Қазақстанда стритфудтың интерактив картасы пайда болды

Қазақстанда стритфудтың интерактив картасы пайда болды

Карта қай қалада қандай тағам танымал екенін және оны қай жерде алуға болатынын көрсетеді. Әр нүкте Яндекс Картадағы нақты орындармен байланыстырылған.

Әр қаланың өзіне тән, жұрт сүйіп жейтін көше тағамы бар. Мысалы, Алматы десе — лағманханалар, Астана десе — бургер мен қуырылған тауық дүңгіршектері ойға оралады. Шымкентте «Наполеон» кәуабы танымал болса, Қостанайдың әр қадамында наубайхана кездеседі, әсіресе жергілікті беляшидің орны бөлек. Таңсық нәрсе жеп көргеннен тартынып жүретін кісі болсаңыз да, Ақтауға жол түскенде фишбармақтың дәмін татпай кетпессіз. Өскемен өзінің шауырмасымен танымал: кей жерлерде оның 20-ға жуық түрі сатылады. Елдің батысындағы Ақтөбе жұрты 101-атқыштар бригадасы көшесіндегі 500 теңгелік донерді әлі күнге дейін сағынып  еске алады. Десе де бүгінде Әбілқайыр хан даңғылын «дөнерлер көшесі» деуге болады. Ал Қарағанды облысында 11,5 мыңнан астам корей диаспорасы тұратындықтан болар, мұнда рамен ең сүйікті тез дайындалатын тағамның біріне айналған.

Қазақстанның гастрономиялық картасы жергілікті жұрттың тұрмысы мен қаланың төл тарихы негізінде қалыптасады. Кинопоиск дәл осындай тартылыс күші бар орындарды karta-streetxana.kz арнайы жобасы аясында жинақтап шықты. Карта қай қалада қандай ас мәзірі танымал екенін көрсетіп қана қоймай, Яндекс Картадағы нақты мекенжайларды белгілеп береді. Осылайша бұл жоба бүкіл ел бойынша көше тағамдарының жолнұсқауына айналып отыр.

Арнайы жоба жаңа «STREETХАНА» сериалының шығуына орай іске қосылды.

Сегіз бөлімнен тұратын туынды шеф-аспаз болуды армандап, Алматыға аттанған 20 жастағы Теңіздің хикаясын баяндайды. Ол аспаздар байқауында сәтсіздікке ұшыраса да, алған бетінен қайтпай, бәрін басынан бастайды: жас жігіт көше тағамдарын әзірлеп, тіпті кәуап пен бауырсақтың қоспасынан «шаурсақ» атты жаңа рецепт ойлап табады. Осы жолда Теңіз достар тауып, махаббатын жолықтырады. Маман ретінде өзіндік қолтаңбасын да қалыптастырады. Оның таланты бірте-бірте қалаға танылып, бір кездері қол жетпестей көрінген тұлғалармен табыстырады. Бұл — ас махаббат пен татулық тіліне айналатын, арман мен атаққа бастар жол туралы «жып-жылы» хикая. Кинопоиск-тен көріңіздер!

 

#серіктестік

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
В Казахстане начался конкурс «Добрые рисунки» в помощь бездомным животным
Ликбез
#общество
В Казахстане начался конкурс «Добрые рисунки» в помощь бездомным животным
«Орион» завершил облёт Луны и возвращается на Землю
Бизнес
#технологии
«Орион» завершил облёт Луны и возвращается на Землю
В Казахстане появилась интерактивная карта стритфуда
Бизнес
#технологии
В Казахстане появилась интерактивная карта стритфуда
Долгий путь домой: про новый альбом Канье — «Bully» 
Культура
#музыка
Долгий путь домой: про новый альбом Канье — «Bully» 
Казахстан примет участие на книжной выставке в Болонье
Ликбез
#общество
Казахстан примет участие на книжной выставке в Болонье