Mary Kay мен әйелдердің өзара жанашырлығына жаңа көзқарас 

Mary Kay Beauty Is More Beautiful Shared™ («Сұлулықты бөліскен сайын ол көркейе түседі™») атты жаңа науқанын бастады. Бұл жолы бренд сұлулық туралы жарнамаға басқаша қарауды ұсынады. Науқан өзіңді өзгеден артық көрсетуге емес, айналаңдағы адамдарға көңіл бөліп, сұлулық туралы білгеніңді олармен бөлісуге үндейді.

Науқанның идеясы — сұлулық косметика мен өзіңе күтім жасаумен ғана шектелмейді деген ой. Ол білгенің мен тәжірибеңді бөлісуге, бір-біріңе қолдау көрсетуге де мүмкіндік береді. Әлеуметтік желіде мінсіз образдар көбейіп, адамдар қол жетпейтіндей көрінетін сұлулық өлшемдеріне ұмтылып жүрген шақта Mary Kay әр адамның ерекшелігін және жақындар арасындағы байланысты бағалауға үндейді. Мәселен, әпкеңізден алған алғашқы ерін далабын, әжеңіздің алма бәлішіндей тәтті иісі бар әтірін не анаңыздың ваниль аңқыған опасын еске түсіріңізші.

Жаңа науқанда «Ерін далабыңды бөліс. Сенім сыйла», «Қашан да қолдау көрсететін жан бол» және «Сұлулықтың ең үлкен құпиясы қандай дейсіз ғой? Оны ешкімнен жасырмау» деген ұрандар қолданылады.

Анамыздың косметикасынан өз күтімімізге дейін

Науқанның негізгі бейнеролигін доминикан-америкалық режиссер Оливия де Кампс түсірді. Ол танымал It girls өкілдерімен жиі жұмыс істейді. Оның белгілі жұмыстарының арасында Lisa мен Tyla-ның «WHEN I’M WITH YOU» және MARINA-ның «CUNTISSIMO» клиптері бар.

Жаңа бейнеролик көп адамға таныс балалық шақ көріністерінен басталады. Кішкентай қыз анасының айна алдында қалай сәнденетінін қызыға бақылап, оның косметикасын жасырын жағып көреді, аяқ киімін киіп көреді. Жылдар өте қыз бой жетеді. Енді ол сұлулық туралы білгенін анасымен, құрбыларымен және басқа да жақын әйелдермен бөліседі. Осылайша косметикамен алғаш танысу туралы оқиға ұрпақтар арасындағы байланыс туралы хикаяға ұласады.

Mary Kay жаңа науқанында ностальгияға да көп мән береді. Оның себебі түсінікті: 1963 жылы құрылған бренд әйелдердің бірнеше буынына жақсы таныс. Fashionista басылымына берген сұхбатында компанияның бренд және ғылыми әзірлемелер жөніндегі директоры Люси Гилдеа Mary Kay-дің аналарымыз бен әжелеріміз қолданған косметиканы еске салуын жағымсыз нәрсе деп санамайтынын айтты. Керісінше, оның пікірінше, жас буын сол кездегі әйелдердің өз заманынан қаншалық озық болғанын жете түсінбеуі мүмкін.

«Girl boss» бейнесі көпшілік мәдениетке енбей тұрып-ақ, компанияның негізін қалаған Мэри Кей Эш әйелдердің дербестігіне, кәсіпкерлігіне және бір-бірін қолдауына сүйенетін бизнес құра бастаған еді.

Техастағы шағын компаниядан әлемдік брендке дейін

Mary Kay тарихы 1963 жылы Далласта басталды. Ол кезде Мэри Кей Эштің тікелей сату саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар еді. Осы уақыт ішінде ол жұмыстағы әділетсіздікті талай көрді. Мәселен, өзінен тәжірибесі аз ер адамдарға мансапта көбірек мүмкіндік берілгеніне куә болды.

Мэри Кей Эш мұндай жағдайға көнгісі келмей, өз компаниясын құруға шешім қабылдады. Бастапқыда ол жинаған тәжірибесін бөлісіп, өзі армандаған бизнестің қандай болуы керегін жазбақ болған. Бірақ жазбалары бірте-бірте әйелдер ақша тауып қана қоймай, дамып, еңбегі бағаланып, бір-біріне қолдау көрсете алатын компанияның бизнес-жоспарына айналды. 1963 жылы 13 қыркүйекте Mary Kay тоғыз тәуелсіз сұлулық кеңесшісімен жұмысын бастады. Қазір бренд әлемнің 40-тан астам елінде бар, ал оның ассортиментінде 800-ден астам өнім ұсынылған.

Қазақстанда Mary Kay 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Компанияның бас кеңсесі мен қоймасы Алматыда орналасқан. Өнімдер осы жерден елдің түкпір-түкпіріндегі сұлулық кеңесшілеріне жеткізіледі. Қазақстан нарығында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеген брендтің айналасында әйелдер қауымдастығы қалыптасты. Олар үшін косметика күнделікті күтім құралы ғана емес, жеке дамуға мүмкіндік беретін істің де бір бөлігіне айналған.

Компания негізін қалаушы алпысыншы жылдары қалыптастырған қағидалар Mary Kay үшін әлі де маңызды. Соның бірі — «Алтын ереже»: өзгелердің өзіңе қалай қарағанын қаласаң, сен де оларға солай қара. Тағы бірі — «Менің маңызды екенімді сездір» қағидасы. Яғни айналаңдағы адамның жетістігін байқап, әркімнің еңбегі мен орнын бағалау.

