НЗМ оқушылары Альцгеймерді ерте анықтайтын жобасына патент алды

НЗМ оқушылары Альцгеймерді ерте анықтайтын жобасына патент алды

Әсіретәлі Қайратов, Нариман Тойлыбек және Әнел Иманқұлова жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін MemoryCare онлайн-платформасын әзірледі. Жобаның ғылыми жетекшісі — Айдана Бекботаева. 

Жоба авторларының айтуынша, платформаны жасауға өмірлік жағдай себеп болған. Топ мүшелерінің бірінің атасында ұмытшақтық белгілері ерте байқалғанымен, уақытылы тексерілмеген. Соның нәтижесінде ауру кеш анықталған. Осы жағдай оқушыларды ерте диагностикаға арналған қолжетімді цифрлық құрал жасауға ынталандырған.

Жоба Альцгеймер ауруын ерте кезеңде анықтауға және оның алдын алу шараларын ұсынуға бағытталған. Платформа МРТ-суреттерін талдау, когнитивтік тесттер жүргізу және жеке ұсынымдар беру арқылы жұмыс істейді. Жүйедегі алгоритмдер ауру сатысын жоғары дәлдікпен (90–98% дейін) анықтай алады. Сонымен қатар когнитивтік тесттер кәсіби нейропсихологпен бірлесе отырып дайындалған.

MemoryCare платформасының басты артықшылығы — оның толықтай онлайн әрі тегін, көпке қолжетімділігі. Бұл әсіресе елдегі медициналық қызметке қолжетімділігі шектеулі өңірлер үшін таптырмас мүмкіндік болып отыр.

Пайдаланушылар талдау нәтижелері негізінде жеке профилактикалық жоспар алады. Оларға есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар, ұйқы режимі, тамақтану және өмір салты бойынша кеңестер ұсынылады. Жоба қарт адамдарды қолдауға және денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

Патент (куәлік) 2026 жылғы 26 қаңтарда берілген, Қазақстанның зияткерлік меншік тіркеу органы тарапынан рәсімделген, С. Ахметов ЭЦҚ-мен қол қойған.

Жобаның жұмысымен MemoryCare платформасының ресми сайтында танысуға болады. Онлайн-платформа memorycare-6.onrender.com  мекенжайы бойынша қолжетімді.

Осындай-ақ оқыңыз:

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
9 лучших эпизодов «Рика и Морти»
Культура
#кино
9 лучших эпизодов «Рика и Морти»
«Пошлая Молли» даст концерты в Центральной Азии
Город
#события
«Пошлая Молли» даст концерты в Центральной Азии
Дела о сексуализированном насилии будут передавать следовательницам
Ликбез
#общество
Дела о сексуализированном насилии будут передавать следовательницам
В Астане покажут док о воспитанниках казахстанского детского дома
Город
#события
В Астане покажут док о воспитанниках казахстанского детского дома
Apple представила iOS 27 с расширенными возможностями ИИ
Бизнес
#технологии
Apple представила iOS 27 с расширенными возможностями ИИ