DARK ALPHA тобынан кетті. Оған не себеп болды?

DARK ALPHA тобынан кетті. Оған не себеп болды?

q-pop жанрының танымал өкілі — Alpha тобы 13 маусымда тосын мәлімдеме жасады. Топтағы DARK құрамнан кетті. Ресми мәлімдемеде мұның себебі айтылмағанымен, L&P оның астарын жақсы біледі. DARK-тың бұрынғы сүйіктісі Дана әнші өзіне зәбір көрсеткенін айтқан соң әртіс хейттің астында қалған.

Фото: @alpha.officialpage

13 маусымда Alpha тобы Instagram-дағы ресми парақшасында «ұзақ әрі байыпты талқылаудан кейін екі тараптың ортақ шешімімен» Дарын Амангелдімен (DARK) жұмысты тоқтатқанын хабарлады.

«Бұл — біз үшін де күтпеген әрі эмоционалды тұрғыдан ауыр кезең болды. Дегенмен біз жағдайды сабырмен қабылдап, әр тарапқа түсіністікпен қарауға тырыстық. Шешім барлық тараптың пікірін, жағдайын және алдағы жоспарларын ескере отырып қабылданды» деп жазылған мәлімдемеде. 

DARK-тың топтан не себепті кеткені ресми мәлімдемеде айтылмаған. Бірақ топ фанаттары оның астарын жақсы біледі.

Әншінің бұрынғы сүйіктісі — Дана есімді бойжеткен Дарын өзіне физикалық және психологиялық зәбір көрсеткенін айтқан. «Оған қоса Дарын кәмелет жасына толмаған басқа қыздарға да қырындап хат жазып жүрген» дейді ол. 

«Дарын маған 2022 жылы күзде, жасым 16-да кезде жаза бастады. Сол кезден-ақ жалаңаш кеудесін суретке түсіріп жібере беретін» деп жазды Дана. 

Фото: t.me/danazend

Дана Telegram-арнасына жазған мәтіннен бірнеше үзінді келтірейік. Орфографиясы сақталғанын ескертеміз. 

«…Менің телефонымды алып қойды кете алмасым үшін.Мен телефонсызақ қашып кетіп жаттым,ол артымнан ұстап алып жатты.Бәрі айхай шуға үлесіп кетті.Менде истерика болып,дірілдеп тұрдым.Қалай одан қашып кетуді білмей,звондай алмайтынымды біліп,қасымызда адам жүрмейтін жер екенін біліп жәй жерге қарап отыра салдым,оған түрімді көрсетпей,жылап тұрдым».

«…Ойлап қалдым осынша настойчивый болса,значит қатты жақсы көреді,шанс берейін дедім.Бірақ осы темадан ұрыс шыға берді,ол уже мені жұлқылап,ауызымды күшпен жауып бастады.Қатты кешірім сұрайтын өзіне келгенде,не істеп қойдым 😳деп.Бірақ сондай заттар қайталана берді,жұлқылап тұрғаны,қолымды қызартқанға дейін ұстап алатыны,аузымды күшпен жауып тұрғаны,телефонымды тартып алатыны,қолымнан,қалтамнан жұлып алатыны ешкімге звондамасын деп».

«…Менімен бұрыңғы қызы связьға шықты.Мағанда қысым жасайтын,бір кезде ревностьтан жаңбыр жауып тұрған кезде,мені жатқызып шашымнан сүйреген деп,бір кісі келгенде оғанда сылтау айтып,ол кісі кетіп қалғанын айтып берді. Барлық қыздарды қорқытып қойғанын,адрестерын білгенсоң,ол сумасшедший екенін білгенсоң,енді жібергендерін,травмадан жазылғансон олар бұл істе атымыз айтылмасыншы деп сұрады».

Фанаттар абдырап қалды. DARK-ты сынға алғандар да, оны жақтағандар да көп болды. 

Көп ұзамай DARK кешірім сұраған видео жариялады. Дана осыдан соң өзінің және басқа қыздардың Дарынның кешірімін қабыл алғанын жазды.

Дарын Амангелді 2002 жылы туған. Alpha тобында ол әндердің рэп бөліктерін орындайтын.

«DARK — топтың қалыптасуындағы ерекше кезеңнің маңызды бөлігі болды. Ол топтың алғашқы қадамдарынан бастап, тыңдарман жүрегіне жол тартқан сәттерге дейін бірге жүріп, көптеген есте қалар сәттердің куәсі болды. 

Біз оған осы уақытқа дейін қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз және шығармашылық жолында сәттілік тілейміз» деп жазды Alpha.

Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
Читайте также
«Дарақы фильмдердің авторлары ойланатын кез келді». Дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев
Культура
#кино
«Дарақы фильмдердің авторлары ойланатын кез келді». Дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев
Церемония «Грэмми» 2026 объявила новые категории и дату проведения
Культура
#музыка
Церемония «Грэмми» 2026 объявила новые категории и дату проведения
«Материалистка»: любовь в ритме Селин Сон
Культура
#кино
«Материалистка»: любовь в ритме Селин Сон
Молодой казахстанец стал моделью IMG Models после вирусного ролика
Стиль
#мода
Молодой казахстанец стал моделью IMG Models после вирусного ролика
Стартовали съёмки сериала «Под контролем» — первого проекта Кинопоиска в Казахстане
Культура
#кино
Стартовали съёмки сериала «Под контролем» — первого проекта Кинопоиска в Казахстане