Бұл ұстанымның бір көрінісі — компания жыл сайын өткізетін Ұлттық семинар. Оның бағдарламасында үш нәрсеге мән беріледі: еңбекті бағалау, білім беру және шабыттандыру. Қатысушылар жетістіктері үшін марапат алып, өзі сияқты кәсіби жолдан өткен әйелдердің әңгімесін тыңдайды. Осылайша бір әйелдің жетістігі екіншісіне үлгі болып, шабыт береді. Beauty Is More Beautiful Shared™ науқаны да осы идеяны жалғастырады.

Нью-Йорктен Алматыға дейін

Науқан аясындағы алғашқы ірі шаралардың бірі Нью-Йорк сән апталығында өтті. Қаланың Meatpacking District ауданында Mary Kay айна мен косметика қойылған үлкен үстел орнатты. Бренд өтіп бара жатқан адамдарды өнімдермен танысып, косметиканы бірге қолданып көруге шақырды. Сонымен қатар Mary Kay гендерлік зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмектесетін Womankind коммерциялық емес ұйымымен бірге арнайы орын ашты. Мұнда келушілер зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге қолдау білдіріп, хат жаза алды.

Бразилияда Mary Kay бұдан да ауқымды шара ұйымдастырды. Сан-Паулуда екі күндік Beauty Land өтті. Қаладағы Villa-Lobos саябағы косметиканы қолданып көруге, жаңа өнімдермен танысуға және бірге демалуға арналған орынға айналды. Науқан аясында елдің алты қаласында ірі жарнама науқаны жүргізіліп, Roda Rico шолу дөңгелегі арнайы жарықпен безендірілді. Ал жарнамалық бейнеролик Netflix платформасында көрсетілді.

Қытайда Beauty Is More Beautiful Shared™ науқаны Шанхайдағы Pink Car Market шарасында таныстырылды. Қызғылт түсті 16 көлік ерекше бьюти-кеңістіктің бір бөлігіне айналды. Келушілер мұнда өзіне ұнайтын ерін далабының түсін таңдап, косметиканы қолданып көрді және дене күтімі мен көңіл күйге арналған шағын рәсімдерге қатысты. Кейін науқан Қытайдың он қаласында ашылған Mary Kay Coffee уақытша кофеханаларында жалғасты. Мұнда адамдар кофе ішіп қана қоймай, брендтің косметикасымен де танысты.

Қазақстанда Beauty Is More Beautiful Shared™ науқаны Mary Kay мен Marie Claire KZ ұйымдастырған бранчта таныстырылды. Шарада ностальгия, тері күтіміндегі қазіргі трендтер, шектеулі сериямен шыққан жаңа K-Beauty топтамасы және әйелдердің бір-біріне жанашыр болуының маңызы сөз болды.

Beauty Is Not a Solo Act — сұлулық жалғыздың ісі емес.

Бүгінде Қазақстанда Mary Kay косметикасымен бала кезінен таныс қыздардың тұтас бір буыны өсіп жетілді. Олардың кейбірі ерін далабын алғаш рет анасының косметика сөмкесінен алып не құрбысынан сұрап, Mary Kay өнімін қолданып көрген болуы мүмкін.

Мұны бранч қонақтарының естеліктері де көрсетті. Балалық шағын еске түсіретін косметика туралы сұраққа біреулер «домалақ түйіршікті опаны» және «қызыл ерін далабын» атаса, енді бірі «анамның Mary Kay ерін далабын ұрлап алғым келетін» деп жауап берді. Кейбірі үшін брендпен танысу отбасылық дәстүрге айналған: «Mary Kay! Анам осы брендтің косметикасына жиі тапсырыс беретін, кейін оны маған сыйлайтын. Қатты ұнайтын».

Қонақтар косметиканы алғаш қолданғанда жіберген күлкілі қателерін де еске алды. Бірі әпкесінің консилерін ерін далабының орнына жаққанын айтса, енді бірі терісінің түсін қоюлату үшін опаны сумен араластырған екен. Ал кейбірі қасын шамадан тыс жұлып, тым жіңішкертіп алғанын әлі ұмытпаған. Осындай қызық естеліктердің бәрін бір нәрсе біріктіреді: сұлулық туралы алғашқы түсінігіміз өздігінен қалыптасқан жоқ.

Mary Kay брендінің жаңа науқанындағы ең қызық тұс — сұлулық индустриясында қалыптасқан түсінікке басқаша қарауға талпынысы. Бренд жеке естеліктер арқылы сұлулықтың мәні мінсіз болуға ұмтылуда емес, өз болмысыңды сақтап, жаңа нәрселерді байқап көруде және әйелдердің өзара жанашыр болуында екенін айтады.

Фото: Courtesy of Mary Kay

#серіктестік

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Британские университеты и школы могут появиться в Алатау
Ликбез
#общество
Британские университеты и школы могут появиться в Алатау
В ARTиШОК откроется выставка арт-группы «Зелёный треугольник»
Город
#события
В ARTиШОК откроется выставка арт-группы «Зелёный треугольник»
Канье Уэст представит новую коллекцию Yeezy впервые за четыре года
Стиль
#мода
Канье Уэст представит новую коллекцию Yeezy впервые за четыре года
В Астане начнут строить второй аэропорт
Город
#урбанистика
В Астане начнут строить второй аэропорт
My Chemical Romance запишут новый альбом в 2027 году
Культура
#музыка
My Chemical Romance запишут новый альбом в 2027 году