медиа и технологиях 
Қазақ киносының «прайм эрасы» бітті ме? Нұржан Еркінұлымен сұхбат
Культура
#кино
Қазақ киносының «прайм эрасы» бітті ме? Нұржан Еркінұлымен сұхбат
Blue Origin. О персональной выставке Сауле Дюсенбиной
Город
#события
Blue Origin. О персональной выставке Сауле Дюсенбиной
Почему нас раздражают тексты, написанные ИИ
Бизнес
#технологии
Почему нас раздражают тексты, написанные ИИ
Фильм казахстанской режиссёрки Кристины Михайловой попал на Берлинале
Культура
#кино
Фильм казахстанской режиссёрки Кристины Михайловой попал на Берлинале