Алматыда ŞAM театры «CONFERENCE» спектаклін қояды

Алматыда ŞAM театры «CONFERENCE» спектаклін қояды

2024 жылдың 16, 17 қарашасында ŞAM театры «CONFERENCE»  спектаклінің кезекті көрсетілімін ұсынады. Көрермен назарына Самал Еслямова, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мажит, Зарина Кармен, Сағызбай Қарабалин, Ерлан Біләл және басқа да танымал өнер қайраткерлері қатысатын адамзаттың заманауи мәселелеріне түрлі көзқарастарды көтеретін философиялық мәндегі көркемдік дәрежесі жоғары, салмақты қойылымын ұсынбақ.

Спектакль не туралы?

Копенгаген төріндегі интеллектуалды қызу талқылауға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ойшылдар — шығыстанушы, теолог, саясаттанушы, журналист, ақын және басқалары адамзаттың мәніне қауіп төндірген әлемдік гуманитарлық мәселелерді көтереді. Зал адамзат шеккен азаптар үшін кім кінәлі деген қызу пікірталастармен толады. Шиеленіс арта түсіп, талқылау терең ішкі психологиялық тартысқа айналады. Спикерлер өз жандарын жалаңаштай отырып, жүректі тербейтін жеке оқиғаларымен де бөліседі. Спектакль жеке трагедиялардың ғаламдық сын-қатерлермен тоғысатын нүктесі ретінде көрерменді әлемдегі өз ролін айқындауға деген терең пайымға шақырады.

Өтетін орны:
Almaty Theatre
Басталу уақыты: 16, 17 қараша, 19:00

Билеттер сілтеме бойынша қолжетімді.

 

«ŞAM» театры

«ŞAM» театры — спектакльдері қазақ тілінде қойылатын еліміздегі тәуелсіз шығармашылық ұжым. Театрдың негізін қалаушылары — өнер қайраткерлері Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажит.

2022 жылдың күзінде қазақстандық алдыңғы қатарлы актерлердің қатысуымен өткен «№37» премьерасымен ŞAM театры тұсауын кескен еді. Бір жыл ішінде 20 мыңнан астам көрермен тамашалаған бұл спектакльдің көрсетілімі республикамыздың 15 қаласында аншлагпен өткен болатын.

Театрдың екінші маусымында, 2023 жылдың 24 қыркүйегінде Фархад Молдағали режиссерлігімен драматург Иван Вырыпаевтың «CONFERENCE» спектаклі сахналанды. Театрдың шығармашылық тобы ресейлік медиа-суретші Дмитрий Соболев, композитор Фати Бесолтимен толықты. Айта кетейік, бұл спектакль Театр Сыншылары Бірлестігінің «Сыншылар жүлдесі — 2023» таңдауында «Жыл жобасы» жүлдесін иеленді.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
«Материалистка»: любовь в ритме Селин Сон
Культура
#кино
«Материалистка»: любовь в ритме Селин Сон
Стартовали съёмки сериала «Под контролем» — первого проекта Кинопоиска в Казахстане
Культура
#кино
Стартовали съёмки сериала «Под контролем» — первого проекта Кинопоиска в Казахстане
Игрок из Казахстана сможет представить страну на мировом финале Red Bull Tetris® в Дубае
Город
#события
Игрок из Казахстана сможет представить страну на мировом финале Red Bull Tetris® в Дубае
«Шын бақыт дегенің — ешкімге тәуелді болмау». Ғалымжан Молданазар
Культура
#музыка
«Шын бақыт дегенің — ешкімге тәуелді болмау». Ғалымжан Молданазар
Казахстанский театр ARTиШОК сыграет Маяковского на фестивале Avignon Off
Культура
Казахстанский театр ARTиШОК сыграет Маяковского на фестивале Avignon Off